Парасат майданы. «Феминизм деген не?»

  Рет қаралды 2,444

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Күн бұрын

30 мамыр - Халықаралық феминизм күні
#феминизм #парасатмайданы #дарханәбдік #Қазақстан #ҰлттықАрна #QazaqstanTV
Шұғыл ақпараттар: t.me/+epGbOLbw...
Қазақстан - qazaqstan.tv/
Facebook - / qazaqstantv
VK - qazaqst...
Twitter - / qazaqstantv
Instagram - / qazaqstantv
Telegram - t.me/+epGbOLbw...
WhatsApp - whatsapp.com/c...
Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз:
qazaqstan.tv/app

Пікірлер
@nurgisa3902
@nurgisa3902 Ай бұрын
Бұл шығарылымның қонақтары маған өте қатты ұнады.Пікірлерге қарап отырсам,көпшілік екі ханымның алғашқы минуттарда айтқан пікірлеріне байланысты тым ерте тұжырым жасап,оларды феминизм тақырыбын түсінбегендердей қабылдапты. Ханымдар феминизм түсінігін мысалдармен саяси,әлеуметтік тұрғылардан ашып көрсетті.Әсіресе,марафон туралы мысалы спикердің тапқырлығын көрсетті. Шығарылымның соңғы 7 минутында олар өте ұтымды әрі өткір пікірлер айтты.Жарайсыңдар,қыздар🎉
@КелдібайБерлібайұлыҰлжан
@КелдібайБерлібайұлыҰлжан Ай бұрын
Жақсы хабар екен.
@РетбекМағаз
@РетбекМағаз 2 ай бұрын
Мына қыздар-сабақты түсінбесе де, қол көтеріп өтірік сабақ айтып тұрып алатын группаластарымды есіме салды)
@elamanmyrzagali
@elamanmyrzagali 2 ай бұрын
Мына екі кісіге"барып қайталап кел"деп айтатындай болып тұр екен. Тұщымды ештеңе ести алмадым. Сұраққа да нақты жауап бере алмады. Көп адамдардың кумир көріп, соның пікірімен өмір сүріп жүргендегісі мынадай кісілер болса, өкінішті
@batyrkhan7462
@batyrkhan7462 2 ай бұрын
Керемет
@НормальныйБала
@НормальныйБала 2 ай бұрын
Екі спикердің ойлары жүйелі, иа түсінікті. Ал Дархан көкеміз ешқандай идиалогияны жақтамай, нейтралды, рационалды ойларымен таңдай қақтырды. "Дарханның ой өрісіне таңқалдым" деген комент осы жобаның астында болуы қажет😁
@Homo_sapienspyn
@Homo_sapienspyn 2 ай бұрын
😂
@Abai1845
@Abai1845 2 ай бұрын
​@@Homo_sapienspyn әр шығарылымға жазып отырсай 😂😂 лайк басып отырамыз екі дархан жолғып қалар😊
@beibarysmaksut3868
@beibarysmaksut3868 Ай бұрын
😂👏🏻👏🏻👏🏻 қолдаймын, дөп айттыңыз (шай әңгіменің көрермені ретінде айтайын)
@abylay001
@abylay001 Ай бұрын
Тауып айттыңыз, шынымен нөмір бір Дархан осы кісі
@АдикБаймен-и6б
@АдикБаймен-и6б Ай бұрын
Мен Дархан ағаға бола көрем осы бағдарламаны
@Marjane_hanym
@Marjane_hanym 2 ай бұрын
Дархан мырза тым идеалист. Жалпы "азаматтық қоғам құрылса, заң үстемдік етсе, адам құқығы сақталса, феминизмнің қажеті жоқ" дегенге келтіргісі келеді. Бірақ тәжірибе жүзінде бізге нағыз азаматтық қоғамға жету - айға жаяу барып-қайтқанмен тең ғой. Тіпті, дамыған елдер гендерлік мәселелерін толық шешкен жоқ. Теория жүзінде бәрі әдемі естіліп, орын-орнына тұра қалады, ал практикада олай емес. Ханымдар айтқандай, әйел мен еркек ең қарапайым деген тұрмыстық деңгейде тең болмай тұрған жоқ па бізде? Ал, балабақшадағы әңгіме, жұмыс орнындағы теңсіздік сияқты тұрмыстық мәселелерді көтергісі жоқ мырзаның. Бұл тақырып талқылауға тұрмайды, тек интеллектуал әңгіме айтылса. 😅 Дархан мырзаның теориясы мен Айгерім ханымның практикасы қақтығысып қалды, Тоғжан ханым, орысша айтқанда, пыталась сглаживать острые углы. Бұл мәселені 30 минуттың ішінде талқылап үлгеру мүмкін емес. Сондықтан, әрине, әдеттегідей, "жоқ, ол олай емес, былай" деген өз көзқарасын тықпалау орын алды. 🤷🏻‍♀️ Дархан мырзаны шексіз құрметтеймін, бірақ бұл жерде mansplaining басым болды.
