«Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясы. 6-бөлім (Рус субтитр)

  Рет қаралды 619,637

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Күн бұрын

Телехикаяда Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылады. Міржақыптың «Оян, қазақ!» кітабының жарыққа шығуы, «Бақытсыз Жамал» романының жазылуы, революциядан кейінгі жылдардағы, ашаршылық кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы жылдары және жан жары Ғайнижамалмен махаббат хикаясы сериалда кезек баяндалады.
6 бөлімді тарихи туындының түсірілім жұмыстары Алматы облысында, Алматы қаласында, Міржақыптың туған жері Қостанай облысында өтті.
#Міржақып #Оянқазақ #Қазақстан #ҰлттықАрна #QazaqstanTV
Шұғыл ақпараттар: t.me/+epGbOLbw...
Қазақстан - qazaqstan.tv/
Facebook - / qazaqstantv
VK - qazaqst...
Twitter - / qazaqstantv
Instagram - / qazaqstantv
Telegram - t.me/+epGbOLbw...
Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз:
qazaqstan.tv/app

Пікірлер
@РустемТойжанов-х7к
@РустемТойжанов-х7к Жыл бұрын
Ассалаумалейкум Қазақ елі еліміздің қалаларымыздың ең көрнекті көшелерін міржақып дулатов пен алашордалықтардың аттарымен аталсын ағаиын
@КамшатМедеуова-ы8б
@КамшатМедеуова-ы8б 2 жыл бұрын
Батыр ата-бабамызға мың алғыс! Осыны бізге неге мектепте оқытпаған?! Ұрпағы білу керек. Осы фильмді шығуына себепкер болған барлық адамға Алла разы болсын!
@freshwater1149
@freshwater1149 2 жыл бұрын
Жунбаштар бизди зомби кылып ,биздин баатыр элдин тарыхын бурмалап окуткан
@gulmira.qurmetqyzy
@gulmira.qurmetqyzy 2 жыл бұрын
Сол ғой. Жасым 33 келіп, енді біліп жатырмын🥺🥺🥺
@КуанышКенжегараев-п8ч
@КуанышКенжегараев-п8ч 2 жыл бұрын
Әмин
@Gulzira1960
@Gulzira1960 2 жыл бұрын
Орыстарға қарсы күрескендерді оқытпады емес пе бізге. Қалған ұрпақтар білсе де болар еді
@БакытжанТемиров-ф2л
@БакытжанТемиров-ф2л 2 жыл бұрын
Егер сiз совет укiметiнде туылган болсаныз врятли окытуы
@ЖанияНурлыбекова
@ЖанияНурлыбекова Жыл бұрын
Керемет, өте тамаша түсірілген фильм, ендігі 16 желтоқсан күніне көтеріліске шыққан жастарымыз туралы түсірілсе. Қазақ тарихы толықтырылады
@КТК-д8ч
@КТК-д8ч Жыл бұрын
Кешір бізді, кешір Ұлы Қазақ! Кешір мына ұлттық санасы жоқ ұрпағыңды😢😢😢
@serikmyrzageldiev7299
@serikmyrzageldiev7299 Ай бұрын
Орыстардан кутылдык деп уф дегенде,ендi араптар бале болды баска.Ендi арап болып кетпесек болды.Оян казак деп Атейст,Таниршилер естерi бар екен.
@Алмат-ц9ш
@Алмат-ц9ш Ай бұрын
Ким аитты орыстардан кутылдын деп
@РаушанСейдахметова-ю1р
@РаушанСейдахметова-ю1р Жыл бұрын
Халық жауы деп аталған біздің нағыз батыр Аталарымыз. Жатқан жерлері жайлы болсын❤
@СаулеМарданова-я4у
@СаулеМарданова-я4у 2 жыл бұрын
Фильмді түсірушілерге, командаға мың алғыс! Тарих қойнауынан сусындатқан еңбектеріңіз ел алдында елене берсін! Алла тағала мұндай зұлматтың бетін әрмен қылсын!!!
@KZ.Atameken
@KZ.Atameken 2 жыл бұрын
Әумин!
@aygerimorynbek6149
@aygerimorynbek6149 2 жыл бұрын
Ұмытылып жатқан тарихымызды қайта көз алдымызға әкеліп, соны ұқтырып, қадірін білуге, қайта оқуға ындаландырған сериал ұжымына мың алғыс👏🏻😭
@araiaktan8163
@araiaktan8163 Жыл бұрын
Ali de dal osyndai jagdailar jalgasyp otyr!
@Aizere-m7r
@Aizere-m7r 2 жыл бұрын
Арыстарым - ай! Көз жасым тоқтар емес...Жандары жаннатта болсын! Солардың қанымен, рухымен, жанымен келген елдігімізді сақтайықшы. Олардың еңбектерін оқып, дәріптеп, ұрпағымызға үйретейікші. Қазағымның қастерлілерін жалмаған сол уақыттың саясатын да, шабарманын да, мысқылдап күліп, қазақты бір- біріне айдап салған орыстарын да, сатқындарын да жек көрем! Жек көрем! Көріңде өкіргірлер дейін бе, не дейін! Алашымның арыстарын ардақ тұтайық! Фильм үшін мың алғыс!
@МикаМика-м2ъ
@МикаМика-м2ъ 2 жыл бұрын
😪😪😪😪
@ЖенисКурманбаев-ъ2з
@ЖенисКурманбаев-ъ2з 2 жыл бұрын
Қайран Арыстарай, Бұлар тірі болғанда,Бұндай зұлмат болмағанда,Қазақ Жапон,АҚШ,Тұрік,Европамен тереземіз тең,Сексен миллион Ел болар едіік,Білімді ,Ғылым игерген Ел болар едік,Қайран Алашым.
@Айсель-с1ж
@Айсель-с1ж 2 жыл бұрын
@@ЖенисКурманбаев-ъ2з 😢😢😢
@sadykhalyqemi07
@sadykhalyqemi07 2 жыл бұрын
Әмин
@semasema6438
@semasema6438 2 жыл бұрын
😭😭😭😭😭
@НОДГПНЖС
@НОДГПНЖС Жыл бұрын
10 қазақ тұрып бір-бірімен орысша сөйлегенді көрсем, тәуелсіздік үшін, қазақ тілі үшін өмірлерін берген аталарымнан қатты ұяламын😢
@freeskill8795
@freeskill8795 Жыл бұрын
В свои 40 лет я со стыдом признаю что незнаю героев нашей истории, таких как Мыржакып Дулатов. Мы учили мировые войны, революции читая толстые учебники, а история Казахстана была маленькойтонкой брошюркой😢. А сколько достойных людей своей земли мы еще незнаем😢. Рахмет создателям таких фильмов за потрясающие чувства от просмотра фильма и истиную цену нашего сегодняшнего🙏🙏🙏
@ИнараКусаинова
@ИнараКусаинова Жыл бұрын
При СССР нам рты закрывали,не давали познавать нашу историю
@СабироваСания
@СабироваСания Жыл бұрын
Рахмет создателям замечательного фильма.К великому стыду не знала до сего времени о борцов патриотах казахского народа
@gazikalmyrzaev3761
@gazikalmyrzaev3761 Жыл бұрын
Они боролись за казахский язык, а вы разговариваете на языке хозяина.
