«Ахмет. Ұлт ұстазы». Телехикая. 6-бөлім (субтитрмен)

  Рет қаралды 220,041

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Күн бұрын

Қазақстан - qazaqstan.tv/
Facebook - / qazaqstantv
VK - qazaqst...
Twitter - / qazaqstantv
Instagram - / qazaqstantv
Telegram - t.me/qazaqstantv
Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз:
AppStore - apps.apple.com...
Google Play - play.google.co...
Арнаның ең танымал жобалары:
-Қазақстанның ең үздік әзіл-сықақ шоуы - «Әзіл әлемі»
• Жаңажылдық бағдарлама ...
Kóńİldİ Tapqyrlar Alańy
• Айнұр Тұрсынбаеваға ер...
Танымал отбасылық сериал - «Жаңа қоныс» - • Жаңа Қоныс

Пікірлер
@batyrsultanuly
@batyrsultanuly 3 жыл бұрын
Бұл хикаяны жүрген жерімде көріңдер деп айтып жүремін ин ша Аллаһ. Осы менің бұл еңбектеріңе қосқан тамшыдай үлесім болсын. Әзірге қолдан келері осы. Арыстарымыз жаны пейіште болсын!
@assasinff7372
@assasinff7372 3 жыл бұрын
Менде Аитып журем каида болсам да
@ГульнарТ-х4п
@ГульнарТ-х4п 3 жыл бұрын
Мен де айтып отырамын .Керемет түсірілім. Қандай ұлы Азаматтар... Алашорда... Қандай еңбек - қазақ тіліне жасаған ҰЛЫ ҰСТАЗ!!!
@ЕсенкельдыТуяков-ж6ц
@ЕсенкельдыТуяков-ж6ц 3 жыл бұрын
Дұрыс, елге таратып айту керек
@Кіші100
@Кіші100 2 жыл бұрын
Әмин!!
@МуратбекКенесхан
@МуратбекКенесхан 2 жыл бұрын
Көздің жасы парлап жүрегіміз тілім -тілім болды кино оқиға желісін толық мағаналы көрсеткен екен рахмет Қайран Алаштың Азаматтары-ай. Елі -жері ,халқы үшін күресіп өткен тұлғаларға мың тағзым жандары жаннатта болғай Орыстың осынша зұлым саясаты болмағанда осы күнде қандай керемет ел болушы едік пе Қазақты аштықтан қырды атты зиялыларды тұқым туяғына дейін жойып жіберді бас көтертпей азаппен өлтірді сондада орысты жақтап мақтап отырғанымыз ....
@АлтынгульДжайтуганова
@АлтынгульДжайтуганова 3 жыл бұрын
Саңғытовтың дұрыс жолды таңдағанына өте қуаныштымын. Атамыздың бір ауыз "Балам" деген жылы сөзі оған қандай əсер етті?! Қандай жағдай болмасын, кімге болмасын жылы сөздерімізді аямайық. Бір адамның тура жолға түскені, бүкіл ұрпағының тура жолда болуына əсер етеді. Аянбайық. Білімімізді арттырайық, пайдалы болайық!
@Саумал.Биесүті.Қымыз.Кумыс
@Саумал.Биесүті.Қымыз.Кумыс 6 ай бұрын
Тарихта Саңғытовтың өзі , ұрпағы жайлы ақпарат жоқ па екен?
@Саумал.Биесүті.Қымыз.Кумыс
@Саумал.Биесүті.Қымыз.Кумыс 6 ай бұрын
Тарихта Саңғытовтың өзі , ұрпағы жайлы ақпарат жоқ па екен?
@zanylsyn-rakymkan
@zanylsyn-rakymkan 3 жыл бұрын
"Жоқ, өлген жоқ олар "😭😭😭 Дүниеде не өлмейді? " Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді! "жандарың жәннатта болсын! Өздеріңдей ұлтын сүйген азаматтарды мәңгілік өмірде жәннат бағында күтіңдер! 🤲🏻🤲🏻🤲🏻😭😭😭😭😭😭
@ganieraliev6565
@ganieraliev6565 2 жыл бұрын
Әумин 🤲
@НуралиЗкрия
@НуралиЗкрия 2 жыл бұрын
Әумин🤲
@ЛаураТулендибаева-е4м
@ЛаураТулендибаева-е4м 2 жыл бұрын
Әумин
@ulbolsyn40
@ulbolsyn40 2 жыл бұрын
Әуминн🤲🏻🤲🏻🤲🏻
@АйнурНурханова-ш6ы
@АйнурНурханова-ш6ы Жыл бұрын
Дурыс айтасыз, манги олмейди
@madiagybayev1705
@madiagybayev1705 2 жыл бұрын
Айналайын ағатайлар, Алладан рақым тіледім сіздерге. Ұлт мүддесі деп көрмеген қорлықтарыңыз болмаған екен. Ал ендігі кезекте ел мүддесін қорғап, халыққа қызмет ету біздің мойнымыздағы міндет!
@danas2849
@danas2849 2 жыл бұрын
Кеше Оян, қазақты! көріп біраз ой салды, осылай жүргенімізге ата-бабаларымызға мың алғыс!!! Бүгін үзбей Ахмет атамызға арналған киноны көріп одан сайын толқып отырмын, тарихымызды ұмыттырмай осындай кино түсірген ұжымға мың алғыс👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻 сәтті шықты деп осыны айт
@БатыржанБайтаков-ч2и
@БатыржанБайтаков-ч2и Жыл бұрын
@aialhoja9115
@aialhoja9115 Жыл бұрын
Дұрыс айтасыз,Оян қазақты көріп,Ахмет атамыздың осы киносын көріп қатты қынжылдым ,недеген сатқындық,жауыздық болған сол кезде -ақ,өзіміздің қазақтар сатып отырған екен ғой.Алдында Қызыл жебе кітабын оқып бір еңіреп жылаған едім ,ол жерде де тым аянышты,Тұрар Рысқұлов атамыз жайлы.
@asqazan
@asqazan Жыл бұрын
Менде де осы жағдай 😢
@123zxcvbnm45
@123zxcvbnm45 Жыл бұрын
Өте РУХТЫ телехикая болды, Үлкен рахмет! Өз тілімізді ұмытпайық, Бабаларымыздың жаны жаннатта болсын!Не деген мықты, рухты, намысты болған біздің бабаларымыз!
