«Қаныш. Қазына» телехикаясы І 1-бөлім

  Рет қаралды 53,164

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Күн бұрын

Телехикаяның негізгі сюжеттік желісі - геолог-ғалым, инженер, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен еңбек жолына негізделген. Телехикая - ұлы тұлғаның бізге беймәлім қырларын кеңінен ашатын сан қилы оқиғалар желісінен тұрады.
Телехикаяда XX ғасырдағы қазақ жұртының қилы тағдыры, арманы, мақсат-мүддесі, мемлекеттік биіктерге, соның ішінде индустрияландыру ісін шетелдерден тәуелсіз етіп, өз жерімізде қарқынды жүргізуге және кен өндірісін игеруге қарай басқан қадамдары көрсетіледі. Қазақ даласындағы саяси қарым-қатынас, достық, сатқындық, мүдделер қақтығысы, қым-қуыт оқиғалар, ұлттық тұтастық - телехикаяның негізгі өзегі.
#Қаныш #ҚанышҚазына #Қазақстан #ҰлттықАрна #QazaqstanTV
Шұғыл ақпараттар: t.me/+epGbOLbw...
Қазақстан - qazaqstan.tv/
Facebook - / qazaqstantv
VK - qazaqst...
Twitter - / qazaqstantv
Instagram - / qazaqstantv
Telegram - t.me/+epGbOLbw...
Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз:
qazaqstan.tv/app

Пікірлер
@ЖибекЖибек-я9о
@ЖибекЖибек-я9о 4 ай бұрын
Мына актёр жігіт Қаныш ағаның дәл өзіндей әсер береді, талабыңа нұр жаусын!
@Айзия-ч8ж
@Айзия-ч8ж Жыл бұрын
Ойлы осындай кино көп болсын!
@kailamaqpal-bn5jr
@kailamaqpal-bn5jr 2 жыл бұрын
Өте күшті түсірілген Тарих кинолар көпп болсын
@Жас-ұлан
@Жас-ұлан 2 жыл бұрын
Қарсақбайдағы өз жұмыс істеген үйін түсіріпті керемет !!!!
@КазбекОзбаев
@КазбекОзбаев Жыл бұрын
Жарықтықтың жаны, жұмақта болсын!
@a.nurlanqyzy
@a.nurlanqyzy 2 жыл бұрын
Керемет туынды! Осындай кинолар көп болғай🎉
@Yerkin-Q
@Yerkin-Q Жыл бұрын
Қаныштың балалық шағы мен жастық шағы көрсеткенде ғой. Әсіресе Қазақ автономиясының 1 жылдығын Семей облысында тойлағаның, Қаныш ұйымдастырушылардың бірі болған туралы. Семейге, Томскіге оқуға түскен оқиғасы да қызық. Атайдың қымыз ішуге шақырғаны, Қаныштың жер атаулары мен аңыздарға мән беруі жақсы көрсетілген👏🏻
@sanyia740
@sanyia740 8 ай бұрын
Оны қай кітаптан оқыдыңыз?
@erdauletderbis3728
@erdauletderbis3728 6 ай бұрын
​@@sanyia740Медеу Сәрсеке қазақтың Қанышы
@БерикИзбасаров
@БерикИзбасаров 5 ай бұрын
Қаныш және ғылыми майдан. С. Керімбай
@Vovik888
@Vovik888 Жыл бұрын
Рахмет хоть картайган кезде озымды жас кезын еске тусурем
@utybsenba8287
@utybsenba8287 2 жыл бұрын
Өте керемет фильм, осындай кинолар көбейе берсін 😍😍🙌🏻
@clinteastwood6100
@clinteastwood6100 Жыл бұрын
👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻 Көп қаралым тілеймін. Мессенджерлар арқылы жіберемін.
@Айзия-ч8ж
@Айзия-ч8ж Жыл бұрын
😍😍😍 Па шіркін не деген кино ойлы
@Қыдырбек-с9к
@Қыдырбек-с9к Жыл бұрын
Санжар Керімбайдың әңгімесінен кейін көріп отырмын
@AkzholSarsebek
@AkzholSarsebek 8 ай бұрын
Менде 😄
@АпедотИзмаилов
@АпедотИзмаилов Жыл бұрын
Қарсақбайым туған жерім❤️❤️❤️
@КелдібайБерлібайұлыҰлжан
@КелдібайБерлібайұлыҰлжан Жыл бұрын
Жақсы кино екен.
@СағадатЗейін
@СағадатЗейін Жыл бұрын
Эх, жаның жанатта болсын, Қаныш ата, осы жердің байлығын жасыра тұру керек еді, картаға түсірмей…
@Нурбол-р2з
@Нурбол-р2з 10 ай бұрын
Казак сериал өте көп болсын тарихымызы ешкашан ошпесын!