@procrazy1060
@procrazy1060 Жыл бұрын
​@@gazikalmyrzaev3761Не стыдите. Мы выучим. Я тоже на пути к этому. Лучше поддержите нас. Бәрі болады, мотивация енді бар. Ақыл азбайды, білім тозбайды.
@Kai-kp3og
@Kai-kp3og Жыл бұрын
Была пропаганда москвы чтоб использовать казахов как рабов и нет никакого прекрасного советского союза и пусть расия получит по заслугам сполна за угнетение казахского народа
@Dc-vp7sb
@Dc-vp7sb Жыл бұрын
Вот что должны изучать наши дети по истории Казахстана!!!
@ЭльвираСадирмекова
@ЭльвираСадирмекова Жыл бұрын
Оқытып жатырмыз
@Али-э9е6т
@Али-э9е6т Жыл бұрын
Қазақша сөле
@Dc-vp7sb
@Dc-vp7sb Жыл бұрын
@armrestling555 учусь
@СаулеОрисбай
@СаулеОрисбай Жыл бұрын
Енді осыны қазақша жазуға болатын еді
@firekz9557
@firekz9557 Жыл бұрын
Қазақша сөйле
@АрайлымКалдарбек-к2ю
@АрайлымКалдарбек-к2ю 2 жыл бұрын
Көз жасым бірінші сериядан бастап төгілді... Барлық ата-бабаларымызға мың алғыс. Солардың арқасында сауатымыз ашық. Әлем бойынша жер көлемі бойынша 9 орында тұрғанымыз осы кісілердің арқасында
@anaruser957
@anaruser957 Жыл бұрын
Ияя...😢😢😢😢Амин
@НазираАрыкбаева-б5э
@НазираАрыкбаева-б5э Жыл бұрын
😢😢оңбаған орыстар нағыз қазақтарымызды қырған екен ғой😢😢.
@АланМолдашов
@АланМолдашов 7 ай бұрын
Әлі де қауіп басым есі дұрыс жұмыстарда орыс түрікқытайлар отыр.Жұмысқа тек 150000төлейді 1ай істеп денсаулықтан жұрдай болуда қазақ жастары.Күндіз сабақта ұйықтамастан түнгі асханаларға сменға 10000тг үшін айдалада оны4бөліп әрең береді
@himalay286
@himalay286 2 жыл бұрын
Алашымның жандары жәннатта болсын! орыстардың Қазағыма істегендері алдарынан шықсын!😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭 Тарих ешқашан кешірмейді!
@Topidg8
@Topidg8 3 ай бұрын
Орысша оқығаныма, сол халықтың тілінде сөйлегеніме арланып, өкініп отырмын. Осы тарихты ұрпақтар білуі керек. Осы аталарымыздың ойындағысы болғанда, мемлекетіміз баяғыда дамып, өркендейтін еді. Мына қанышер орыстардың ұрпақтары оңбасын. Шіркін ерлер-ай
@ЛидияДалакова-й3ч
@ЛидияДалакова-й3ч Жыл бұрын
Я Казахстанская ингушка! Посмотрела фильм, последние три серии проплакала навзрыд! Сколько боли и горе увидели наши старики! Как жаль что мы только сейчас начинаем учить свою историю! Светлая память Дулатову!❤❤❤
@BS-dq9ju
@BS-dq9ju Жыл бұрын
Рақмет вам! Ингушскому народу желаю Независимости и процветания!
@ЛидияДалакова-й3ч
@ЛидияДалакова-й3ч Жыл бұрын
@@BS-dq9ju ❤️❤️❤️
@toyotalotos5817
@toyotalotos5817 Жыл бұрын
Обидно за жизнь наших погибших батыров, настоящих патриотов. До слез. 😢😢😢пусть они были байского сословия, но это не мешало им быть настоящими казахами,интеллигенции, которые любили свой народ, и хотели видеть будущее своего казахского народа светлым, образованным и не под гнётом людей, прикрывающихся маской Коммунизма😮
@даулетхан-б2ь
@даулетхан-б2ь Жыл бұрын
не плакать надо. А бороться против советского фашизма. Люди могут только ныть и плакать. Нам не нужны слабаки. Нам нужны люди, способные противостоять русскому миру
@МазкиЦитология
@МазкиЦитология Жыл бұрын
@@даулетхан-б2ьКелісемі сізбен 🤝. Әліде орыстардың зияндары бітпей, әсерін жағалай шамалары келгенше жасап жатыр 😡. Олардың елімізден шыққанын қалаймын.
@Ссс-ь8е
@Ссс-ь8е 2 жыл бұрын
Осындай Міржақып Дулатов сияқты зиялылар осы замандада туылсын! Аталарымыздың жаны жанатта болсын, топырағы торқа болсын, жатқан жерлері мамықтай жұмсақ болсын! Сіздерді ешқашан ұмытпаймыз! Сіздерге көп рақмет. Дәл сіздердің арқаларыңызда біз осындай бақытты өмір сүріп жатырмыз!
@ЖамбылГайд
@ЖамбылГайд 2 жыл бұрын
Қазақ үшін еңбек еткен әр арыс азаматтарының жандары жәннатта болсын, әрқашан дұғамызда болып еңбектері өшпесін❤❤❤
@Qazaqstyle.606
@Qazaqstyle.606 2 жыл бұрын
ТУЫЛУЫН ТУЫЛАДЫ, БІРАҚ МЫНА ҚАЗІРГІ ҮКІМЕТ КӨЗІ АШЫҚ АЗАМАТТАРДЫ, ҚҰРТЫП ЖІБЕРЕДІ, ОСЫ ЖҮЙЕ ӘЛІ БАР, ТОЛЫҚ АЙТА АЛАМЫН.
@bolathanbolathan3238
@bolathanbolathan3238 2 жыл бұрын
Әмин
@children_game95
@children_game95 2 жыл бұрын
Ех біздің заманда туылса бірден атып саладыгой😢
@законай
@законай 2 жыл бұрын
@@children_game95 неге олай дейсіз?