@farabibilim_ubt
@farabibilim_ubt 2 ай бұрын
Браво 👏
@Anshyrqa
@Anshyrqa 17 күн бұрын
Мен ұлмын. Дархан мырза өзі ашық айтады идеология деген нәрсеге қарсымын деп. Ия ол тым идеалист. Бірақ шындыққа да қарау керек. Әйел адам дүниеге ұрпақ алып келетіні рас. Ол кезде баланың күтімі дегендей мәселелері болады бұл жағдай әйел карьерасына кесірін тигізбеуі керек, бұл жерде мен квота дегенді қолдаймын. Және әйел адамды жұмысқа аларда осы жағдайлар мен шынайылықтар ескерілуі тиіс және ол оның кемшілігі емес артықшылығы болуы керек. Мемлекет осыған жағдай жасауы керек әр әйел адам ұрпақ дүниеге алып келгенде жұмыс берушілерге де жағдай жасалғаны дұрыс. Себебі жұмысшысынан айырылудың орыны толтырылуы керек. Немесе ер адамның декретке шығуы ұят болмауы керек. Ұрпақ келгенде ер мен әйелге бірдей жүк түсуі керек.
@АдикБаймен-и6б
@АдикБаймен-и6б 2 ай бұрын
Үш қайтара тыңдадым. Өте қызық тақырып екен. Феминизм, - деген гей ма, лесбиянка ма сонда топтың еркіндік аңсаған ұраны ма ? - деп, жүргем. Сөйтсем бұл әділдік, теңдік. Еркіндік феноменін салтанат құрғанын қалайтын ұйым сияқты ғой Дархан Әбдіктің түсінігіне сүйенсек
@fredsimon8199
@fredsimon8199 2 ай бұрын
Ол ЛГБТ ғо.Лесби, гей, бисексуал және трансгендер деген мағынаны білдіреді
@СемейСемей-и8м
@СемейСемей-и8м Ай бұрын
Дархан бауырымыз керемет. Ойшыл. Красавчик
@aigerimkussaiynkyzy5752
@aigerimkussaiynkyzy5752 2 ай бұрын
Феминизм жайлы жақ ашпас бұрын, феминизм жайлы кітап оқып келу керек еді. Феминизмді фашизмге теңеу- адам құқығынан безу!
@beķing_07-k4l
@beķing_07-k4l 2 ай бұрын
Ол кісі тарихи теңсіздікке қарсымыз дегеніне мысал келтірді.Өткен ол өткен оны өзгерте алмайсың дәл қәзіргі сәтті ғана өзгертуің керек
@Qanjyǵa
@Qanjyǵa 2 ай бұрын
Сіздің феминизміңіз басқа сияқты😅🤣
@Anshyrqa
@Anshyrqa 17 күн бұрын
Феминизмнің қадірін кетірмеңдер деп отыр ғой. Фашизмнің идеалогиясын қайталамаңдар деп отыр. Ол кісі тұғырдарыңды бекітіп принцптеріңді дұрыс қалыптастырыңдар деп отыр. Онда тұрған еш нәрсе жоқ.
@baysalqara4731
@baysalqara4731 2 ай бұрын
2017 жылы универ бітіріп мамандығым бойынша заводқа жұмысқа тұрдым. Тұрамын деп 3 ай жүрдім, интервьюде 3 рет қайтарып жіберді. Қоймай жүріп әрең тұмсық сұқтым. Сол кезде үшінші интервьюімде бір қыз келді. Дипломы мүлде басқа мамандықтан, тәжірибесі мүлде жоқ, сол қыз мен тұрған позицияға менімен қатар бір келгеннен-ақ жұмысқа тұрды. Мен алып жүрген айлықты алып жүрді. Мен әлі түсінбейм, неге… Ал мына әйел отырып алып әйелдерге жұмыс табу қиын дейді
@MakLinRay
@MakLinRay 2 ай бұрын
Мәдениет.Әлеумет.Саясат саласында кемсітілушілік бар деп ойламаймын
@Әйгерім-о7г
@Әйгерім-о7г Ай бұрын
Қонақтарға сондай тамсандым !