@АкшакульТлемсова
@АкшакульТлемсова 4 ай бұрын
Керемет қатты ұнады ❤🙏
@gulmira62
@gulmira62 Жыл бұрын
Керемееет фильм 🔥👏😍
@АкнурСарсенова-й3е
@АкнурСарсенова-й3е Жыл бұрын
Кушти Ширкин Туған Жер ❤
@АкмаралБижан
@АкмаралБижан 5 ай бұрын
Низкий поклон Каныш Ана!
@ЖанеркеРусланкызы-ы3с
@ЖанеркеРусланкызы-ы3с Жыл бұрын
Сабақ үшін көріп жатқандар бар ма
@railimsatbaev.
@railimsatbaev. Жыл бұрын
Біз біргеміз
@АлияЫрзабекова-ж1м
@АлияЫрзабекова-ж1м Жыл бұрын
Сабақта оқушыларға көрсеттім киноны
@sabinasabit5735
@sabinasabit5735 Жыл бұрын
Бар брат
@samalsailaubekkyzy
@samalsailaubekkyzy Жыл бұрын
Мен 3сынып оқимын
@Bane8477
@Bane8477 10 ай бұрын
Да 😂
@user-turkiulyqazaq
@user-turkiulyqazaq 2 жыл бұрын
Дінмұхаммед Қонай туралы сериал түсіргенде нұр үстіне нұр болар еді.
@azamatsaugabay
@azamatsaugabay Жыл бұрын
Түсірсе, билікті Ұлы жүзге бөліп беріп, трайбализмді көркейткені һәм Назарбаевты жанына тартып дайындағаны туралы да түсірсін.
@audiokitaphana24
@audiokitaphana24 Жыл бұрын
​@@azamatsaugabayӨзбекәлі туралы түсірсін одан да
@freemanqazaq
@freemanqazaq 9 ай бұрын
​@@azamatsaugabay Өтірік әңгіме ғой. Қонаевтың жақын адамы, үкіметті ұзақ жылдар басқарған Бәйкен Әшімов Солтүстік Қазақстаннан, Орта жүзден, Арғын.
@sanyia740
@sanyia740 8 ай бұрын
Сәтпаевтың ізбасрын қудалап, қулықпен туған інісін академия басшысы етіп қойғаны жайлы ма ? Әлде қазақ мектептерін жаппай қысқартқаны туралы ма? Жоқ әлде тайқазанды Петербордан алдырмаңдар, себебі од жақта туристер көп дегені жайында ма?
@Mage_Its_rbx
@Mage_Its_rbx 4 ай бұрын
@@sanyia740 бұның бәрі рас ол інісі Асқарды орталық комиттетке мақтап Шахмарданды басшы етіп сайлағысы келмеді
@Надир-щ7ц
@Надир-щ7ц 2 жыл бұрын
КЕРЕМЕТ
@Aidana-ib2bb
@Aidana-ib2bb 2 жыл бұрын
мен мына кісіні оз козмен кордм
@gulnurtaiyrkyzy
@gulnurtaiyrkyzy Жыл бұрын
Сөз жоқ ❤❤❤❤🎉
@Даниял-х2т
@Даниял-х2т Жыл бұрын
Бұл кісі киелі Баянауыл жерінен неге туған жерін көрсетпейді?
@sharipova_musik
@sharipova_musik Жыл бұрын
қаныштың балалык шағы мен жастык шағы корсеткен Әсіресе қазақ автономиясы 1 жылдығыннын Семей облысында тойлағпның , Қаныш ұйымластырушыларлың бірі болған туралы айтылған оқиғасы қызық.
@ardaqmukhtaruly
@ardaqmukhtaruly 2 ай бұрын
Көруден жалықпаймын…
@БакытЖумахметов
@БакытЖумахметов Жыл бұрын
❤❤
@turar-82
@turar-82 2 жыл бұрын
Осындай қазақша кино көбейтындер
@marjanrahimbaeva5965
@marjanrahimbaeva5965 Жыл бұрын
ИА ОСЫНДАЙ ТАРИХИ КИНОЛАР. КӨП БОЛСЫН. ӘРИНЕ КӨРЕМІЗ. ҚУАНЫШТЫМЫЗ. РАХМЕТ
@ТакенТакеша
@ТакенТакеша 2 жыл бұрын
Қаныш Сатпаев амандасқанда орыс пен қазақтар орнынан тұрмады- қате шығар, ол кісінің мысы бар еді,сосын машинаның кабинасына отырғызуы керек еді, бұл геолог қой…
@ЕркебуланСмагулов-т5в
@ЕркебуланСмагулов-т5в 2 жыл бұрын
Бул жерде Каныш агамыздын атакты болмаган кези гой али. Сондыктан фильмда осындай барлык детальдарга дейин тусиргендери деп ойлаймын
@ardaqmukhtaruly
@ardaqmukhtaruly 2 ай бұрын
Расында осындай тарихи киноларды көбейту керек
@АрдакАрапбай
@АрдакАрапбай 6 ай бұрын
Күн деген қайнап тұрғо пальто киіп алыпты бәрі
@__jeegga__tamga7089
@__jeegga__tamga7089 2 жыл бұрын
Шокан Уалиханов туралы кино кашан тусыреды?