@nurgulkudaibergenovna3211
@nurgulkudaibergenovna3211 2 жыл бұрын
Осы фильмді көріп отырып өзім үшін қатты ұялып кеттім. Қазақтың алыптары, басыңды өлімге тігіп қазақтың бақыты үшін арпалысқан арысым-ай! Өмірің неткен қиындыққа толы еді. Мұратың ұлы, ниетің қаншалықты таза болса, жанындағы есерсоқ есектердің пиғылының төмендігі мен жиіркенішті ластығын-ай! Сендердің өмірлерің туралы білген сайын жүрегім езіліп кетеді. Езіліп отырып сендермен теңескім келіп кетеді. Жаныңыз жәннатта болсын арыс бабам 💖💖💖🇰🇿
@АкмаралШажанбаева
@АкмаралШажанбаева Жыл бұрын
Мен де дәл осы аралас сезімде отырмын - өкініш, қайғы, жиіркеніш, ұят қысып барады, біз не істеп жүрміз? Бұл ағаларымыздың өмірін қиып күрескен қазынасы - қазақтың тәуелсіздігі мен ұлттың бірлігі, тілдің тазалығы, соның бәрін біз үшін жасап кетті. Біз болсақ сүмеңдеп орыс тілінде шүлдірлеп жүрміз. Өте жиіркенішті осы ісіміз. Сондықтан, ең құрығанда өз тілімде сөйлеймін өз елімде деп шештім. Жан таласып орыс тілін үйрендік, сосын оны мақтан еттік, өз тілімізде сөйлеуді ар көрдік... Өз басым да солай жасадым, сол үшін ұяттан өліп барам. Кешіріңдер, арыс ағалар, біз енді сіздердің істеріңізді жалғастыруға міндеттіміз. Киноны шығарған жандарға миллион алғыс...
@huaweigr3446
@huaweigr3446 Жыл бұрын
😢😢😢😢
@ДанаМарат-с8п
@ДанаМарат-с8п Жыл бұрын
❤❤Ж❤❤😢00005000000001
@СветланаМелещенко-я3в
@СветланаМелещенко-я3в 8 ай бұрын
Через 58 лет реабилитировали, значит признали свои не правильные действия, но какой ценой!!! В любом государстве есть такие Храбрые смелые люди, которые борются за правду честь и достоинство своего народа тяжело им приходится на своём пути, но в конце концов сам народ оценивает его деятельность как подвиг, даже спустя полвека восстановили его честное имя🤔
@РозаАбдикасова-х6ы
@РозаАбдикасова-х6ы Жыл бұрын
"Іштен шыққан жау жаман!""Мың өліп,мың тірілген"қайран қазағым"!"Біріңді қазақ -біріңді дос,көрмесең-істің бәрі бос"!😢😢😢😢😢😢😢
@ЫксанБелибаева-ы4з
@ЫксанБелибаева-ы4з Жыл бұрын
Не деген ғажап кино! Міржақып атамыздың есімі мәңгі тірі. Себебі ұлтын сүйген, ұлтжанды азаматтың көрген бейнетінің зейнетін қазақ ұлты көріп отыр. Сол себебті де МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫНЫҢ ЕСІМІ МӘҢГІ ТІРІ 🤲🤲🤲 БАТЫР БАБАМЫЗ МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫНЫҢ ТОПЫРАҒЫ ТОРҚА, ЖАНЫ ЖӘННӘТТӘН БОЛСЫН 🤲🤲🤲 КИНОНЫ ТҮСІРГЕН ТҰСІРІЛІМ ТОБЫНЫҢ РЕЖИСОРЫНА , АКТЕРЛАРЫНА, КИНО СЫРТЫНДА ЕҢБЕК ЕТІП КӨРІНБЕЙ ҚАЛҒАН БАРШАҢЫЗҒА БАСЫМДЫ ИІП, МЫҢ АЛҒЫСЫМДЫ АЙТАМЫН. СІЗДЕРГЕ АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН 🤲🤲🤲 ҒАЖАП КИНО. ТЕБІРЕНБЕЙ КӨЗГЕ ЖАС АЛМАЙ КӨРУ МҮМКІН ЕМЕС. ҚАЗАҚ КИНОСЫ ЖАСАСЫН 🙏🌹🌹🌹🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@zhanelyaislam4
@zhanelyaislam4 Жыл бұрын
Спасибо всем, кто принял участие в создании сериала🙏🏻 Вечная память алашординцам.
@akparmurat7278
@akparmurat7278 Жыл бұрын
Әсер алсаң қазақша жазар едің
@ДиасКанатов-у5г
@ДиасКанатов-у5г Жыл бұрын
@@akparmurat7278 Патриот болу және нацист болу-екі түрлі нәрсе
@DANIYAR-e3r
@DANIYAR-e3r Жыл бұрын
​@@akparmurat7278мумкин орыс шыгар,соган да ракмет
@КунсулуЮсупова-г9г
@КунсулуЮсупова-г9г Жыл бұрын
Тым болмаса осы киноны көріп отырып қазақша үйренуге талпыныс жоқ па?
@Ayash1988
@Ayash1988 2 жыл бұрын
Па шіркін, көзге жас алмай көру мүмкін емес еді😭! Осы күнге жеткеніміз Қазақ ақын жазушы Ата-Бабаларымыздың қанымен терімен келген орасан зор еңбектеріне мың тағзым! Келешек өскелең ұрпақ қаншама қиындықпен келген Жерімізді елімізді сақтаса екен! Қазақстан мемлекеті болып отырғанымыз осы Алаш Орда ақын жазушыларының арқасы деп білгейсіздер! Осындай тарихи киноларымыз көбейе берсін, әрбір рөлді сомдап шыққан актёр Аға-Апаларымызға, Бауырларымызға АЛЛАҺ ТАҒАЛА разы болсын!
@МеруертҮйсін
@МеруертҮйсін 2 жыл бұрын
Ата жауымыз орыс деущі қаиран әкем осынның ішінде болдыма екен? Не көрмеген қаиран Қазақтың арыстары жандарың жанатта болсын!!! Осы киноны көріп көз жасвмды тия алмадым осы киноны жарыққа шығарып осындаи баилығын шынаиы ықыласпен оинаған кино саласындағы қыз жігіттерге алғысым шексіз Алланың нұры жаусын тек бұнымен бітбесін қазақтың басынан өткен қилы заман оқиғаларынан тағы кино оинасын күтеміз асыға күтеміз бұның бәрі шындық шындық қашанда ашылады. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын әумин 🤲.
@ҒайниұлыЗаңғар
@ҒайниұлыЗаңғар 2 жыл бұрын
Не деген жүрек болған осы кісілерде!!! Қайран қазақ елім ай, әлі де оянбай келеміз... Қаншама батырларымызды орыс оңбағандар жойған, бізді құл қылу үшін, қазақ елін. Біз әлі де құл боп жүрміз, тіліміздің қадіріне жете алмай!!!
@GGG-md6ye
@GGG-md6ye 2 жыл бұрын
Дурыс айтасыз. Бирак казактардын Ози саткындык жасап жур гой. Казир де дым озгермеген
@dikhanbaeva_a
@dikhanbaeva_a 2 жыл бұрын
Қазір оқытылады 8-сыныптың Қазақстан тарих кітабында Міржақып, Ахмет және тб алаш қайраткерлері жөнінде жазылған
@sarykyz_kz
@sarykyz_kz Жыл бұрын
Мен бесеудің хатынан білемін осы оқиға туралы,4 сыныпта оқыған болатынбыз, әлі күнге дейін есімде 🥹💔 алаш қайраткерлері қалай қыйындық пен азапты бастан кешкендері үш ұйықтасақта біз дәмін әлі де сезбедік ,олар өткен жолдан біз өте аламыз ба😢? Қазір 20 ға келдім ,елестетсем көзімнен жас парлап ағады 💔 5 рет көрдім қайта -қайта...
