«Қаныш. Қазына» телехикаясы І 6-бөлім

  Рет қаралды 20,026

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Күн бұрын

Телехикаяның негізгі сюжеттік желісі - геолог-ғалым, инженер, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен еңбек жолына негізделген. Телехикая - ұлы тұлғаның бізге беймәлім қырларын кеңінен ашатын сан қилы оқиғалар желісінен тұрады.
Телехикаяда XX ғасырдағы қазақ жұртының қилы тағдыры, арманы, мақсат-мүддесі, мемлекеттік биіктерге, соның ішінде индустрияландыру ісін шетелдерден тәуелсіз етіп, өз жерімізде қарқынды жүргізуге және кен өндірісін игеруге қарай басқан қадамдары көрсетіледі. Қазақ даласындағы саяси қарым-қатынас, достық, сатқындық, мүдделер қақтығысы, қым-қуыт оқиғалар, ұлттық тұтастық - телехикаяның негізгі өзегі.
#Қаныш #ҚанышҚазына #Қазақстан #ҰлттықАрна #QazaqstanTV
Шұғыл ақпараттар: t.me/+epGbOLbw...
Қазақстан - qazaqstan.tv/
Facebook - / qazaqstantv
VK - qazaqst...
Twitter - / qazaqstantv
Instagram - / qazaqstantv
Telegram - t.me/+epGbOLbw...
Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз:
qazaqstan.tv/app