@MagauieDasaev-rz9xn
@MagauieDasaev-rz9xn 2 ай бұрын
Оңтүстік кореяда сондай әйелдер еркектермен бірдей жұмыс істеп ақшасы төмен
@Anshyrqa
@Anshyrqa 17 күн бұрын
Парасат майданының уақытын 1 сағаттан көп қылса екен
@ТуякБактыгерей-й7р
@ТуякБактыгерей-й7р Ай бұрын
Жеке өзім әйел деген тен емес меннен жоғары дер едім .бірінші бұл Анам екінші апа-қарындасым үшінші жарым жлдасым менім жанымды түсінетін төртінші сүйікті жаннан жақсы көретін қыздарым . Және менім міндетім қорғауыма қолдауыма қаржылайда амалмен де
@azamatperdeev
@azamatperdeev 2 ай бұрын
Әйел мен Еркектің құқығы тең, бірақ әркімнің өз рөлі бар. Жыныс тұрғысынан бір бірінен артық емес, жыныстық тұрғыда тең құқық бола ала алмайды. Айтпағым әйел өз ролін атқару керек, ер өз рөлін атқару керек. Демек фиминизм Тең құқылы қоғамнан гөрі әлеуметтік зорлық-зомбылық және т.б рухани және моральдық құқықтарды әйел үшін, қоғам осыны түсіну үшін құрылу керек. Себебі әйелді әйел емес зат көретіндер әлі күнге дейін табылады
@mursalovsultan_
@mursalovsultan_ 2 ай бұрын
Феминизмді қолдаймын 👏 Алға баса беріңдер 🙌
@Aibek-ArlanAlbanTailaqbatyr
@Aibek-ArlanAlbanTailaqbatyr 2 ай бұрын
мен де толыққанды
@РетбекМағаз
@РетбекМағаз 2 ай бұрын
Алдымен оның не екенін дұрыстап түсініп алыңдар)
@АлашАлаш-ф4щ
@АлашАлаш-ф4щ 2 ай бұрын
Қысқасы ер адам өзінің орынын, әйел адам өзінің орынын білу керек. Сонда отбасы ажыраспайды. Елде ұятсыздық, азғындық, жаманшылық болмайды. Дамыған, демократиялық шетелден тек техника, ғылым, білімін үйрену керек. Ал ұятсыз, жат нәрселерінен аулақ болу керек. Жемқор билік ТВ арқылы жастардың санасын улап, мәңүрттендіру саясатын жүргізіп жатыр. Дәлел қалаулым шоу, сезім бағы шоу, арзан күлкіге шоу, шоудан басқа ештеңе көрсетпейді. Себебі жемқор билікке мәңгүрт халықты басқару оңай. Себебі билік сатқын, жемқорлық жүйе. Саясатты білмеу, әділетсіздікпен күреспеу, ұрпақты аяқ, қолын жіпсіз байлап жауға бергенмен бірдей. Алға Украйна. Оян қазақтар. АЛЛАҺУ АКБАР. 🇰🇿🇺🇦🇹🇷🇦🇿🇰🇬🇺🇿🇹🇲 + НАТО + ОТАН.
@Abai1845
@Abai1845 2 ай бұрын
Заң арқылы әйелдерді жұмысқа алу үшін, жұмыс берушіні қинау Азаттық қоғам болмай қаладығой. Азаматтық қоғамда жынысына емес, қабілетіне қарау керек.
@РусланМаратұлы
@РусланМаратұлы Ай бұрын
Тоғжан орыс тілді
@КайсарБЕРТАГИН
@КайсарБЕРТАГИН 2 ай бұрын
Айгерім ойлады ау дим Қазақтың еркектері топас надан оқымаған артта қалған деп Дархан ағамен кездескеннен түсінген шығар бізде оқыған адамдар барын және фемнизимде біздегі қоғамдағы әйелдерден де мықты түсінетін
@Life000_8
@Life000_8 Ай бұрын
Менің ойымша Дархан ағаның ойы дұрыс, әйелдерді кемсіту мақсатым емес. Қазіргі қоғамда милениалдар жастарында ондай теңсіздік көргенім жоқ, әйелдерге теңсіздік деген қазіргі билік яғни аға ұрпақтағана көрінеді.
@КуатжанМахмут-с1и
@КуатжанМахмут-с1и 2 ай бұрын
тырамп бір жынстылыққа қарсы тұрды, ал мына қанымдар бір жынсты некені қолдағандай ма?