@clinteastwood6100
@clinteastwood6100 Жыл бұрын
Бар кеңес одағында түсірген, атын ұмытып тұрмын
@__jeegga__tamga7089
@__jeegga__tamga7089 Жыл бұрын
@@clinteastwood6100 заманауи телехикая тусырсе тым жажар ер 😉
@ГульмираДаутова-е5ф
@ГульмираДаутова-е5ф 5 ай бұрын
Бар ғой. 5 сериядан тұрады. Шоқанның ролін Сағи Әшімов ойнайды
@qeeftyqwerty
@qeeftyqwerty 2 жыл бұрын
👍
@mariamibraeva1921
@mariamibraeva1921 Ай бұрын
Қаныш атамыздың үш әйелі болған,бірінші жұбайы Шәрипа апамыз одан Қаниса,Шәмшиябану қыздары мен Малыбай(Мәлеш) атты ұлы болған,ол 16 жасында өмірден өтіп кетіпті,екіншісі Таисия одан Мейіз,Мириям деген қыздары мен бір ұл туған ол кішкентай кезінде шетінеп кеткен,үшіншісі Камила Досовна Өтегенова ,бұл кісі медицина ғылымдарының докторы,профессор болған ағамыздан Жәмилә атты қызы бар,Қаныш атамыздың үлкен қызы,Қаниса "Адам физиологияся" кітабын жазған,ол да профессор, медицина ғылымдарының докторы,Асфендиаров атындағы университетің профессоры.
@mariamibraeva1921
@mariamibraeva1921 Ай бұрын
Қаныш Сәтбаев әйелдері туралы былай деген... ...Жол сапары не айтқызбайды. Пойызбен жүрген бiр сапарымызда ағай (академик Қ.Сәтбаев) өзiнен-өзi отырып, әйел жөнiнде сөз қозғады. -Үй қамын әйел, ел қамын еркек жейдi. Ал еркектiң қоғам алдындағы ерен мiндетiн орындау әйелдiң қолында. Әйелi ауқымды ойлай бiлетiн еркек бақытты. Ал ауқымсыз әйел - еркектiң соры. Мен өзiмдi алғашқыға жатқызамын. Бiр қазақ, бiр орыс - екi әйелiм бар. Шәрипаға жастайымнан әкем қосты. Ақжарқын, кең мiнездi әйел. Өмiрiмде «Әй, сен Қаныш, үш баламен тастап, орыстан әйел алып кеттiң ғой» деп айыптаған емес. Не болмаса, «Қаныштың мұнысы несi? Қайтсын балаларына» деп араға не менiң туыстарымнан, не өз туыстарынан адам салған емес. Не болмаса, «Бала-шағасын тастап кеткен адамды қалай ұстап жүрсiңдер» деп жоғарғы жаққа арызданып, яғни менi өмiрiмде мазалап, «Әкелерiң сөйтiп кеткен» деп балаларыма жек көрiнiштi етiп көрген жан емес. Алексей қызы Таисияны өзiң бiлесiң. Жесiр отырған бiр орыс әйелiнiң қызы екен. Семейде жолықтық. Мен жанұям барлығын жасырған жоқпын. Қазақ әйелiнiң қаладан-қалаға ауысатын көшпелi өмiрге серiк болатындай дәрежеге жете қоймағанын, сондықтан да әйел тегiнен өмiрлiк серiкке мұқтаж екенiмдi айттым.Таисия ұсынысымды қабылдады. Қанисаны (Қ.Сәтбаевтың қызы) қолыма Қарсақбайда тұрғанда алдым. Таисия жеңгеңнiң баласындай болып өстi. Соғыстан кейiн Алматыға Шәрипа мен Шәмшияны (екiншi қызы) алдырдым. Балаларды астанада оқыту керек болды. Екi үйiм араласып тұрды. Таисия Шәрипаны қонақ қылады, Шәрипа Таисияны қонақ қылады және бiрiн-бiрi бар ықыластарымен күтедi. Десем де, бертiн келе Таисия жағынан мынадай бiр мiнез байқадым: Шәрипаның шақыруына бармай қалатын болды үйде. Өзiм жалғыз кетемiн. «Мұнысы несi екен?» деген ойда жүрдiм. Ондай ой еркектi қандай езiп жiбередi десейшi. Алайда бiр күнi соның бәрi ғайып болды ғой. Сөйтсем, Таисиям