@arman-yo2fl
@arman-yo2fl Жыл бұрын
Казакты орыс емес Оз казагы куртты казирде Сол система
@anaruser957
@anaruser957 Жыл бұрын
​@@sarykyz_kzУятСоны айтам😢
@АлиАли-с3б
@АлиАли-с3б 2 жыл бұрын
Жыламау көру мүмкін емес. Мыржақыптың рөлін сомдаған актердің жанары недеген өткір еді, әкесін күтумен өткізген, өмір бойғы сағынышы еріксіз көзге жас келтіреді екен.
@БейбитКурбанаев
@БейбитКурбанаев 2 жыл бұрын
Ия дұрыс айтасыз
@УлжалгасКурбанова-н9ъ
@УлжалгасКурбанова-н9ъ 2 жыл бұрын
Бақыт Хаджибаев көрші көшеде тұрған, менің әпшемнің кластасы 🙂оның туысы менің кластасым 🙂бірге біздің көшеде ойнаушы ек ылғи🙂
@АманжанТеміржанұлы
@АманжанТеміржанұлы Жыл бұрын
Атамыздың ақталғанын көргенімде еріксіз көзіме жас келе берді келе берді😢😢 . Әруағы бүткіл Қазақ елімді желеп жебеп жата берсінші тек!
@ЛейлаРамазанова-ш3ъ
@ЛейлаРамазанова-ш3ъ Жыл бұрын
Жандарың жәннатта болсын, Алаш Арыстары! Сендердің арқаларыңда Қазақстан бар, біз бармыз.
@КамбарЧилибаев
@КамбарЧилибаев 2 жыл бұрын
Қазақтың мемлекет боп қалуына үлкен үлес қосқан аталарымыз ғой ,жаны жәннәттә болсын ,рухтарына мыңнан бір рахымет
@rayhanbarmakova9950
@rayhanbarmakova9950 Жыл бұрын
Әмин 🤲
@Максспин
@Максспин Жыл бұрын
Аумин😢
@zhanerkezeilbekova5647
@zhanerkezeilbekova5647 2 жыл бұрын
Көріп отырып жыладым, жан-тәніммен сезіндім. Қазақ елімнің дамуына үлкен үлес қосқым келеді. Қазағым алға 🇰🇿❤️
@ШашлычОК-н7с
@ШашлычОК-н7с Жыл бұрын
Какой тяжелый фильм. Переживал как за себя. Пусть упакоится душа этих людей!
@AK-kf9pl
@AK-kf9pl Жыл бұрын
Осы фильмнен кейін ана тіліңізді дамытып, ұрпағыңыз да ана тілінде сайрайды деп сенемін. 🙌
@БаубекБаубек-в1ц
@БаубекБаубек-в1ц Жыл бұрын
Орысша маңырамаш орысқұл мәңгүрт
@araiaktan8163
@araiaktan8163 Жыл бұрын
Takie I ceichas proishodit! i
@Гулимм-и5у
@Гулимм-и5у Жыл бұрын
Тілімізді бұрмаламай қай жерде қай ортада жүрсекте ана тілімізде сөйлеп ана тілімізде ойлап жүрейік Оян Қазақ не деген жүректі оятатын сөз ойанайық көзімізді ашайық халқым✊️ аталарымыз ға мың алғыс елім жерім деген жүректеріңізден айналдым.
@9sulta9
@9sulta9 Жыл бұрын
В чём смысл нашей сегодняшней жизни?Что мы сделали и делаем для своей страны и своего народа? Фильм трогает до глубины души и даёт задуматься о многом. Великие люди.Жандары жәннатта болсын
@ulanabiev7415
@ulanabiev7415 4 ай бұрын
Ештеңе түсінбеген екенсиз туснгенизде орысша жазбас единз
@ndulatova1996
@ndulatova1996 2 жыл бұрын
😭😭😭не деген өмірлері ауыр болған, тек жылаумен көрдім. Қазіргі тағдырымызға Альхамдуллилах деймін. Аталарымыздың , апаларымыздың аруағы жаннаттың төрінде болсын, ол кісілерге басымызды иеміз😥
@KZ.Atameken
@KZ.Atameken 2 жыл бұрын
Аумин!
@aizhokaa_
@aizhokaa_ 2 жыл бұрын
Жыламай көру мүмкін емес, мына кеудемдегі сезімді айтып жеткізе алар емеспін! ОЯН, ҚАЗАҚ дегенде денем дір ете қалды! Қазақ елі үшін Алаш азаматтары басын бәйгеге тігіп осы күнге жеткізді! Жатқан жерлеріңіз жайлы болсын АЛАШ АЗАМАТТАРЫ🤲🏻🙌🏻
@EnlikGalymbek
@EnlikGalymbek Жыл бұрын
😢
@erlan9622
@erlan9622 Жыл бұрын
Биргемиз 😢😢😢
@gulsimongarova3940
@gulsimongarova3940 Жыл бұрын
Кинотеатрге бармай уйде коргеним дұрыс болды-ау. Сезімге беріліп өксіп әбден жыладымау. Қазақтын болашағы үшін қиылған әр бір аталарымыздың жандары жанатта болсын
@zerejarkin4593
@zerejarkin4593 Жыл бұрын
Осы фильмге қатысы бар , барлық жандарға Алла ұзақ ғұмыр берсін🤲🏻
@Meruert_Soyuzqyzy
@Meruert_Soyuzqyzy 2 жыл бұрын
Елім, тілім, дінім деп жан пида еткен ата-бабаларымызды Алла панасына алсын.❤
@ayaru_shoqan
@ayaru_shoqan 2 жыл бұрын
Түсірілім тобына үлкен алғыс! Қазақ тарихын қайта жаңғыртып халыққа таныстырып жатырсыздар, істеріңізге береке берсін 🤲 Алла разы болсын 🤲
@muslimamuslim2172
@muslimamuslim2172 2 жыл бұрын
Осы фильмди көріп отырып қазіргі жағдайымыз үшін қатты ұялдым… Арамыздағы жынысын ауыстырып, батысқа еліктеп, тикток деп ұятты ысырып қойғандарды ойлап жаман болдым… “Қайран ата-бабам-ай…”,- деп… Осы зиялы кісілер өмірлерін біздің жарқын болашағымыз үшін қиғанын түсініп, соның қадіріне жете білсек қой…
@Qazaqstyle.606
@Qazaqstyle.606 2 жыл бұрын
ТИК ТОКТЫ ҚОЙШ, БИЛІКТІ АЙТСАЙШЫ ДӘЛ ОСЫ ЖҮЙЕМЕН ӘЛІ КЕЛЕ ЖАТЫР, ОЙ АЛЛА ӨЗГЕРМЕГЕН, ШЫНДЫҚ АЙТҚАНДАР ӨЛІП ЖАТЫР, ҚАМАЛЫП ЖАТЫР..