@ailanaserik2890
@ailanaserik2890 2 жыл бұрын
Ахаңдай азаматы болған қандай бақытты ел едік. Елім деп шырылдаған жандардың жаны жаннатта болсын.🥺
@МайраМухтар
@МайраМухтар 3 жыл бұрын
Осы фильмнен кейін мен тек қазақша сөйлеп тек қазақша жазуға өз өзіме сөз бердім. Қазақ тілін біз үшін қорғап кеткен екен ғой аталарымыз . Өмірде көрген қызығы жоқ,тек қазағым деп өткен екен ғой 😭😭😭
@user-pj3sk5md1q
@user-pj3sk5md1q 2 жыл бұрын
Бұл тек бер жағы ғой түсірілген, шынына келсек оңбағандардың істемегені жоқ
@СуйеуовСаламат
@СуйеуовСаламат 2 жыл бұрын
Көзімізді ашық, көкірегімізді ояу қалыпта сақтаған Аллаға шүкір. Сіздей түсінігі мол, текті апа-қарындастар барда АРЫСТАРЫМЫЗДЫҢ ізі жалғасын табатынына үмітіміз зор!. Себебі "алып - анадан туады" емес пе
@ЖиенғазыБоканов
@ЖиенғазыБоканов 2 жыл бұрын
Жарайсыз. Менде солай шешкенмін бір екі жыл бұрын. Орыстарға қазақша сөйлесем түсінеді, түсінбегені кетеді түсінбей
@АяулымБулатова
@АяулымБулатова 2 жыл бұрын
Тарихты оқып қана емес көріп көз жеткізген қандай тамаша. Фильм супер
@АаааПппп-к4е
@АаааПппп-к4е Жыл бұрын
Ия, шын тарих осылай жәйләп ашыла берер
@ДинаСариева-щ3р
@ДинаСариева-щ3р 3 жыл бұрын
Жандары жаннатта болсын. Осы телехикаяны түсіру арқылы олардың рухын тірілттіңіздер. Алла риза болсын. Оқыған бір бөлек, көзбен көрген мүлде бөлек. Тағы да осындай құтты қадамдар бола берсін.
@NNN-ck4pn
@NNN-ck4pn 3 жыл бұрын
Қайдағы бір болмайтын Жездуха сияқты сериалдар млн просмотр жинайды🤦‍♂️ осындай киноларды жастар неге көрмейді. Барлық мектептерде міндетті түрде көрсету керек.
@СандибекСембиев
@СандибекСембиев 2 жыл бұрын
Ия. 👍
@nikoniko8337
@nikoniko8337 2 жыл бұрын
Сауатты адамга бундай критика жараспайды Жездухамен салыстыратын кино емес бул кино кози ашык кокиреги ояу азаматтар кореди жездуханы жаппай кореди
@bakhtiyardusenov8172
@bakhtiyardusenov8172 2 жыл бұрын
Келісемін, оны мектептердің,университеттердің оқушыларына министерство арқылы көрсеттіру керек міндетті түрде
@kausarlife3644
@kausarlife3644 2 жыл бұрын
Дұрыс айтасыз
@aiym12
@aiym12 2 жыл бұрын
Жасым 16 да, осыны көріп ерекше бір әсерге ие болдым. Қуаныштымын осындай киносериалдардың түсіріліп жатқанына.
@АрайлымНуртаза-ъ5щ
@АрайлымНуртаза-ъ5щ 3 жыл бұрын
Фильмді түсіргендерге рахмет,не деген дана кісі болған Ахмет Байтұрсынұлы,қандай бақытты ұрпақпыз осы кісілердің арқасы екен ғой барлығы
@АйданаДастан-м9ч
@АйданаДастан-м9ч 3 жыл бұрын
Қазіргінің жастарына қарап ішім ашыйды😭осындай қан мен термен келген бостандығымызды, ана тілімізді қадірлемейді. Осындай дүниелерді көп көріп, насихаттап жүрейікші ағайын🙏
@riuayat1838
@riuayat1838 3 жыл бұрын
Басты рөлде ойнаған Байғали Есеналиев ағамыз қалай сәтті, әдемі таңдалған мына сериалға, керемет рахмет
@БанураБалкибекова
@БанураБалкибекова 3 жыл бұрын
Бұл хикаяны. көрген сайын жылаймын. Қандай Ұлы тұлғаларымызды халық жауы деп өлтірген. Олар халық жауы емес.... Ахмет Байтұрсынұлы Қазақтың шамшырағы, көсемі. Жандарыңыз Жаннатта болсын, барлық қазақтың қорғаны!
@НуржанГаниматов-п9р
@НуржанГаниматов-п9р Жыл бұрын
Әмиин😢
@АсельАдамбекова-ш2м
@АсельАдамбекова-ш2м 3 жыл бұрын
Алаштың ардақтысы, ұлт ұстазы болған Ахаңның өмірі жайлы керемет, тарихи туындының осыншама аз қаралым жинағаны өте өкінішті, халыққа арзан дүние қызығырақ!!!
@ҚАЗАҚШААУДИОКІТАПТАР-л9м
@ҚАЗАҚШААУДИОКІТАПТАР-л9м 3 жыл бұрын
Ең өкініштісі ол солар үшін өмірін берді ғой. Мына біздер білімді болсын деп, өз ұлтын тарихын, тілін білетін жұрт болуымыз үшін бұның барлығын жазған. Келер ұрпаққа жетсін деп адамдар өз өміріне қатер төнсе де олардың шығармаларын сақтаған. Ал бұл ұрпақтың көбісі осы шығармаларды білмейді де ғой. Ал Ахмет аға да басқалары да өмірлерін қатерге тігіп, асыл уақытын бөліп біз үшін шығарған. Көбісі олардың шығармалары түгелі өздерін білмейтіні білгісі келмейтініде өкінішті ақ... Бір ризашылықтың болмағанынын белгісі
@orazakynulynurseit3056
@orazakynulynurseit3056 3 жыл бұрын
Иә. "Отыздан асып барамын"-ды 5,4 млн адам қарап үлгеріпті. Халыққа, ән-күй, одан қалса даңғазалық, жаңа жыл қызығырақ.
