Өркениет шырақшысы. 1-бөлім

  Рет қаралды 14,135

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

4 жыл бұрын

Кемеліне жеткен шағында Әбу Насыр елін тастап, Бағдадқа неге аттанды? Ұлы ойшылға қатысты «Отырар кітапханасының негізін қалаған» деген аңыз шындыққа қаншалықты жанасымды? Неліктен барша өркениетті әлем оған «екінші ұстаз» деп тағзым етеді? Деректі туындыда осы сауалдарға жауап беріліп, Әл-Фараби адамзаттың асыл қазынасы - ғылым жетістіктері мен азат ойдың құтқарушысы ретінде сипатталады. «Екінші ұстаздың» араб елдерінде жарық көрген еңбектерінің басым көпшілігі сақталғанын, ал туған еліндегілері Түркістан өркениетімен бірге жоғалғаны айтылады.
Қазақстан - qazaqstan.tv/
Facebook - qazaqstantvkz/
VK - qazaqstan_tv
Twitter - qazaqstan_tv
Instagram - qazaqstantv
Telegram - t.me/qazaqstan_arnasy
Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз:
AppStore - itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8
Google Play - play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews
KZbin-тағы арнамызға мына сілтеме bit.ly/2M6mlcu бойынша жазылып, ең танымал, ең пайдалы, ең қызықты видеоларды тамашала.
Арнаның ең танымал жобалары:
-Қазақстанның ең үздік әзіл-сықақ шоуы - «Әзіл әлемі»
kzbin.info/www/bejne/j36cgGihdrmEpNU
- Қазақстан КВН Одағы - «Жайдарман»
- kzbin.info/www/bejne/f3-anJJjlregj6M
- Танымал отбасылық сериал - «Жаңа қоныс» - kzbin.info/aero/PLngdzEyKAHx8JcvyG9N4XqmFgUTJklF0U
(c) 2009-2018, Қазақстан Ұлттық арнасы qazaqstan.tv/