@ulbossynmoldagalieva3040
@ulbossynmoldagalieva3040 2 жыл бұрын
@@Qazaqstyle.606 дұрыс айтасыз
@ЕрланАлиев-э3м
@ЕрланАлиев-э3м 2 жыл бұрын
Дұрыс айтасыз, қайран ата бабаларымыз,
@АлиАлиаскаров-щ2г
@АлиАлиаскаров-щ2г 2 жыл бұрын
Мыкты кисилергой.
@Araychanelkz
@Araychanelkz 2 жыл бұрын
Ия өкінішті .
@БекенТағай-х1в
@БекенТағай-х1в Жыл бұрын
Біз үшін тәуелсіздігіміз үшін жан қиған батыр бабаларыма мың тағзым Аллах жәннаттан орын сүйіншілесін
@НурданияКуанышева
@НурданияКуанышева 2 күн бұрын
Қандай өкініш осындай дара әрі дана ардақтыларымыздан осылай айырылғанымыз Кино түсірген кісілерге АЛҒЫС Алла разы болсын 🙏👍
@kuralaymereke4631
@kuralaymereke4631 2 жыл бұрын
Шебер адмның туындысы, тамаша картина жасапсыздар! Міржақып атамыз жайлы түк білмеппін, осыдан кейін өзімду жалқау, көкбауыр адамдай сезініп отырмын. Қазақ қазаққа жанашыр, дос болып, бірігейік💗
@К.Д2018
@К.Д2018 Жыл бұрын
Көпшіліктің ойын жаздыңыз!
@СараБекина
@СараБекина 2 жыл бұрын
Телехикаяны түсірген ұжымға, актерларға мың алғыс! керемет әсерлі, актерлар өз кейіпкерлерін шынайы сомдаған. Мыржақыптың рөліндегі актер өте талантты екен, көп рахмет. Осы сериалды көргендер, әсіресе өзге тілде шүлдірлегендер намысы болса ойланатын болар...
@jandeveloper
@jandeveloper 2 жыл бұрын
Осы телехикаяны және Ахмет Ұлт ұстазын түсірген Мұрат Есжан бауырымыз нағыз қазақ-мұсылман АҚШ-тың San Francisco Academy of Art University түлегі. Аллаһ разы болсын!
@Мультикидлядетей-к6у
@Мультикидлядетей-к6у Жыл бұрын
Жыламай көру мүмкін емес. Жатқан жерлері жайлы, жандары жәннатта болсын Арыстарымыздың!
@ДаникДаник-ы7с
@ДаникДаник-ы7с Жыл бұрын
Қазағым деп шырылдап, жандарын құрбан еткен Арыстарым. Осы бейбітшілік өмірде, өз көк туымыз, өз мемлекетімізде, көк аспанымыздың астында Алладан кейінгі Сіздердің арқаларыңыз. Жандарыңыз жанәттә болсын! Фильмге атсалысқан баршаңызға үлкен алғыс! Еріксіз көзге жас беріп, кеудеге рух беріп, жастарымыздың санасына Алаш Арыстарымызды жаңғыртқан үшін үлкен рахмет. Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты. Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп, Қарағым, енді жату жарамас-ты. (М.Дулатов, “Оян қазақ”) Неткен керемет айтылған. Мәңгі жүрегіміздесіздер. Қазақ елім аман болсын!
@ГулсараАязбаева-т4м
@ГулсараАязбаева-т4м Жыл бұрын
Миржакып атамыздын жаткан жери жайлы , жаны жаннатта болсын !
@sembaevari
@sembaevari 2 жыл бұрын
Шіркін, өзіміздің тарихымызды көркем жеткізіп, халыққа көрсете алатын күн туды!
@ШолпанКалиаскарова
@ШолпанКалиаскарова Жыл бұрын
Қандай керемет кино жылап отырып көрдім қайран болған қазағым ай 😢 осы киноны шығарған адамға мың алғыс ❤😢😢
@АрайлымСексенова
@АрайлымСексенова Жыл бұрын
Фильмді көріп жылымау мүмкін емес. Барлық ұжымға рахмет осындай кино түсіріп! Мыржақып атамыздың ролін ойнаған актерге мын алғыс!
@ГузеляТурсунова-ш2о
@ГузеляТурсунова-ш2о Жыл бұрын
Мен өзім ұйғырмын, бірақ Қазақстанда туылып,өстім, қазақ мектебінде оқыдым, қазақ тілін өте жақсы білемін. Қанша қиыншылық көрседе, бауырмалдылық, өзге ұлтты шектемей, ұйымшыл болып қалғандарыңызға ризамын. Фильм 100% деңгейде түсірілген. Әдебиетте оқыған барлық ұлт азаттарын көзіммен көргендеймін.
@Askonti639
@Askonti639 Жыл бұрын
Жарайсың бауырым🖐
@klim_aibek
@klim_aibek 6 ай бұрын
Рақмет! Сіздің ұлтыңыз ұйғыр болғанмен, жаныңыз қазақ, жүрегіңіз Алаш деп соққандай.
@НурданияКуанышева
@НурданияКуанышева 2 күн бұрын
Жандары жәннәта болсын 🤲 Қараңғы жері жарық болсын 🤲 Алаш арыстарына МЫҢ АЛҒЫС
@zhumadins_
@zhumadins_ 2 жыл бұрын
Қазағым-ай😭💔 Тап сіздердің заманда өмір сүрсек жүрегіміз қарс жарылып, өліп кетер едік😭😭😭 Барлығына шыдаған кіршіксіз ақ жүректеріңіз бен мойымас қайраттарыңыз бен ар-намыстарыңызға тағзым🤲🏻🤍 Өздеріңіздің ұрпақтарыңызды жалғар ұрпақ болуды бізге нәсіп болсын🤲🏻💞 Аллам сіздерді пейіштің төрінде етсін💗🤲🏻
@СанияШулгавбаева
@СанияШулгавбаева 2 жыл бұрын
Әмин 🤲🤲🤲😭😭😭
@ulbossynmoldagalieva3040
@ulbossynmoldagalieva3040 2 жыл бұрын
Әумин!
@АлтынМаханбетова-э1о
@АлтынМаханбетова-э1о 2 жыл бұрын
Қайран Алаш арыстары! Сіздер жүрген ауыр жол үшін мәңгіге қарыздармыз! Тарихи ерен тұлғаларымыздың күрескерлігін, жанкешті еңбегін жарыққа шығару жолында еңбек еткен барлық қазаққа мың алғыс!