@nurbolsaliev3108
@nurbolsaliev3108 3 жыл бұрын
Иеееее қайран бабаларым ай. 100 жылдан кейін осындай болатынын білсе олар не істер еді.... Тараз Шаһардан деген ән (ән деуге де келмейді ) соның жинаған просмоторын жинай алмайтыны өкінішті. Қашан ел боламыз ..... ей қалың қазағым ай.....
@БатыржанЕрабилов
@БатыржанЕрабилов 3 жыл бұрын
Болщевиктердің ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙМАҒЫМЕН БАСЫНАН айырған. жылдарғой бұл.. Ашаршылықта. қаншама қазақ. қырылып қалдыЕнді тәуелсіз Қазағым мұндай сұмдықты көрмесе екен
@МуратКалиаскаров-щ8ь
@МуратКалиаскаров-щ8ь 3 жыл бұрын
біздің қазаққа ережесіз жекбежек бокс той жалтырап кійнген әншілерді көп қараса болды тәрйқ деген басына кірп шығама тәрйқ тыңдайтын ұлтұн сұйетін жандардың тамырнна байағда балта шауып қйптастағаны осы кйноданақ көруге болмады енді олардің ізін жалғайтындар жұзден біреуі болуы мұмкұн
@Hani_posh
@Hani_posh 2 жыл бұрын
Қазағым дейтін қазағым барда, осындай сериалдар шығуына үлес қосып жатқан азаматтар барда , қазақ өлмейді ❤
@esbolat.j6925
@esbolat.j6925 3 жыл бұрын
Алаш арыстарын екі көзімнен ыстық жасым еріксізден парлап отырып түгелімен аса ыждағатпен көріп шықтым! Ол кісілердің Қазақ халқына жасаған еңбектеріне өскелең құрмет білдіремін ! Шексіз құдірет иесі ол кісілердің жатқан жерлерін бейіштің төрінен бұйырғай,аумин!
@СадуакасМусиркепов-х5т
@СадуакасМусиркепов-х5т 2 жыл бұрын
Әумин!
@bekzatsagat5609
@bekzatsagat5609 3 жыл бұрын
Анық Шаһид болған осы ағалар, елі үшін, жері үшін Алла жолында жанын пида еткен нағыз батырлар! Жандары жәннатта болсын 🤲
@bota_kazakh8460
@bota_kazakh8460 3 жыл бұрын
"Күрделі уақыт тудырған күрескер перзенттер!.. Тұрақтарың пейіш болғай!.. Қара жердің бетінде қазақ барда, Сендер барсыңдар!" Жүрекке жеткен, жүректі езген туынды болды.. Алла баршасының жандарын жәннаттық еткей! Түсіруге атсалысқан ұрпақарына Алла екі дүниеде де разы болсын! Ахмет, Міржақып аталарымыздай қазақ көп болса екен!
@angel_rblx309
@angel_rblx309 2 жыл бұрын
++
@ahmetov_sunkar
@ahmetov_sunkar 2 жыл бұрын
" Әрбір Қазақ баласы оқу керек " осы бір ауыз сөз үшін өмір бойы қарыздармыз 🤲 🇰🇿
@КарлыгашМолдашева-п9х
@КарлыгашМолдашева-п9х Жыл бұрын
Рас
@АдияАсыл-л6б
@АдияАсыл-л6б 3 жыл бұрын
Не деген керемет тусірілген! Коз жасын еріксіз кете береді. Актёрлардын шеберліктері оз алдына болек ангіме!
@ЛаураДжуманова-о6г
@ЛаураДжуманова-о6г 2 жыл бұрын
💯👌😭
@ГалияБугираева
@ГалияБугираева 2 жыл бұрын
Қазақ тілін менсінбейтін мәңгүрттер осы фильмді көрсе , игі болар еді.Қайран елім,жерім деп өткен асыл ерлер! Жандарың жанатта болсын!
@БайдилдаЕсенбеков
@БайдилдаЕсенбеков Жыл бұрын
Олар муны тусинбейтинде болу керек шамасы
@kualalumpur9161
@kualalumpur9161 3 жыл бұрын
Телехикая түсірілім барысында жұмыс жасаған баршаларыңызға мың алғыс! Алла разы болсын...
@ЕрланСахиев-э1ы
@ЕрланСахиев-э1ы 3 жыл бұрын
Алаштың арыстары жатқан жерлерің жұмақ болсын. Осы фильмді түсірген студияға алғысым шексіз. АЛЛА разы болсын сіздерге. Ұрпағымызға мұра дүние.
@ДосанАлибеков-ы7ы
@ДосанАлибеков-ы7ы 3 жыл бұрын
Түсірілім ұжымына мың алғыс! Ахмет атамыздың жатқан жері Жұмақ болсын!
@ulzhankarimbek6349
@ulzhankarimbek6349 2 жыл бұрын
Осыншалық әсерлі кино көрмеппін ешқашан.. Аллаһым Ахан атамызды Қазағымызға бекерден бекер бермеген.. Елін сүйген нағыз ер азамат Ахан атамыздай ақ болар. Бұл жәй фильмдегі оқиға, ал шын өмірде қаншалық қиындық көрді екен .. қайран Ахан атам ай.. бір демде табжылмай көзіме жас толвп отырып көрдім. Өте дана кісі болған ғой . Жаныңыз жәннаттан болсын, Аха💔 Аллаһымның өзі панасына алсын..
@КуатМамбетсайтов
@КуатМамбетсайтов Жыл бұрын
❤аи айттың ау Менде жасым елуден асқасса да көзіме жас ала отырып көрдім
@makomak354
@makomak354 3 жыл бұрын
6 бөлім емес оданда коп болганда тіптен күшті болар еді, Бірак керемет болды, үлкен әсер алдым, актерларга ұжымға мың алғыс
@Zhazok797
@Zhazok797 3 жыл бұрын
Керемет телехикая. Қазақ тілінің дербес тіл болуына негіз болған - Ахмет Байтұрсынұлына рақмет... Тіпті тергеуші Саңғытовтың тергеуді орта жолдан аяқтағаны - сөзбен жеткізе алмайтын көрініс. Осындай тарихымызды телехикая ретінде есімізде мәңгі сақтатуға үлес қосқаны үшін алғыс!