Пікірлер: 67
@user-xd9iz6dv3y
@user-xd9iz6dv3y 4 жыл бұрын
Дархан Әбдік сізге мың алғыс
@kazakhtexas6951
@kazakhtexas6951 4 жыл бұрын
Мықты шығарыпты, осындай бағдарламалар көбейе берсін, жын ойнақ түпті тамарын дәріптемейтін жобалардан гөрі...
@dapyrakya8847
@dapyrakya8847 4 жыл бұрын
Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Мұхаммед Ибн Тархан Ибн Узлаг Әл Фараби әт Түрки екен толық аты. Жаттап жүрермін әрқашан, Ата-бабмыздың есімін
@erqanattashen5121
@erqanattashen5121 3 жыл бұрын
Өте деректі фильм . Ал-Фараби мен таныстыратын . Ірі ғалам екен
@user-ft2qy5gw4b
@user-ft2qy5gw4b 4 жыл бұрын
Ұлттық арнаға Дархан Әбдік секілді журналистер мен осындай маңызды деректі фильмдер керек. Әйтпесе, неше түрлі арзан бағдарламалар мен шоулар, сауатсыз тек түрі ғана бар мисыз журналистер қаптап кетті ғой. Дархан аға, жарайсыз!!! Қазақстандағы ең мықты журналист һәм эрудиттердің, әдебиеттанушылардың бірі. Бастысы, қарапайым адал Жүрек иесі!
@user-lf8ny7gl4i
@user-lf8ny7gl4i 3 жыл бұрын
Дархан Абдик ага мыкты "Галым журналист" Дер едим... Rahmet!!!
@user-ft2qy5gw4b
@user-ft2qy5gw4b 4 жыл бұрын
Нағыз шынайы журналистің еңбегі ғой бұл...
@user-fz4hn1yp3c
@user-fz4hn1yp3c 4 жыл бұрын
Кітап оқитын орта - өркениетті орта. Өркениетті ортадан ұлылар шоғыр-шоғырымен шығады.
@user-nb1yb3cf8n
@user-nb1yb3cf8n 4 жыл бұрын
Дархан ағадай жүз журналист болса ғой шіркін.
@user-fz4hn1yp3c
@user-fz4hn1yp3c 4 жыл бұрын
Қызықты, мəнді бағдарлама екен! Тоқтап қалмаңыздар, келесі бөлімдерді күтеміз.
@user-lp5cc2mz7u
@user-lp5cc2mz7u 3 жыл бұрын
Кереметт
@mereinurbosinov4104
@mereinurbosinov4104 3 жыл бұрын
Өте әсерлі рахмет сізге Дархан аға
@sandugashsailaubek4372
@sandugashsailaubek4372 3 жыл бұрын
Еріксіз көзіме жас келді🥺 Көроғлұ деген күйдің мағынасын енді түсінгендеймін
@user-wh5so8vq8f
@user-wh5so8vq8f 4 жыл бұрын
Ең ғажайып түсірілім
@applecine
@applecine 4 жыл бұрын
Түсірілім тобы мен монтаж бөлімінің жұмысы ерекше, мыкты. Алга баса бериниздер!
@user-qd7qy4pg4o
@user-qd7qy4pg4o 4 жыл бұрын
Иә. Мықты.
@user-ty6ch1ol4v
@user-ty6ch1ol4v 3 ай бұрын
Рахмет көп көп
@user-lr3ij3hz6p
@user-lr3ij3hz6p 11 ай бұрын
Шауілдірге кайтайык деп мазак кылады мазак кылған жерлерің осындай ұлы адамдармен өркениетке бай жер түп тамырымыз басталған жер
@q.orynbekuly4528
@q.orynbekuly4528 3 жыл бұрын
Тамаша
@user-pm5eb9jr2d
@user-pm5eb9jr2d 4 жыл бұрын
Мықты өте ұнады. Парасат майданы неге шықпай қойды?
@mikhova6430
@mikhova6430 5 ай бұрын
Журналист болсаң осындай бол! Дархан ағамызға мың алғыс!
@dapyrakya8847
@dapyrakya8847 4 жыл бұрын
Керемет кино.
@Terrylovedimash
@Terrylovedimash 4 жыл бұрын
Салем. english subtittle please. Ракмет
@user-ty6ch1ol4v
@user-ty6ch1ol4v 3 ай бұрын
👏👏👏
@user-lf8ny7gl4i
@user-lf8ny7gl4i 3 жыл бұрын
Men osy orta gasyrda gumyr surgim keledi. Katty unaidy.
@ERKINQAZAQ
@ERKINQAZAQ 2 ай бұрын
💪🏽
@tanzharykakimbekov2688
@tanzharykakimbekov2688 4 жыл бұрын
[Өркениет шырақшысы]- осы деректі филмнің қалған бөлімдері болама? БОЛСА ҚАШАН??? Ұлтық арна жауап күтем... Керемет түсірілім 100 бал сіздерге!!!👍✊
@QazaqstanTV
@QazaqstanTV 4 жыл бұрын
Жалғасы келесі сенбіде
@tanzharykakimbekov2688
@tanzharykakimbekov2688 4 жыл бұрын
Көп рахмет!!!
@user-bl8pf7wk5v
@user-bl8pf7wk5v 3 жыл бұрын
Қазаққа Әбунәсірді берген Алла тағыда бір Әбунәсірдей адамды бермеуі мүмкін емес.
@orysbek5695
@orysbek5695 3 жыл бұрын
17:00
@policedepartment50
@policedepartment50 4 жыл бұрын
Фильмнің соңында тартылған терме қалай аталады екен, білсеңіздер айтасыздар ма?
@jackflash8867
@jackflash8867 3 жыл бұрын
Жазушы Төлен Әбдікұлының шығарған күйі.
@user-le7ye6pq6p
@user-le7ye6pq6p 4 жыл бұрын
Екінші бөлімі қашан шығады
@YOUNGG27
@YOUNGG27 4 жыл бұрын
Мусулмандарды жамандандар молодцы!!!
@user-dj3jg2gw3p
@user-dj3jg2gw3p 4 жыл бұрын
Мен2
@user-qs7ck3ym3e
@user-qs7ck3ym3e 2 ай бұрын
Буткен Исламы қурысын
@sake-1303
@sake-1303 13 күн бұрын
Өзің құры
@talapmazak4441
@talapmazak4441 3 жыл бұрын
армысыз! Қасымхан өзі хан болып тұрған кезінде Исіләм мәдениетін толық қабылдау үшін өз хандығына қарасты елдің көне тархын, кітабын, мәдениет, жазуын жойды деген сөз шындыққа жанасама?
@user-ym3ky8kf7f
@user-ym3ky8kf7f 3 жыл бұрын
Отырарда кытап қана болған құдағаласа ашылады
@user-ty2iv6su9s
@user-ty2iv6su9s Жыл бұрын