@guljantohtasen
@guljantohtasen 2 ай бұрын
Замануи Абай ,Тоғжан ,Айгерім амансыңдарма?😅
@aigerimkussaiynkyzy5752
@aigerimkussaiynkyzy5752 2 ай бұрын
Иә, бұны менсплейниң дейді😅
@Tengri_01
@Tengri_01 2 ай бұрын
Адам шақырарда кімді шақырғанын түсінік пен мысалдармен нақтыландырса ғана деп ойлаймын.Екінші кісінің айтқан ойы кез келген оқушы баланың ойымен тең нақты факторлар мен мысалдарга жүгінбей ойын нақтыланбай айтылған мысалдар бұл тақырыпты ашқан жоқ
@МаралТлеужанова-ч7ь
@МаралТлеужанова-ч7ь 20 күн бұрын
Шақырылған қонақтар 👎
@erm7777
@erm7777 2 ай бұрын
Қазіргі Қазақстандағы феминистердің идеологиясы фашизм идеологиясына жақын екенін ойлап жүр едім, тағы көзім жетті.
@Homo_sapienspyn
@Homo_sapienspyn 2 ай бұрын
Тұрақты көрермен болса түсінеді. Алдынғы жолғы шығарылымға қарағанда компромисске келу сәл де болсын жақын болды 😅
@Batyrkhan-r7b
@Batyrkhan-r7b 2 ай бұрын
Алисаның орнына неге басқа еркектің даусы тұрмайды, бұл таза әйел құқығын таптау деген сөз айтып еді осы Айгерім бір подкаста😂😂😂 әй қоясал дедім сосын…
@MakLinRay
@MakLinRay 2 ай бұрын
Әлеуметтік жануармыз деген не?
@Goodluckbabecr
@Goodluckbabecr 2 ай бұрын
Биологиялық және философиялық ұғым. (Социальное животное) Адам жануарлар патшалығының ең жоғарғы сатысында(немесе ең күрделі және дамыған түрі)тұрғанымен, оған физиологиялық қажеттіліктерден бөлек оған қарым-қатынас, қоғам мен мәдениет керек. Яғни, адам қоғамда өмір сүруге бейімделген тіршілік иесі деген.
@MakLinRay
@MakLinRay 2 ай бұрын
Адам жануардың жоғарғы сатысы емес.Адамның жаратылысы бөлек,санасы жоғары ерекше жаратылыс иесі. Адам маймылдан шыққан деген ұғым-Дарвиндікіде емес! Оған солай жала жапқан оны Дарвин өле өлгенше жалған теория екенін,өзіне жапсырған жала деп кеткен​@@Goodluckbabecr
@Goodluckbabecr
@Goodluckbabecr 2 ай бұрын
⁠@@MakLinRayмен оны антропоцентризм мәнінде емес, биологиялық классификация бойынша жақша ішін оқысаңыз, толықтырып өткен болатынмын. Және менің пікірімде маймыл жайлы да, Дарвин жайлы да бір ауыз сөз жоқ. Дегенмен,Дарвин адам маймылдан шықпады дегені рас, өйткені ол маймыл мен адамның ортақ арғы тегі болуы мүмкін деді. Және ол осы теориясынан айныған емес, керісінше қарсы пікір мен тұжырымдармен күресіп келді.
@MakLinRay
@MakLinRay 2 ай бұрын
Көп көп ізденіңіздер,қай жағынан болсада дайындық қажет.
@Мендигуль-щ6к
@Мендигуль-щ6к 2 ай бұрын
Байтал шауып бәйге алмас. Билікте жүрген кейбіреулері кейбіреулердің көңілдестері😂
@guljantohtasen
@guljantohtasen 2 ай бұрын
Дарқан мырза түк түсінбесе біздің түсінуіміз тіптен қиын ғой😂
@azamatperdeev
@azamatperdeev 2 ай бұрын
Ахахха
@zhetenbeibaryss
@zhetenbeibaryss 2 ай бұрын
Дархан Әбдік кринж адам екен🤦🏻‍♂️🤡
@маметяр
@маметяр 2 ай бұрын
Қарада отыр мына екі қатынды Дархан ауыздарын аштырмаиды
@Azamat_yesbolsyn
@Azamat_yesbolsyn 2 ай бұрын
Аштырғанда қандай?! Дархан Әбдік қазақ қоғамына дұрыс құндылықтарды насихаттауға тырысады.
@ivaniva4006
@ivaniva4006 2 ай бұрын
Дінде дәстүрде әйелдің құқығын реттеп берген, ер азаматқа жүктелетін жауапкершілік жоғары сондықтан оларға жоғары статус беріледі
@КудиярШокебаев-ы6ц
@КудиярШокебаев-ы6ц 2 ай бұрын
Өтірікті соқпашы Еуууу өтініш қай дінде қызды ер мен тең көріп еді?