@АйтгулАбдирзакова
@АйтгулАбдирзакова 3 жыл бұрын
Киноның соңында өкіріп жылағям келді тек өзімді ұстадым егіліп жыладым Осы тұлғаларды қайтадан тірілтіп жіберетін күш болсағой дедім ... Отбасымызбен 6 серияны қарап шықтық Ұжымға мың алғыс АЛЛА разы болғай !!! 30 жылда осындай киноны көргеніме қуанамын ! ҚАЗАҚТЫҢ АРДАҚТЫЛАРЫ МӘҢГІ ТІРІ 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@parisru5230
@parisru5230 2 жыл бұрын
Мен жылдың басында щыққан бойда қараған едім. Әр сериясын жылап отырып көрдім) Жайбарақат көру мүмкін емес( Осы Ахмет атамыз болмағанда қазір қандай күйде болар едік деген сұрақ тұрды санамда. Ұйықтамай түнімен, өз өмірін, бостандығын тәрк етті ғой болашақ үшін. Болашақ мүлде бұлыңғыр еді. Ешқандай гарантия болмады ғой еңбегі еленетіне, бірақ болашақ біздер үшін аянбады. Не деген рух ол кісідегі. Қазағым, бабаларымыз мықты болған. Еңсемізді биік ұстап, мақтана білейік қазақ болғанымыз үшін! Сериалды көріп бітірген соң, жан-жағымдағы адамдарға кеңес бердім көруге. Бүкіл қазағым көріп, рухтанса екен. Білімге ұмтылса екен!
@МергенТоқсанбай
@МергенТоқсанбай 2 жыл бұрын
Тәңір жарылқасын сіздерді! Ұлт зиялыларының әруағы разы болсын!
@zanylsyn-rakymkan
@zanylsyn-rakymkan 3 жыл бұрын
Жандарың жәннатта болсын қайран аталарым-ай, Алла сіздерді шапағатына алсын! 🤲🏻🤲🏻🤲🏻😭😭😭 Жылап отырып барлық бөлімін көріп шықтым. Өте керемет түсірілген жұмыс екен! 😭😭😭
@Imangali-bc2lf
@Imangali-bc2lf 6 ай бұрын
Осы телехикаяны түсіруге ат салысқан барлық адамдарға алла разы болсын ❤
@АлашКазак-е5ъ
@АлашКазак-е5ъ 3 жыл бұрын
Жылатты! Қазақ киносы бір белесті бағындырғанына қуандым. Денем бір ысып, бір суынды. Толқыдым, тебірендім, шаттандым....... Әр Қазақ сөзсіз көруге татитын бір егей еңбек!
@ulzhalgastuimebay6364
@ulzhalgastuimebay6364 3 жыл бұрын
Ахмет Байтұрсынұлы-ұлы тұлға!👏👏👏👏👏👏👏
@BoxinginKAZAKHSTAN
@BoxinginKAZAKHSTAN 3 жыл бұрын
Өте керемет кино ! Осы киноның жарыққа шығуына ат салысқан барша мамандарға МЫҢ АЛҒЫС! Осындай тарихи киноларымыз көп болсын!
@ДинаКуантаевнаКайрова
@ДинаКуантаевнаКайрова 2 жыл бұрын
Мыржақып Дулатұлының образы өте анық, сенімді шыққан! Актер, тамаша! Ең керемет рөлі👏👏👏👏
@ҚАЗАҚШААУДИОКІТАПТАР-л9м
@ҚАЗАҚШААУДИОКІТАПТАР-л9м 3 жыл бұрын
Бір сөзбен керемет. Мектептерде көрсету керек балалар бұл тұлғалардан үлгі алсын деп. Жанындағы халыққа адал қызмет еткен асыл ерлер. Қазір ондай адамдар барма? Алысқа бармай әркім өзімізге қарасақ біз халыққа демейік, осылай ақ көңілдікпен жақындарымызға, туыстарымызға, көршілерімізге көмек қолын ұсынамыз ба, игі істер істеймізбе? Егер әр қайсымыз осылай істесек ортам өзгерермеді... Оларға деген нағыз құрметімізді тек сөзбен ғана емес олардың жақсы қасиеттеріне еліктеу арқылы көрсетеміз.
@АйтгулАбдирзакова
@АйтгулАбдирзакова 3 жыл бұрын
Өте дұрыс айтасыз мен қосыламын
@МарияМухамадиева-н9п
@МарияМухамадиева-н9п 3 жыл бұрын
Әр отбасы балаларымен көретін телехикая. Мектепке итере бермеңдер
@СаулеТажгалиева-й3с
@СаулеТажгалиева-й3с 2 жыл бұрын
Ұлы тұлға, Ұлы адам!!! Қазағымның маңдайына туылған ерекше жан!!! Керемет түсірілім! Рахмет көп көп!
@zerek_balaqai
@zerek_balaqai 3 жыл бұрын
Қандай керемет! Жыламай көру мүмкін емес! 😪 Рақмет, рақмет бәріңе!
@sabrkerimkulov298
@sabrkerimkulov298 3 жыл бұрын
Не деген керемет сериал. Соңғы серияны жыламай көру мүмкін емес шығар. Ахаңның денесінде рухында (духын) сындыра алмапты. Эмоцияға берілмей өзін өте сабырлы ұстау өте қиынғой негізінде. Қазақтың бір туар ұлы. Қайран Ахмет ағамай.
@tolganbaevaasylzat3716
@tolganbaevaasylzat3716 3 жыл бұрын
Қазақ деген атыма сай боламын. Елім үшін қызмет етемін. Даналығыңмен , қайтпас қайсарлықтарыңызға таң қаламын бабаларым.Сіздер аманат еткен ұлт мүддесі үшін әрқашан қызмет етемін. Уәде беремін . Адам деген атыма , қазақ деген ұлтыма адал перзент боламын.