менi Шәрипамен қысылмай сөйлесiп, өзi де жадырап, өзгенi де жадыратып, көңiлiне қанат бiтiрiп, еркiн отырсын деп жалғыз жiбереді екен Шәрипаға. Шәрипадан екеу, Таисиядан екеу - төрт қызым бар. Бәрi де екi ананың арасында араласып өстi. «Қазақ әйелiнен туғансыңдар» деп Таисия Қаниса мен Шәмшияны, «Орыс әйелiнен туғансыңдар» деп Шәрипа Мейiз бен Мәрияшты алакөздеп көрген емес. Мәрияштан басқа қыздарым уақытында тұрмыс құрды. Бақытыма қарай, күйеу балаларым да жақсы жiгiттер болып шықты. Шәрипа мен Таисия бұлардың бәрiн де құшақ жайып, алаламай қабылдады. «Сендер қазақ әйелiнiң қызының күйеуiсiңдер» деп Таисия, «Сен орыс әйелiнен туған қыздың күйеуiсiң» деп Шәрипа оларды сыртқа теппедi. Осындай әйелдердi әулие демеске не шараң бар! Менiң ойға алған iстерiмнiң үлкен нәтижеге жетуiнiң бiр себебiн осы екi әйелiмнiң жақсылығынан көремiн. Тұрмыс мәселесiнде өзiмдi бақытты еркекпiн деп санаймын, - деп шешiлгенi бар ағайдың... «Қаныш аға осындай едi» кiтабынан
@АзатТоктасын
@АзатТоктасын 8 ай бұрын
6 ак серия мен токталганы окиништи
@ultuganamethan2976
@ultuganamethan2976 Жыл бұрын
Сабақ үшін көріп жатқандар бар
@BolatbekKalibekov-nr2hl
@BolatbekKalibekov-nr2hl Жыл бұрын
Ия
@samatsahanov9703
@samatsahanov9703 9 ай бұрын
Ехали с тепаном в такси вмести ого
@AnelBekmurat
@AnelBekmurat 7 ай бұрын
10 Б көріп жатсындарма😂
@perizataskargaliova3182
@perizataskargaliova3182 7 ай бұрын
Бір қателік.Мұнда қазағымның ежелден келе жатқан қонақжайлылығы қайда ? Келген адамға танысын, танымасын қол беріп сәлемдесуі қайда қалған ? Жабайылар сияқты көрсеткен.
@Aldiyar-gs7ws
@Aldiyar-gs7ws 4 ай бұрын
Сабақ үшін кім қарап жатыр
@DimashMamadiar
@DimashMamadiar 4 ай бұрын
Мен
@Nurik12329
@Nurik12329 9 ай бұрын
8 г жатындар
@РайымбекЕрмекбай-ж2ъ
@РайымбекЕрмекбай-ж2ъ 8 ай бұрын
Яя
@qazaqstan.top.9886
@qazaqstan.top.9886 2 жыл бұрын
🔥🔥🔥
@ardaqmukhtaruly
@ardaqmukhtaruly 3 ай бұрын
🔥🔥🔥
«Қаныш. Қазына» телехикаясы І 2-бөлім
47:57
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 29 М.
Зың-зың Күлпәш | Зын Зын Кулпаш | 53-54 серия
1:16:20
Седьмой канал - 7 канал Казахстан
Рет қаралды 986 М.
CAJA MISTERIOSA DE DEMON SLAYER !!
00:49
Asbel Nazar
Рет қаралды 21 МЛН
小丑潜水救可乐 #小丑 #天使 #shorts
00:22
好人小丑
Рет қаралды 89 МЛН
Can I understand that my daughter wants to ask me for a computer?
00:19
Funny daughter's daily life
Рет қаралды 12 МЛН
«Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясы. 1-бөлім (Рус субтитр)
57:20
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 5 МЛН
«Құнанбай» көркем фильмі (реж: Досхан Жолжақсынов, 2015 ж.)
1:38:11
ЖОЛАН ЖҮЙРІГІ - 2024 |  ХАМЗА ЧЕМПИОН
2:16:21
«Қаныш. Қазына» телехикаясы І 3-бөлім
47:24
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 23 М.
Санжар Керімбай. Қаныш Сәтбай. 1-бөлім.
2:48:29
Орынгүл Кеңес
Рет қаралды 56 М.
CAJA MISTERIOSA DE DEMON SLAYER !!
00:49
Asbel Nazar
Рет қаралды 21 МЛН