@АрманАлаш-л2е
@АрманАлаш-л2е 2 ай бұрын
Шынымен де ештеңе түсінбейсіңдер ме? Жоқ түсініп тұрып өтірік жынды боласыңдар ма? Сен аврамдық діндердегі әйел мен еркек теңдігін тізіп жаз. Мен теңсіздік жағын жазайын. Адамды топырақтан жаратып, әйелді қисық қабырғадан жаратады. Топырақ жетпей қалған сияқты)) Бір еркектің куәгерлігі бір неше әйелдің куәгерлігінен жоғары тұрады. Қаптаған қалың 124 мың елшінің ішінде бірде бір әйел елші жоқ. Осылай тізбектеп жаза берсе таңнан кешке дейін кете береді.
@ivaniva4006
@ivaniva4006 2 ай бұрын
​@@КудиярШокебаев-ы6цер мен әйел бір бірін толықтырушы жеке дара дамып жетілуі мүмкін емес
@ivaniva4006
@ivaniva4006 2 ай бұрын
​@@АрманАлаш-л2еондай болса әйел елші тәрбиелеп өсірген болсаңыз сізге бас тік қажет
@ivaniva4006
@ivaniva4006 2 ай бұрын
* бас иіу
@erm7777
@erm7777 2 ай бұрын
Ха, ха, ха. Дархан Әбдік бір ауыз сұрақпен Айгерім Құсайынның ешқандай білімді емес, жай ғана әлеуметтік желіде дабырлап жүрген сауатсыз екенін ашып берді.
@aigerimkussaiynkyzy5752
@aigerimkussaiynkyzy5752 2 ай бұрын
Хехе! Дархан мырзаның сексисттік көзқарастары кезекті мәрте әшкере болды. Алақай😂😂😂
@ivaniva4006
@ivaniva4006 2 ай бұрын
Әйел адам өзінен туған қыз балаға беріп жатқан ана сүтінің құнарлығын майлылығын ұл балаға сияқты екі есе артық етіп бере алмайды
@АрманАлаш-л2е
@АрманАлаш-л2е 2 ай бұрын
Мына өтірігің әделетті дейтін құдайыңа күйе жағу екенін түсініп тұрсың ба?)) Анасының сүтінен қыз баласын алалап тұрған қандай құдай ол?
@ivaniva4006
@ivaniva4006 2 ай бұрын
Ғылыми еңбектерді ютубтан қарасаң көзің жетеді. Әйел адам ер бала туғанда ана сүтінің майлылығы екі жоғары болып бөлінеді қыз балаға қарағанда​@@АрманАлаш-л2е
@АрманАлаш-л2е
@АрманАлаш-л2е 2 ай бұрын
​​@@ivaniva4006 Самаурын су алды десе "Самарханды су алды" дегізіп, айғай-шудан қаралым жинайтын дүние ютубта толып жүр. Қандай ғылыми жаңалық болса, оны бірінші кезекте сол ғылыми топ, ғылыми дәлелмен жариялайды. Оны келесі ғылыми институт сараптама жасап барып ғылыми айналымға жібереді. Ал жақсы. Сен айтқаның бойынша ана қызына қарағанда, ұл баласына қуатты майлы сүт береді екен. Енді бұнымен не айтқың келді? Әділетті дейтін құдайдың қыз балаға қарағанда, ұл балаға бүйрегі бұрып тұратынын ба?))
Парасат майданы. Аляска
31:11
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 3,4 М.
Парасат майданы. Калигулаға жасалған қастандық
29:10
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 3 М.
Өмір бір келед
03:30
80MEN group - Topic
Рет қаралды 624 М.
Sadraddin - Qaragym-ai | Official Visualizer
02:34
SADRADDIN
Рет қаралды 2,5 МЛН
ҚҰЛДЫҚТАҒЫ БАЛАЛАР: ӨГЕЙДІҢ ҚОРЛЫҒЫ
1:31:33
Руслан Өтепбай
Рет қаралды 270 М.
PARASAT MAIDANY. 1967 жылы Че Гевара тұтқындалды
30:17
Qazaqstan serial / Қазақстан сериалдары
Рет қаралды 6 М.
Nawal El Saadawi on feminism, fiction and the illusion of democracy
41:15
«ПАРАСАТ МАЙДАНЫ». Версаль келісімі
26:03
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 6 М.
Парасат майданы - Геноцид
32:16
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 14 М.
ИНФОРМБЮРО 11.07.2025 ТОЛЫҚ ШЫҒАРЫЛЫМ!
28:28
Информбюро 31
Рет қаралды 122 М.