@КанатБекешев-э6о
@КанатБекешев-э6о 3 жыл бұрын
👍👍👍
@БайгалиЕсеналиев-м4ф
@БайгалиЕсеналиев-м4ф Жыл бұрын
Құрметті осы телехикаяны көріп, ойын ортаға салып, өз пікірін білдірген бауырларым! Сіздерге мың алғыс! Әрине айтылған пікірлердің ішінде жағымдысы да, жағымсызы да бар. Бірақ, жағымдысы жағымсызын таптап-ақ кеткендей екен. Соған қарағанда еңбек еш кетпеген сыңайлы. Менің айтарым; Мұрат Есжанның білім деңгейі, режиссёрлық ауқымы өте биік. Олай дейтінім әрбір актёрге сомдайтын кейіпкері жөнінде кеңес беру тактикасы ерекше. Актёрден өзіне не керек екенін нақты біледі. Өйткені сценарийді жазу барысында мұның бәрін ой елегінен өткізіп, нақтылап қойған. Осы сценариді бірнеше қайтара көшіріп шыққан. Оның өзі кәсібіне деген шынайы адалдықтан болса керек. Ахметтей асыл бабаның өмірі туралы шығармаға сондай дайындық болмаса бола ма!? Маған кино түсірілімі басталуға үш күн қалғанда ғана хабар берді. Қатты ренжідім. Айналайын-ау, ертерек айтсаң қайтер еді, мен дайындалмадым да ғой, Ахметтей тұлға ойыншық па еді!? - деп. Сондағы Мұраттың айтқаны: Аға, ренжімеңізші, маған сіздің дайындалмағаныңыз керек. Мен сіздің болмысыңыздан Ахмет ата образына керекті қасиеттерді көрдім. Дарынды актёр екеніңізді білем, Ахмет атаға өзіңізше дайындалып қойсаңыз мен өзіме керекті Ахметті шығара алмай қалуым мүмкін. Мұраттың мына сөзінен кейіпкер мен оны сомдауға тиіс актёрге терең талдау жасалғанын ұқтым да, жарайды Мұратжан дедім. Жақсы аға, алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасайық - деді Мұрат. Бұған дейін мұндай керемет кәсіби ұсынысты естімеген едім. Ал, енді түсірілім барысында талай айтыс-тартыс, өзіміз өксіп жылаған сәттер болды.., Оны қажет болса алдағы уақытта айтармыз. Ең бастысы, Сіздерге ұнап, Ахмет атамызға, Алаш Арыстарына, Қазақ елімізге деген сезіміңізге ыстық ықылас еніп жатса біз үшін ең үлкен бақыт сол! Б.Есенәлі.
@aidyndusenba4439
@aidyndusenba4439 3 жыл бұрын
Елі үшін жері үшін жанын қиған асыл ер азаматтарымыздың жаны жәннатта болсын 🤲 Аллаһтың рахымына бөленсін ИншаАллах 🥺😓
@yourHeartPulse
@yourHeartPulse 3 жыл бұрын
Алла разы болсын, осы сериалды жасап шыққан барша адамдарға! Халқымыздың асыл азаматтарын танып-біліп, ізін жалғастырау барлығымызға парыз.
@Jazira17
@Jazira17 3 жыл бұрын
Жандарың жәннатта болғай Асыл аталарым! Қазақ барда мәңгі барсыздар! Тебіренбей көру мүмкін емес!
@nuraiseitbek6840
@nuraiseitbek6840 3 жыл бұрын
Қара жерде қазақ барда сіздердің аттарыңыз ешқашан өшпейді 🙏🏻
@QazaqOrdakz
@QazaqOrdakz 3 жыл бұрын
көзге Жас алмау мүмкін емес. Әсіресе Сангытов пен А.Байтұрсынұлының соңғы тергеуінде. 6 сериямен бітіп қалғаны өте өкінішті. Негізі осындай Кинолардан ақшаны аямау керек.
@АйсанаБалкибекова-СКо
@АйсанаБалкибекова-СКо 3 жыл бұрын
Осындай тарихи кино түсipген ұйымға мың алғыс,керемет шыққан.
@ДидарМырзабековна
@ДидарМырзабековна 3 жыл бұрын
Бедер,белгісі жоқ бейіттеріңе себілген бір-бір уыс топырағымыз болсын дедік.. Телехикаяның түйіні👍
@АнюТон
@АнюТон 3 жыл бұрын
Рахмет үлкен. Жүректе үлкен із қалдырды! Өте керемет, сөзім жоқ!
@Aisha-gl1sl
@Aisha-gl1sl 2 жыл бұрын
Жатқан жерлеріңіз жарық, топырағыңыз торқа болсын, жандарың пейіштің төрінде шалқысын! Сіздердің алдыңызда бас ием, қазақтың есіл ерлері! Арманда кеткен арыстарымыз-ай…💔 Осындай сүттің бетіне шыққан қаймақтай зиялыларымызды сатқан құзғындар көрінде өкірсін!!!
@МолдирЖулькеева-н7б
@МолдирЖулькеева-н7б 3 жыл бұрын
Осы киноны орысша сөйлеп қазақ тілін менсінбейтіндер көріп ойланса екен, балаларын орысша сөйлеткеніне мәз болған қазіргі ата-әже, ата-аналар! Қазақ тілін сақтап қалу үшін қанша зиялы, ер жүрек батыр, ақын, жазушыларымыз жанын берген! 👆Осындай тарихи киноларымыз, құнды дүниелеріміз көп болаберсін! 👍Рахмет
@aika8812
@aika8812 3 жыл бұрын
солардын кормейтини окиништи,парламентке апарып осыны койып берип букил министрди камап койса
@ШынарКулмаганбетова-я3т
@ШынарКулмаганбетова-я3т 2 жыл бұрын
Қайран Алаштың ардақтылары-ай... Жандары жәннатта болсын!!!
@ЖаннаКожакова-ш6б
@ЖаннаКожакова-ш6б 3 жыл бұрын
Қандай керемет түсірілген кино.Нағыз патриоттық сезім оятатын фильм
@farizakasimbekova712
@farizakasimbekova712 3 жыл бұрын
Не деген шыдамды, сабырлы кісі...... 😔жаны Жаннатта болсын
@DakeZhaksybai
@DakeZhaksybai 3 жыл бұрын
Қазақ халқыма, еліме, жеріме берілген Ұлы ұстаз, жандары ЖӘННАТТАН етсін АЛЛАҺ тағалам! Өз елімізге де енгізу керек әліпбиді, өзге жерде жүріп қолданыста қолданып жүр, өз елімізде тұрып өзіміз қолданбаймыз, қазақша сөйлегенге ерінеді
@ГульмираТурешова-л7ю
@ГульмираТурешова-л7ю 3 жыл бұрын
Керемет туынды! Тәуелсіздіктің 30 жылдығына нағыз тарту осы. Жандары жәннатта болсын Арыстарымыздың, түсіруші ұжымға Алла разы болсын. Алда тағы осындай керемет туындылар күтеміз.