Отырарды Шыңғысхан жоқ етіп жойып жіберген жоқ болар, ол өтірік араластырылған тарх болар, шындықты толық зерттемей ацтасалғандарыңа қапамын
@user-ty6ch1ol4v
@user-ty6ch1ol4v 3 ай бұрын
Сөз жоқ
@user-uh6vh9uu9q
@user-uh6vh9uu9q 8 ай бұрын
АРАПТАР..ОТЫРАРДЫ. ФАРАБ..ДЕГЕН..АБУ..НАСIP...АЛ..ФАРАБИ .ФАРАБИ. СОЗI..ОТЫРАР. КАЛАСЫНАН ..ДЕГЕНДI. БIЛД,IPEДI
@user-ws9lv8nb4f
@user-ws9lv8nb4f 4 жыл бұрын
Қазіргі қазақ тарихшылары ұсақталып кетті. Батыстың әңгімесі ғой ол Исламға дейін өркениет болған деген. Мұсылмандар болмағанда мәдениет ғылым өркениет болмас еді. Мойындағылары келмейді. Құлдық сана осылардың кесірінен. Адал емес тарихшылардың кесірінен.
@Magripa1000
@Magripa1000 4 жыл бұрын
негізі исламға дейін де өркениеттер болған. Ғылым, білім Исламның келуміен пайда болған жоқ. Мұсылмандардың өздері грек ғалымдарының еңбектерімен танысқаннан кейін, дами бастады.
@Magripa1000
@Magripa1000 4 жыл бұрын
@@user-ws9lv8nb4f Бағдарламада айтты ғой, Хорезм аумағы исламға келгенге дейін дамыған деп. Жөндеп тыңдау керек! Сосын, мақтан тұтып жүрген Ибн Синга, әл Фараби және тағы басқа да ғалмыдар мұсылман болмаға. Ибн Сина мен әл Фарабиді "кәпір" деп айытпаған. Әоі күнге дейін дінді қатты ұстанатындар оларды мұсылман деп қабылдамайды.
@Magripa1000
@Magripa1000 4 жыл бұрын
@@user-ws9lv8nb4f Бағдарламаның екінші бөлігін қарайтын болсаң, Халифатта ғылымның дамуы сол кездегі "діни либарелизм мен толеранттылық" арқасында жүзеге асқан. Ол дұрыс тұжырым.
@user-ws9lv8nb4f
@user-ws9lv8nb4f 4 жыл бұрын
@@Magripa1000 Қазір елімізде "...діни таным басып кетті. жастар формаға көшіп кетті. Не білім жоқ тек қана сақал мен балаққа мән береді. ғылыми таным қалды, діни фанатизм жайлап барады" деген сөздер жиі айтылатын болды. Мұның орынды тұжырымы екенін мойындауымыз керек. себебіне үңілсеңіз артында неосалафизм жатыр. Өткенде бір жас "ғалым" философия деген ол Батыстықтардың амалы, исламға керек емес. Исламда философия жат деп мақала жариялады. Мұны жазған әжептеуір дарынды қазақ баласы, бірақ неосалафилер тарапынан қолданылғандығы, арнайы жобамен суарылған миссиямен жұмыс істейтіндігі көрініп тұр. Бұл да дәстүрлі идеологиялық платформа, қорқынышты емес. Белгілі мақсатта, белгілі идеологиялық аренада жанын салып жұмыс істеуі өзі үшін де бала шағасы үшін де шарт. Бірақ оның тек қана нақылды ғана басты тетік ретінде алып, дін исламды тек қана "хатаби типтегі адамдарға арналған ережелер мен қағидалар жиынтығы" ретінде көрсетуі, бұл ислам дініне, өркениетіне, қазақтың болашағына деген балта шабу деген сөз. Ислам ақыл мен нақылдың Адам мен Алланың сұхбатынан тұратын жанды тіршілік ұстыны. Осы тұғыр арқылы адам еркіндікке, терең ойға ұмтылады. Ал енді исламнан философияны алып тастау, ол ислам ақиқатынан адамды алып тастаумен тең. адам нағыз фанатизм мен құлдық психологияның, надандықтың қамытын киіп шыға келеді. Кезінде Газали философтарды үш мәселе бойынша күпірлікпен күстаналады. Бірақ ол тұжырымы қате болып шықты. Бірақ Газалидің "Тахафутынан" кейін исламда дін мен философия арасындағы туыстыққа сызат түсті. Сол жара әлі жазылмай келеді. Өткенде Қарағандыда бір сайтта Газалидің жапқан жаласымен Фарабиді "кәпір" қылған қазақ жастарының пікірлерін оқыдым. Бұлай кете берсек, қазақ жастарының да Таяу шығыстың ізбасары болуына таң қалуға болмайды. Елде салафизм мен уахабизм формасы мен сиретінде жүргендерді мемлекет қолға алмаса, олар мемлекетті қолға алатын болады. Себебі мемлекет қазір оларды қадағалап отырмыз деп ойлайды. Мен айтар едім, кімді кім қадағалап отырғанын уақыт көрсетеді. Жалпы елдегі ондай адамда тек қана қауға сақал ен калашниковтан басқа еш қабілет қалмайды. Демек олардың бар құрылымды қирату ғана қолынан келеді. Ал мемлекет өз құрылымын қирату емес баяндылығын ойлауы шарт. Қорыта айтқанда, дін мен философия бір анадан туған егіздер...Оны ажырату адамға да Аллаға да дінге де қиянат дегім келеді.
@user-ws9lv8nb4f
@user-ws9lv8nb4f 4 жыл бұрын
@@Magripa1000 Егер мұсылмандар болмағанда әлем қандай болар еді???
Зу-зу Күлпәш. Стоп. (1-бөлім)
52:33
ASTANATV Movie
Рет қаралды 813 М.
顔面水槽がブサイク過ぎるwwwww
00:58
はじめしゃちょー(hajime)
Рет қаралды 92 МЛН
Monster dropped gummy bear 👻🤣 #shorts
00:45
Yoeslan
Рет қаралды 12 МЛН
Зомби Апокалипсис  часть 1 🤯#shorts
00:29
INNA SERG
Рет қаралды 6 МЛН
Зу-зу Күлпәш. Стоп. (1-бөлім)
52:33
ASTANATV Movie
Рет қаралды 813 М.