@БибизатАбдуганиева
@БибизатАбдуганиева 2 жыл бұрын
Міржақып Дулатов Қазақты оятқан Батыр. Қайталанбас тұлға. Алып тұлға. Жүрегім ауырып тұр осыдай алыптарымызды бізге танымау ауыр күнә😓
@АйганымТургунбекова
@АйганымТургунбекова 4 ай бұрын
Оята алмай кеттигой 😭
@leila__decor
@leila__decor Жыл бұрын
😢😢😢коз жасымды тыя алмадым Осы фильмди дуниеге акелген ар кайсынызга Алла разы болсын Журекке жетти. Барлык казак баласы кору керек кино. Казагым-деген журектеринизден айналдым.Оте катты ойландыратын фильм.Биз не истеп журмиз,не ойлап журмиз?!Елиме,жериме не жасап жатырмын?!😢
@Inna_koroleva
@Inna_koroleva Жыл бұрын
Посмотрела на одном дыхании, лучшее за последнее время. Оян қазақ!
@serikaizhan1079
@serikaizhan1079 Жыл бұрын
Ел үшін жеріміз үшін қурбан болған Алаштықтарды Алла рақымына алғай Пайғамбарымыздын (оған Алланын сәлемі болсын) шапағаты болған🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻
@ГаниСадыкбеков-ы5м
@ГаниСадыкбеков-ы5м Жыл бұрын
Әмин 🤲
@Janiyagacha-_-
@Janiyagacha-_- Жыл бұрын
Кино тиятырдан кореалмағандар ютывтан кориндер
@zhanichzhandos9626
@zhanichzhandos9626 Жыл бұрын
Аминь 🤲
@КулайшаАбдибекова-ф8г
@КулайшаАбдибекова-ф8г 2 жыл бұрын
Небір қазақтың данышпандары жазықсыздан халық жауы болған екен ,қайран қазағым ,мың өліп мың тірілген
@user-pj8uv9lk1v
@user-pj8uv9lk1v 2 жыл бұрын
Әсерлі. Сонда ұлы қайда кетті? Бір серияда шетінеп кетті. Сосын кішкене өсіп қалған кезін көрсетеді. Сосын қайда кетті???
@kiberx469
@kiberx469 2 жыл бұрын
@@user-pj8uv9lk1v шетінеп кеткен бірінші ұлы Абылай, өсіп қалған бала Әлібек екінші ұлы кейін ол да қайтыс болған
@ЕлдосЖұбатқан-э1й
@ЕлдосЖұбатқан-э1й 2 жыл бұрын
Рахмет сіздерге Аталарым Аттарың ақталды,таза қазақтың маңдайына бітіп алға жетелеген сіздер мәңгі есімізде боласыздар Келер ұрпаққа да сіздердің ерен еңбектеріңізді жеткізу бізге,парыз әрі міндет
@МикаМика-м2ъ
@МикаМика-м2ъ 2 жыл бұрын
😔😔😪😪😪😪
@АлмагульБубентаева
@АлмагульБубентаева Жыл бұрын
Қазіргі заманда тариқ пәнінен осыларды оқыту керек. Жастар білу керек шындықты
@КарлыгашСулейменова-ш7с
@КарлыгашСулейменова-ш7с Жыл бұрын
Потрясающе!Спасибо за фильм всем кто принимал участие в создании этого шедевра! Сколько боли и страдания пришлось вынести моему народу.Благодаря таким смелым и стойким сынам казахского народа живёт и будет жить наш народ!Светлая память героям-Алашардинцам.
@Джедай-х7г
@Джедай-х7г Жыл бұрын
Осы фильмді биліктегі КНБ, МВД т. б депутаттарға көруге міндетте у керек!!!
@Gulshatcooking
@Gulshatcooking 2 жыл бұрын
Улттык Арна осындай туындыларды кобирек шығару керек.Актерлар мықты.Алашорда құрбандарының рухтарына мың тағзым.🙏
@АминаУмирзак-е8у
@АминаУмирзак-е8у 2 жыл бұрын
Толықтай бәрін көріп шығыңыздар😢Өте әсерлі мықты кино екен😢Осы кісілердің арқасында бейбітшілік елде өмір сүріп отырмыз😢
@АлтынайСарсенгалиев
@АлтынайСарсенгалиев 2 жыл бұрын
Қайран, асыл текті аталарымыз халық үшін қан жұтып, ел үшін еңіреген... Алла жар болсын, осындай керемет фильм түсірген ұжымға!
@КарлыгашСагымбекова-т9о
@КарлыгашСагымбекова-т9о Жыл бұрын
Қайран қазағымай 😢жәндерің 😢жаннатта болсын керемет түсіріліпті жылап отырып көрдім
@ХарбиМадиев
@ХарбиМадиев Жыл бұрын
Бұл туындыға әдебиет өнер саласындағы ең жоғарғы сыйлықты беру керек Бұндай мыңдаған жүз мыңдаған халықты жылатқан өмірге деген көзқарасын өзгерткен өздерінің кім екенін еске салған туынды жоқ Творчествалық коллективке мыңда бір рахмет Алаш арыстарының жандары жәннәта тәндері рахатта болсын
@ДинаЖармакова
@ДинаЖармакова Жыл бұрын
Спасибо создателям подлинного исторического шедевра! Этот фильм настоящее достояние народа Казахстана !
@zhakentus8744
@zhakentus8744 Жыл бұрын
Қазақша жаз орысқұл
@ГалияСаутбекова-ю9с
@ГалияСаутбекова-ю9с Жыл бұрын
​@@zhakentus8744перісің
@mistermister6545
@mistermister6545 Жыл бұрын
Сасық орыс қазақша жаз
@БаубекБаубек-в1ц
@БаубекБаубек-в1ц Жыл бұрын
Орысша маңырама орысқұл мәңгүрт,елді сататын сен сияқты орысқұлдар
@asi.KULAKHMETOVA
@asi.KULAKHMETOVA Жыл бұрын
Неге орысшалап отсың шынымен жаның ашыса 😡
@АянТемірбек
@АянТемірбек 2 жыл бұрын
Жүректен жас ақты-ау... Алла ел үшін жанын пида еткен батыр бабаларымызға жұмақ нәсіп етсін.
@ГулбаршынАйтжанова-я7ю
@ГулбаршынАйтжанова-я7ю 2 жыл бұрын
Жандарыммм😥 Шыбын жаны қиналған Ұлыларым...Елім деп еңіреп кеткен Есіл ерлерім...Жандарың жәнатта болсын...
@АскоБактыбаев
@АскоБактыбаев Жыл бұрын
Аталарымыз қандай мықты Адамдар болған. Киноны түсірген ұжымға басымды ием, Ш. Аймановтан кейн тек сіздпрді көріп тұрмын ақиқатты жұмбақтап эпизодтарға әдемі енгізіпсіздер. Сол кездп де, 88 ж кезеңде де, қәзіргі кезде де Қаншсма жақсы Адамдардың оң істеріні теріс көрсетіп өз пайдасына жұмсайтын майда адамдар көп екенін. Ақталуына кедергі жасағандар, сол баяғы сатқын Базарбек сияқтылардың тұқымы, үлкен қызметтерге жайғасып алған.