@АкнурАхметова-г7р
@АкнурАхметова-г7р Жыл бұрын
Ахаң мәңгі тірі. Киноны түсірген адамдарға мың алғыс. Қандай қиын тағдыр. Ұлтын сүйген ұлы жүрек иесі....
@ЗухраДжумагазиева
@ЗухраДжумагазиева 3 жыл бұрын
Тарихын білмитін қазақтарға нағыз көретін туынды екен,керемет!Осыдан соң көздері ашылып,көкіректері оянар.
@gunnuri
@gunnuri 3 ай бұрын
Керемет, жүрегім езіліп, жүрегім жылап көрдім, жандары жәннатта болсын, елі үшін, жері үшін басын өлімге тіккен ұлы тұлға, ұлы ұстаз!
@kualalumpur9161
@kualalumpur9161 3 жыл бұрын
Халық қамы үшін жан қиған ата-бабаларымыздың жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа болсын. Алла рақмет етсін 🤲🤲🤲🤲
@АйданаДастан-м9ч
@АйданаДастан-м9ч 3 жыл бұрын
Жүрегім сыздап, жылап отырып көрдім. Ей шіркін айнплайын ұлт жанашырлары 😭😭😭 ел үшін деген жүректерінен 😢
@serikniyazov2312
@serikniyazov2312 3 жыл бұрын
Алла оларды рақымына алсын, олар біздің біртуар тұлғаларымыз
@gulnarzhumash7438
@gulnarzhumash7438 3 жыл бұрын
Аллаһ жәннаттың төрінен орын берсін аяулы арыстарымызға, алаштың нағыз азаматтарына. Аллаһ еңбектерін еш етпесін. Осы сериалды түсірген азамматтарға да осы тілек. 30жылда көрген ең тамаша жоғары деңгейде түсірілген сериал деп білемін. Аллаһ істеріңіздің берекесін берсін. Осындай жасампаз түсірілім көп болсын! мектепте көрсетілуі, насихатталуы керек деп ойлаймын. қазір орысша шүлдірлегендер түсінер ме еді. сонда латынға тек қана қазақты көшірген бе? мәңгүрттендіру түрленіп әлі келе жатқан сияқты
@НазираДжексембекова
@НазираДжексембекова 3 жыл бұрын
Керемет туынды. Алаш азаматтары, тіл, ел жанашырлары ешқашан өлмек емес! Жандарыңыз жәннатта, орындарыңыз пейіштің төрінде болсын! 🤲🏻
@k.s.k0224
@k.s.k0224 Жыл бұрын
Жандары жәнәтта болсын Әумин! 🤲
@БақбергенАрысланбай
@БақбергенАрысланбай 3 жыл бұрын
Басы бар, аяғы бар, салар ойы бар, берер рухы бар, керемет сериал шығыпты. Осы сериалға атсалысқан барлық қолы ізі бар қатысушыларға мың алғыс! Қолдарыңа Құдай қуат берсін.
@technodom5458
@technodom5458 2 жыл бұрын
Елім, жерім деген Азаматтар. Сіздердің есімдеріңіз мәңгі өшпейді! Жандарыңыз жәннәтта болғай!
@СандугашКурманбаева-ч4з
@СандугашКурманбаева-ч4з 2 жыл бұрын
Сабырлы қалпымен, болмыс-бітімімен, ешкімге бас имеген құдіретіңнен, намысыңнан айналдым, Алаш ерлері. Мәңгі жүрегіміздесіздер. Жандарыңыз жаннат төрінде болсын. Түсірілім тобы мен актерлерге мың алғыс!!!
@МаратНарбаев-н6э
@МаратНарбаев-н6э 3 жыл бұрын
Бір нәрсені білем. Қазақ қазақты көре алмайд.Артына түсіп бір- бірін сатқан.Осы жаман әдеттен, әлі айырылмай жүрміз.
@yerbolat_oljabekuly
@yerbolat_oljabekuly 3 жыл бұрын
Адамның рухын оятатын телехикая! Керемет еңбектеріңіз жана берсін! Біртуар ағаларымыздың еліне адал қызмет етіп, қалдырып кеткен мұрағаттарын одан әрі қызығушылығын пен танытуға зор үлесін қосатын туынды екен. Алла разы болсын баршаңызға!
@НуралыТулегенов
@НуралыТулегенов 2 жыл бұрын
Алла разы болсын бұл кісілердің ғұмырна.
@ecuriosity_vision
@ecuriosity_vision 2 жыл бұрын
Аллахым разы болсын фирдоуси жәннәтін нәсіп етсін мақтан тұтатын осындай бабаларымыздың барына сансыз шукірлер болсын
@ahmetbegdilla4096
@ahmetbegdilla4096 3 жыл бұрын
Өте керемет түсірілген. Әр сәтінде көзге жас келеді. Жайлары жаннатта болсын, арыстарымыздың. Осында туынды үшін рақмет, @Qazaqstan tv!
@mersedesbens3272
@mersedesbens3272 Жыл бұрын
Бундай Перзенттер кайталанбас ешкашан!Алдарыннан Аллам жарылкасын!Аяулы арыстар.Казактын мактаныштары
@MadinaMB
@MadinaMB 2 жыл бұрын
Жандарыңыз жаннаттың төрінен орын алсын,аталарым!🤲🏻🤲🏻🤲🏻🙏🏻
@БуркитБуркит-в5ъ
@БуркитБуркит-в5ъ 3 жыл бұрын
Ахмет Байтұрсынов нар тұлғалы аталарымыздың өмірлеріне байланысты туындының үлкен әсермен жан терең жүрегімен мұқият, тиянақты, ұқыпты ғажайып қазақтың жүрегінің түбіне терең түсіріп баяндайтын нағыз қазақ жаным да қазақ тәнімде қазақ деген диктор деп фильмдегі иісі қазаққа сайрап түсіндіріп жеткізе білген дикторды айтар едім өте әсерлі баяндайды жаса бәрекелді дән ризамын!