@АсемНурсолтан
@АсемНурсолтан Жыл бұрын
Осындай ұлы адамдарымыздың қара күйе жағылып,қапыда кеткендері,арқама аяздай батты 😢 Қандай іс түссе де бастарын бәйгеге тіккен,асыл азаматтарым-ай!Жандарыңыз жәнатта болсын!🤲
@Талгат5
@Талгат5 2 жыл бұрын
Осындай туындылар тасада қалып қойып жатқаны өкінішті.Бұған бір себеп,ол жарнаманың болмауында.Біреуді даттап,жамандағым келмейді,бірақ əншейінде "елім,жерім,қазағым" дейтін Төреғали,Қайрат сынды əншілер тым болмағанда инстаграм парақшасына салып жіберсе,қазаққа бір пайдасын тигізген болар еді.
@НурайМуханова
@НурайМуханова 2 жыл бұрын
Телехикая түсірген ұжымға үлкен рахмет❤ Көзімнең жас тоқтар емес Өте әсерлі қазақ деп шырылдаған зиялыларымыз жатқан жері жайлы болсын
@НурсултанАяпов-ф6ж
@НурсултанАяпов-ф6ж Жыл бұрын
Өте керемет түсірілген фильм болды. Жүрегі қазақ деп соққан, "Оян қазақ" деп шырылдаған тарихшы нағыз азаматтық танытты. Фильмнің өзі жүз оқулыққа татитын керемет туынды болыпты.
@РайханАппазова
@РайханАппазова Жыл бұрын
Керемет кино! Осы батырлардың арқасында біз өмір сүріп жатырмыз! Еліміз тыныш болсын!!
@togzhanrashiden9716
@togzhanrashiden9716 2 жыл бұрын
Өте әсерлі кино.. Алаштың ардақты азаматына арнап кино түсірген жвндарға мың алғыс! Қазіргі таңда шалқып тасып отырғанымызға себепші бірден бір кісілер осы кісілер..
@JangazyAlia2002
@JangazyAlia2002 2 жыл бұрын
Дұрыс айтасыз
@ГулжаннаАБУБАКИРТЕГІ
@ГулжаннаАБУБАКИРТЕГІ Жыл бұрын
Қандай мағынасы мықты рух беретін кино,осы кісілерге рахмет бізді осы күнге жеткізген
@kaiyrlysapabek
@kaiyrlysapabek Жыл бұрын
Керемет туынды үшін рахмет. Бір ғасыр бойы оянбай келе жатқан қазақтарым-ай.. қазақтар өздерінің кім екенін білсе.. деп бекер айтпаған ғой, соңғы бөлімін көріп еріксіз көзіме жас келді. Енді осыдан кейін қалайша біз босқа отырамыз?.. қашанға дейін тағы ұйықтаймыз? Қалайша осындай керемет тұлғалардың туған жерін керемет етіп қоймаймыз? Жеріміз, шүкір, бай дейміз, сол байлық қайда? Әлде сол байлық бір байдың қолында ма? Қазақтар бір-бірінің түбіне осылай жетеді екен-ау.. 30 жыл бойы бір мықты бірнәрсе істедік пе? Біздің мықты идеологиямыз қайда? Қайда соның бәрі? Ояныңдаршы, қазақтар, өтініш!! Өз елдіріңде қалындар, шетел асып кете бермей, қолымыздан келгеннін бәрін істеуге тырысайықшы, бұл елді өзгертетін біз ғана енді.. әр адам өзінен бастасағой шіркін. Шынымен де үлгі, сабақ аларлық туынды. Рахмет.
@marindaimler7749
@marindaimler7749 Жыл бұрын
Оте дурыс айтасын
@zhanaramirbekova8310
@zhanaramirbekova8310 6 ай бұрын
Қандай текті кісілердің ұрпағымыз. Аллаға шүкір! Ендігі мүдде осы кісілердің мүддесін жалғастыру болсын! Алла жолымызды оңғарсын! Оянған ұлт болуды Тәңірім жазғай!
@kadirbekova-1984
@kadirbekova-1984 Жыл бұрын
Осындай киноларды шығару керек,жастардың санасын оятатын,өте керемет
@Kaarakoz_
@Kaarakoz_ Жыл бұрын
Оянбадық Міржақып аға. Қазағың әлі оянбады.
@grt82guyt10
@grt82guyt10 Жыл бұрын
Очень хорошо снят фильм, браво актерам и режиссеру. Некоторые комментаторы после просмотра уходят в крайность, осуждая русских и даже русс.язык, каз.интеллегенцию убила советская власть как и евреев, узбеков и т.д. "Оян казак" это призыв: повышай уровень грамотности, уровень культуры, уровень образованности, развивайся, воспитывай достойно сыновей и дочерей, помни и чти историю, своих предков, свой язык и традиции, уважительно относиться к себе и другим. Они отдали свои жизни ради нашей независимости, ради своих потомков, ради нас. Перестанем обвинять кого то и искать виноватых, давайте начнем с себя, повышать уровень культуры, уровень образованности, учить языки. Все эти люди были высокоинтеллектуальными, начитанными, патриотичными, умными, нам есть на кого равняться.
@АбдуллахПоляков
@АбдуллахПоляков Жыл бұрын
Наконец-то хоть один адекватный комментарий. Правильно это исторический фильм, заслуживающий уважения. От сталинского режима пострадали многие выдающиеся люди разных народов. И не надо разводить джахилию, национализм и русофобию. Все настрадались.
@Gul-751kz
@Gul-751kz 24 күн бұрын
Именно русская власть их и уничтожила. И даже не власть весь русский народ с высока всегда смотрели на других народов. Я жила и выросла среди русских и видела и вижу их
@МолдирНуралиева-т1й
@МолдирНуралиева-т1й 2 жыл бұрын
Жүрегім -ай! Аталарым-ай, рухтарык шат болсыншы. Алдағы уақыттар қазақ үшін ең мықты жыл болмақ. Сәл ОЯНЫҢДАРШЫ халқым. Ата баба рухына қиянат жасамайық
@АйболганБалмаганбетова-г9о
@АйболганБалмаганбетова-г9о 2 ай бұрын
Керемет!❤❤❤..Қуанғаннан бір жылап алдым .Алаш азаматтарының жаны жаннатта болсын .Киноны түсір ген барлық ұжымға мың алғыс!❤❤❤
@МуратБоранов-с8ч
@МуратБоранов-с8ч Жыл бұрын
Аруагынан айналдым,Миржакып атамыз! Жаткан жериниз жайлы, топырагыныз торка болсын! Аумин!
@KZ.Atameken
@KZ.Atameken 2 жыл бұрын
Менің де есімім Гүлнар, бүгін туылған күнім. Не деген сәйкестік. Бәсе осы кісілерден берілген екен Отан сүйгіш қасиет. Көп оқығанмын қазақтардың басынан өткен қиындықтарын. Нацисист емеспін, әр ұлттың жақсы, жамандары болады... Біздің халық геноцидке қатты ұшыраған екен. Сол кісілердің ұрпағы ретінде жойылмай қалғанымыз қандай бақыт. Дүниеден өткен барша мұсылмандар жандарыңыз жәннәтта болсын Әумин!
@МадинБельгибаева
@МадинБельгибаева Жыл бұрын
Көзім жасқа толды.Қайран біздің халқымыздың Арыстары!! Алла жатқан жерлеріңізді жарық қылсын! Санамызды неше жыл улап келген Совет үкіметі ай,біздің осындай Арыстарымызды "халық жауы"деп жазықсыздае жазықсыз өмірлерін талқаның шығарды ғой.Қайран қазағым😢😢Қашан осынша қатты ұйқыдан оянар екенбіз!
@yelpatsalimzhan7147
@yelpatsalimzhan7147 2 жыл бұрын
Соңғы бөлім маған өте ауыр болды. Кинонің басынан бастап Гүлнар мен бірге қуанса қуанып, жыласа жыладым... Әкеге деген сағыныш пен жанға жапқан жаланы бірге көтердім... өксіп жылаумен болдым... мені де сол сағыныш құртып барады..... маған өте қатты ұнады. Алаш қайраткерлері туралы түсінігім одан сайын артып келеді. ... ЕНДІ Алаш қайраткерлері туралы шығармаларды оқып, оларды зерттегім келеді.....
@Juk84
@Juk84 Жыл бұрын
Керемет. Сондай әсерлі шыққан туынды. Кітаптан ғана бейнесін көрген тұлғаларды кинодан көру ерекше сезім береді екен. Алаш арыстары қайта тіріліп келгендей. Денем шымырлап, бір демде көріп шықтым. Бәріңізге мың алғыс❤❤❤
@КулпашСагындыкова-х5э
@КулпашСагындыкова-х5э Жыл бұрын
Фильмді түсіргендерге мың алғыс! Керемет туынды жасапсыздар! Шынайы көрсеткенсіздер! Ұлы тұлғалар туралы ұрпағы білуі тиіс! Сіздерден керемет жобалар күтеміз!
@catlover8787
@catlover8787 2 жыл бұрын
Керемет туынды. Алғысым шексіз 🌷🌷🌷Гүлнар апайымыздың әкесіне деген құрметі мен балалық парызы тебірентті. Жаса ҚАЗАҒЫМ!!! Фильмдегі сөз мәнері мықты шығыпты 👍🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@Kzh2574
@Kzh2574 Жыл бұрын
Фильмді түсірген шығармашылық топқа көп рақмет! Ештен кеш жақсы. Басқа да тарихи тұлғалардың өмірін суреттейтін осындай фильмдеріңіз жарыққа шыға берсін!!!!
@nurislamseiitbayev
@nurislamseiitbayev 2 жыл бұрын
Мұрат Есжан ағамызға, ұжымға мың алғыс! Осындай құнды, тарихи туындыны жарыққа шығарып, елді тағы бір ояттыңыздар!!! Еңбектеріңізге сәттілік! Әлі де ашылмаған, зерттеуді, көрсетуді қажет ететін дүниелерді сіздерден зор үмітпен күтеміз!
@BalausaBalausa-s2w
@BalausaBalausa-s2w Жыл бұрын
Көппп көп рахметт Міржақып дулатов атамызға мың алғыс!!!
@КаримаБазарбаева-ч8р
@КаримаБазарбаева-ч8р 13 сағат бұрын
Балам екеуміз көрдік жылап.Балама осындай киноларды саналы түрде көрсетемін.өзім ағыл тегіл жыладым.Қандай мықты болған ата бабаларымыз.Біздің осал болуға хақымыз жоқ😢😢😢
@darkhanote9473
@darkhanote9473 2 жыл бұрын
Ұлттың рухын оятатын, санасын жаңғыртатын нағыз патриоттық туынды болған екен. Міржақып Атамыздың портреті керемет ашылған. Рөлін сомдаған актер тамаша ойнаған. Үлесі болған барлық азаматтарға мың алғыс!
@Amanchik1972
@Amanchik1972 Жыл бұрын
Өте әсерлі фильм, жасым 51-де болса да, Міржақып ағамызды ақтап шығарған құжатты оқығанда көзіме ерік бердім....Қайран қазақтың боздақтары ай, жатқан жерлерің жәйлы топырақтарың торқа болсын. Кім біледі, сол батырлардың істерін жалғастырып, қазақты оятатын батыр туған болар...
@Bibarys-t
@Bibarys-t 2 жыл бұрын
Фильмге атсалысқан ұжымға үлкен алғыс Көзге жас келді. Алаш зиялыларының еңбегі мәңгі жүректе қалады. Осындай фильмдер көбейіп жастардың білім, ғылымға деген ынтасы арта берсін, Алла елімізді аман қылсын
@jandeveloper
@jandeveloper 2 жыл бұрын
Осы телехикаяны және Ахмет Ұлт ұстазын түсірген Мұрат Есжан бауырымыз нағыз қазақ-мұсылман АҚШ-тың San Francisco Academy of Art University түлегі. Аллаһ разы болсын!
@ilyaseslyambekov8843
@ilyaseslyambekov8843 2 жыл бұрын
Иттер
@ilyaseslyambekov8843
@ilyaseslyambekov8843 2 жыл бұрын
Иттер это орыстар
@АйболганБалмаганбетова-г9о
@АйболганБалмаганбетова-г9о 2 ай бұрын
Керемет! Түсірілген кино,қарап отырғанда сол заманда жүргендей қатты қиналып отырмын.Актерлер шебер рөлдерді сомдаған.Үлкен рахмет!❤❤❤
@Астан-ж3г
@Астан-ж3г Жыл бұрын
Жатқан жерлері жәйлі топырақтары торқа болсын әумин!
@ЖанарКулибекова-ь9ф
@ЖанарКулибекова-ь9ф 2 жыл бұрын
Міржақыптың ролін өте тамаша сомдай алған!
@ТолкынАралбай-в1в
@ТолкынАралбай-в1в 2 жыл бұрын
Керемет түсірілген фильм! Қазақ даласын ұрпағына сақтап қалған зиялыларымыздың өмірі кейінгі ұрпаққа үлгі болсын! Алаш қайраткерлеріне тағзым етеміз
Ұлы Дала Зары / The Crying Steppe / Плач Великой Степи (2021)
1:48:54
Ұлы Дала Зары - The Crying Steppe
Рет қаралды 945 М.
«Ахмет. Ұлт ұстазы». Телехикая. 1-бөлім (субтитрмен)
53:37
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 711 М.
бэнг бэнг #aminkavitaminka #aminokka
00:11
Аминка Витаминка
Рет қаралды 4,1 МЛН
«Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясы. 6-бөлім (Англ субтитр)
57:39
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 494 М.
«Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясы. 5-бөлім (Рус субтитр)
59:02
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 983 М.
«Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясы. 3-бөлім (Рус субтитр)
55:52
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 1,2 МЛН
Өзбектер мен қырғыздар түрмелер мен ауруханаларды жаппай жауып жатыр | Әлем тынысы
30:54