@Maestro786
@Maestro786 3 жыл бұрын
Әттеңай 😥😥😥😥😭😭😭😭😭😭 Кәдімгідей жылап отырмын. Жандарың жәннаттық болғай 🤲 Кәзіргі шенеуніктер болардың тырнағының ішіндегі кірге тұрмайтын арам тамақ болды ғой. Беттері табақтай табақтай болып, мұрнын шұқып, көтін қасып, ұйқтап отырып миллиондар алады. Онымен қоса миллиондап ұрлайды. Өңшең боқжегір айуандар. Әттеңай осы Алаштың ардақтыларынан перзенттер қалғанда халқының қорғаушысы болар ма еді. Әййй, Ахан аға! Тәуелсіздік алғанымыз жақсы ғой кәзір, бірақ өз қазағымыз өзімізді тонап жатырғой әттең 😭😭😭😭😭😭😭😭 Елге керек қаражаттың бәрі ұрланып, шет елдердің банкінде жатырғой
@АйнагулБердишева-ъ4э
@АйнагулБердишева-ъ4э 2 жыл бұрын
Әттен-ай.Ертерек шығару керек еді.Мекиепте оқушыларға көрсету керек.Қазак халкы үшін жанын қиған аталарымыздын еңбегін терең түсіндіру керек.Әліппенің атасв кім екенін терең түсіну үшін.
@jasikjb
@jasikjb 7 ай бұрын
Өте ееремет❤❤❤ Осындай қазақтың тарихи кинолары көбейе берсін...Жастарға тарихымызды айтып жүруіміз міндетіміз...АЛАШ елі жасасын❤❤❤
@historyke8463
@historyke8463 3 жыл бұрын
Қайран, қазағым деп өткен ерлерім. Ахмет ата алдыңызда бас иемін. Алмағайып заманда ешқашан өзін жоғалтпай білімге ұмтылып, қазағымның көзі ашылсын, білімді болсын деген аталар мен ағалар.
@SerikALI-n9z
@SerikALI-n9z Жыл бұрын
Ахмет Байтұрсынұлы қандай керемет айтты, ия.. "Адам бүгін бар ертең топырақ" , артыңда қалатын тек өсиетті жақсы ұрпаққа қалатын пайдалы ісің. Бүгінгі күні дәл осы заманда керек керек қайраткер рухты "АЛАШ" деп өткен зиялы бір туар тұлағалардың кемдігі... Біздің: осы өткен бабаларымыздың қазіргі ұрпаққа, патриоттық отан сүйгігіштігі бүгінде ауадай қажет...
@АйданаЖакупова-т9ю
@АйданаЖакупова-т9ю 3 жыл бұрын
Ел ағалары, аталары! Жандарыңыз жаннатан болсын!
@ГульсимКакежанова-г5м
@ГульсимКакежанова-г5м Жыл бұрын
Неғылған керемет түсірілген фильм! Жан- жүрегіңе жетіп тебірентетін неғылғпн түсірілім, неғылған сомдау кейіпкерлерін! Неғылған шеберлік! Қоюшы режиссёр, сценарист, әртістер- бәріңізге, бәріңізге бас иіп тағзым етеміз! Ғажап туынды! Ғажап тағдырлар! Ғажап орындау, ғажап сомдау! Не айтсаң да - аз!!! Бүкіл жан дүниеңді қопарып төңкеретін, өз халқың үшін мақтану қуану өкіну жан ашу шарасыздық, сатқындықтан жирену, батырлыққа ұлылыққа таңдану сүйсіну- ұлы сезім- бәрі- бәрі бірге қосылып көзден жас боп парлап жүрекке лықсыған сезім сыймай толқытатын фильм! Рақымет сіздерге барша атсалысқан ғажап жандар! Аллаһ сіздерге разы болсын! Жандары жәннаттан болсын арыстарымыздың! Біз сіздермен енді ғана таныстық! Таныстырған сіздерге мвң алғыс, шексіз алғыс фильмді қоюшы атсалысқан баршаңызға! Неғылған ғажап идея еді осы фильмнің сценариін жазу деген, одан соң оны қою деген! Әр рөлге дәл таңдап алынған әртістер! Бәрі бәрі нүктесіне дәл тигізген шеберлер! Мың алғыс мың алғыс сіздердің қазағым деп соққан жүректеріңізге, асыл армандарыңызға, жанкештіліктеріңізге, ерен еңбектеріңізге- бәріне- бәріне! Бұл - ұлы іс! Тағы тағы тағы күтеміз сіздерден жаңа фильмдер! Танытыңыздаршы бізге, бәріне қазақтың кім болғанын! Танытыңыздаршы! Руһын әуелетіңіздерші асыл азаматтарымыздың!!!
@БекаКенжеханов-щ6ъ
@БекаКенжеханов-щ6ъ 3 жыл бұрын
Қазақ үшін жанын берген бабаларымыз жандары жәннатта болсын. Әмин.
@Әсел2025
@Әсел2025 3 жыл бұрын
Ұрпаққа ұлт зиялылары туралы осылай керемет жеткізгендеріңіз үшін мың алғыс! Олар өлмек емес, жадымызда сақтап, аманаттарын орындауға тырысамыз!😭😭😭
@muslimorazgulov5641
@muslimorazgulov5641 3 жыл бұрын
"Қазақфильм" бәрекелді! Сол кезеңді шынайы суреттеп, әр кейіпкердің күйзелісін керемет көрсете білді. Көрермендердің жанын дір еткізді. Тамаша!
@shynarnessipbayeva4017
@shynarnessipbayeva4017 3 жыл бұрын
Муны тусирген Казахфильм емес, Казакстан арнасынын тапсырмасымен тусирилген Мурат Есжаннын енбеги
@сллслвч
@сллслвч 3 жыл бұрын
Продюсерлер и телеарнанын тапсырысымен казакфильм болса басында Казакфильмдеп шыгады.
@baurzhan2360
@baurzhan2360 3 жыл бұрын
😭😭😭 Қайран арыстай аматтарымыз-ай. Әттең😭😭. Алла өз рахымына алсын аталарымызды.
@КурбанбайулыБакыт
@КурбанбайулыБакыт 3 жыл бұрын
Қоюшы - түсіруші топқа және барлық актерлерге алғысымыз шексіз. Өте құнды әрі мағыналы түсірілім болыпты.
@KamilaBakytkali
@KamilaBakytkali 2 жыл бұрын
Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздары-ай! Өзегім өртеніп барады! Осындай ұлы адамдарымыздың жанын алып, ағартушылық істеріне кедергі келтірмегенде еліміз қандай болатын еді ?! Жандарың жәннатта болсын! Қиындықпен, ауыртпашылықпен келген қазақ тілімізді кейде қадірлемей, елімізге қорлық көрсетіп, адам басына келмейтін құйтырқы іс-әрекеттерді істеген орыстардың тілінде сайрап кететініміз - ай! Аталарымызға мың алғыс!!! Дінімізді, тілімізді,тарихымызды сақтап қалу үшін жаның беріп, сан қиындықтарды бастан кешірген! Осы фильмді түсіргендерге басымды иіп алғыс айтамын! АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН сіздерге!!!! Түйгенім өте көп! Тәуелсіздігімізді, тілімізді, елімізді, жерімізді бағалайық!
@aishadan9091
@aishadan9091 3 жыл бұрын
Әдемі түсірілім. Жүздері, ұлы адамдардың есімдері, ұлы істер. Бәрі де еңбек. 👍📝✍
@ttteee2394
@ttteee2394 3 жыл бұрын
Аруагыннан айналайн Асыл Ерлер Жандары Жаннаттык болсын.Але Казак Шынга шыгады Аллам Насип етсе Бабалардын жетеалмай кеткен жетистигине.
@НазираДекембаева-п1л
@НазираДекембаева-п1л 3 жыл бұрын
Керемет түсірілген, елім деп өз жанын құрбан еткен бабаларыма мың тағзым.
@КамшатАбдикаримова-ч8ч
@КамшатАбдикаримова-ч8ч 2 жыл бұрын
Е, Жаратқан ием осы Қасиетті Ұлы Ата Бабамыздың Аруағы үшін қазіргі шүлдірлеп жүрген қазақтардың санасын оятшы🤲
@raiananur
@raiananur 3 жыл бұрын
Алланың нұры жаусын осындай нағыз батыр, батыл, қазақтың нағыз тәуелсіздігін жан-тәні, өмірлерін қия қалаған ҰЛЫ ҰЛТ ҰСТАЗДАРЫМЫЗ жайынды керемет туындыны кейінгі ұрпақ білсін, көрсін деп сыйлаған адамдарға! КӨП РАХМЕТ!!!
@shanzharkhankanadil
@shanzharkhankanadil Жыл бұрын
Жандарыңыз жәннатта болғай арыстарым😭😭😭😭😭. Алла жәннаттың фирдаусын нәсіп етсін
@lauraimanbek1237
@lauraimanbek1237 3 жыл бұрын
Жүрегім жылады шын💔🥺. Өте ауыр. Міндетті түрде қайтадан көремін. Түсірілім тобына, осындай дүниені бізге жеткізуге атсалысқан ұжымдағы әр адамға алғысым шексіз!💌
@ЗамираТемирова-с2г
@ЗамираТемирова-с2г Жыл бұрын
Жандары жаннатта болсын
@raihangaziz2643
@raihangaziz2643 3 жыл бұрын
Армысыздар! Осындай керемет тарихи дүниені жарыққа шығару, халыққа паш ету жолындағы еңбектеріңізге алла разы болсын, өсіп келе жатқан ұрпаққа жасаған баға жетпес қазына үшін түсірілімге бастан аяқ қатысқан әрбір пендеге сан мыңдаған алғыстар жауа берсін, әумин...
@sulukhan_abdulla
@sulukhan_abdulla Жыл бұрын
Бойындағы бар күш қуатын,барлық мүмкіндігін езгіге түскен ел үшін сарқыла жұмсаған саңлақ ерлер! Қара жердің бетінде қазақ барда,сендер барсыңдар… Тұрақтарың пейіш болғай!🤲🏻💔
@nurorda3436
@nurorda3436 3 жыл бұрын
АЛЛА ӨЗ РАХЫМЫНА АЛСЫН АЛАШ АЗАМАТТАРЫН ТҰЛПАРЫ ОЗҒАН ЕЛДИҢ ТАЙЫДА ОЗАД АЛЛА ҚАЛАСА ЕЛГЕ БАТЫРЛАР КЕЛЕРИНЕ МЕН СЕНЕМ
@kunekeyerlanovna4369
@kunekeyerlanovna4369 Жыл бұрын
Ахмет! Ұлт Ұстазы! Жаныңыз жаннаттық болсын! Сіз секілді ұлтшыл азаматтардың саны көбейсін!
@eldinnazy
@eldinnazy 3 жыл бұрын
Қара жердің бетінде қазақ барда,сіздер барсыздар❤
@organik_choco8586
@organik_choco8586 2 жыл бұрын
Раббымыз сіздерді Рахымына алсын. Әумин
«Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясы І 1-бөлім І (english subtitle)
55:01
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 20 М.
«Ахмет. Ұлт ұстазы». Телехикая. 5-бөлім (субтитрмен)
57:03
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 204 М.
Aigerim Mamyrova - Уәде | Official MV
03:30
Aigerim Mamyrova
Рет қаралды 148 М.
$1 vs $25,000 Secret Rooms
16:15
MrBeast Gaming
Рет қаралды 12 МЛН
«Ахмет. Ұлт ұстазы». Телехикая. 4-бөлім (субтитрмен)
53:54
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 212 М.
Бөлек шығайық - Қазақша кино - Қазақша комедия 2024 новинка
1:24:35
Нурислам Красавчик🤘
Рет қаралды 4,7 МЛН
«Тақиялы періште» к/ф (реж. Шәкен Айманов, 1968 ж.)
1:28:08
Qazaqfilm / Казахфильм
Рет қаралды 550 М.
«Ахмет. Ұлт ұстазы». Телехикая. 3-бөлім (субтитрмен)
53:33
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 243 М.
Aigerim Mamyrova - Уәде | Official MV
03:30
Aigerim Mamyrova
Рет қаралды 148 М.