Пікірлер
@ТлегенКалиев-з3ю
@ТлегенКалиев-з3ю Жыл бұрын
Керемет түсірілген кино. Барлық киносын қарап шықтым. Қазақстанның кен байлықтарын зерттеуде Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың сіңірген еңбегі зор. Қасындағы барлық адамдардың да еңбегі мол. Жастар жағы осындай тарихи тұлғаны танып киносын қараса құба-құп.
@РабияЖантөреева
@РабияЖантөреева 2 ай бұрын
Кино керемет, кинодан бұрын Қаныш атамыз қандай азамат болған. Теңеп айтар сөз таппайсың, аз болып қалды, бүкіл өмірін, қазақ елі үшін атқарған іс-әрекеттерін дәріптейтін толық қанды сериал болғанда қандай ғажап болар еду😢💔
@Yerkin-Q
@Yerkin-Q Жыл бұрын
Әкесінен жыр, қисса тыңдап өскен Қаныш қандай қайтпас рухты✊🏻
@zhassulankushebayev4928
@zhassulankushebayev4928 6 ай бұрын
Өте керемет! 9а Qazbilim Алматы ұлттық лицейінің оқушылары 27.12.2024 сериалды көріп бітірдік. Қаныш атамыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды!!! Бәріңізге көруге кеңес береміз. Қазез ағайымызға көп рақмет!
@raushanatuyakova5517
@raushanatuyakova5517 8 ай бұрын
Үлкен рахмет осындай Қаныш атамыз туралы бейне түсіргендерінізге! Қандай батыр рух! Өте терең мағынасы бар! Қандай еңбек пен махаббат! Кинотеатрда үлкен экранда жүретін бейне!
@OralbekBeket
@OralbekBeket 2 жыл бұрын
Осындай алып тұлғалар туралы керемет туындылар түсіре беріңдер! Біздің жастар ата-бабаларын көріп жігерлене берсін! Жарайсыңдар!
@РусланМуратов-е7о
@РусланМуратов-е7о 5 ай бұрын
Жаның Жәннәтта болсын атажаным❤❤❤🤲🏻🤲🏻🤲🏻
@clinteastwood6100
@clinteastwood6100 Жыл бұрын
Ғабдул-Ғани Қаныш Имантайұлы Сәтбай жаны фирдаус жәннәтта болсын, рухына Фәтиха!🤲🤲🤲
@antiterror313
@antiterror313 Жыл бұрын
Жаныңыз жәннатта болсын! Алып тұлға.
@aidanazholdas5371
@aidanazholdas5371 2 жыл бұрын
6 серия бұндай алып тұлға үшін аздық етеді екен
@Karlyga505
@Karlyga505 7 ай бұрын
Жалғасы: Санжар Керімбай ағамыздың “Қаныш және ғылыми майдан” кітабынан оқи аласыз
@kanyshtussupbayev1142
@kanyshtussupbayev1142 Жыл бұрын
Эх, қайран қазағым, не көрмедін? Осындай Алып тұлғалардың арқасында өз елінді жерінді сақтадың!!! Жандары жәннәттә болғай, Алаштың біртуарлары!!!
@ОмаровЗангар-л8ж
@ОмаровЗангар-л8ж 2 жыл бұрын
Енді керемет сериал екен Сәтбаев қаласында тұрып осындай мәліметтерді енді біліп жатырмын
@adal_oral
@adal_oral Жыл бұрын
көзім енді ашылғандай, неге ерте көрмедім деп өкініп отырмын ,түсіруге ат салысқан жандарға Алланың нұры жаусын !осындай туындылар жалғасын таба берсе екен.
@tilekfaizullin1992
@tilekfaizullin1992 8 ай бұрын
Қаныш ата және қасындағы барша үзеңгілес бауырлары, отбасы баршаңызды Алла рахымына бөлесін! Қазаққа сіңірген еңбегіңіз ұмытылмайды! Рухтарыңыз жәннәт төрінде шалқысын!
@clinteastwood6100
@clinteastwood6100 Жыл бұрын
Осындай қазақтың алып тұлғалары туралы фильм, сериал (сапалы) түсіре беріңдер!
@mr.kazakh3577
@mr.kazakh3577 Жыл бұрын
Өте керемет! Алып тұлғалардың еңбегі өшпес! Осыны көрерменге әсерлі етіп жеткізудің өзі біраз еңбек! Аллаһ разы болсын осындай игі істеріңізге! Әлі де қаншама тек аты ғана есте қалған алып тұлғалар бар, солардың да еңбектерін осылай көрерменге, жас ұрпаққа жеткізсеңіздер қандай керемет болар еді!
@DinaraZharylkasyn-h3c
@DinaraZharylkasyn-h3c 5 ай бұрын
Қаныш атамыздың рухы мықты екен, елім деп соққан жүрегі қандай бақытты. Сіз біздің жүрегіміздесіз.Бабаларының әкесінің аналарының,бауырыларының,балаларының, Қаныш атамыздың жандары жаннаттан болсын.Түсірген адамдарға Алла разы болсын.Шығармашылықтарыңыз арта берсін, табыс тілеймін.
@bikamaltask2483
@bikamaltask2483 7 ай бұрын
Осы тарихи фильмді түсірген еңбектеріңізге мың алғыс керемет тұлға екен Қаныш атамыз
@ГулназЖанабаева-г3г
@ГулназЖанабаева-г3г 7 ай бұрын
Керемет туынды! Қаныш Сәтбаевтың ерен еңбегі қазіргі жастарға үлгі-өнеге!
@НурекеПернебаев
@НурекеПернебаев Жыл бұрын
АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН ҚАЗАҚ тың нар ұлдары жандарың жәннатта болсын
@ШолпанМухаметнур
@ШолпанМухаметнур Жыл бұрын
Қандай керемет түсірілген! Көруге өте қызықты❤
@БакытЖумахметов
@БакытЖумахметов Жыл бұрын
Елі,діні,жері,тілі үшін аянбай еңбек еткен асыл тұлғалардың жандары жәннәттә болсын.Аллаһ тағала рахымына бөлесін.
@bohanova.gulzhazira
@bohanova.gulzhazira Жыл бұрын
Жастарымыз көрсе екен! Рақмет Қаныш ата Жезқазған ж/е Сатпаев қалалары үшін🙏 Иманды болыңыздар,барша құрбан болғандар! Ұрпақтары мәңгі жасасын🤲🏼 үзбей 6 серияны көріп, Қаныш атаның өмірі туралы білмейтін тұстарын біліп алдым
@АжаргулШынболатова
@АжаргулШынболатова 2 жыл бұрын
Аллаһ разы болсын 🤲
@Balzhan-z1q
@Balzhan-z1q Жыл бұрын
Қазақстанымыз өркен ниетпен өрлей берсін🥺❤
@Inkara_n
@Inkara_n Жыл бұрын
Өте әсерлі керемет кино👍👍👍👍😍
@ТынышбикеТемиргалиева
@ТынышбикеТемиргалиева 7 ай бұрын
Асет бауырым! Каныштын ер тулгасын сомдаганын ушин мын мын алгыс!!
@dikokz1365
@dikokz1365 2 жыл бұрын
Керемет.Тамаша.Мықты.
@ЕртасКурмангалиев-ц9н
@ЕртасКурмангалиев-ц9н 2 жыл бұрын
Шикарная работа. Взгляд на мир меняется
@АкмаралБижан
@АкмаралБижан 5 ай бұрын
Человек легенда!
@СалтанатХисметқызы
@СалтанатХисметқызы 2 ай бұрын
Көп рахмет! Авторға, түсірілім командасына, рөлдерді керемет сомдаған актерлер! 6серия аздық еткені болмаса, Қаныш Имантайұлы сияқты еліне бірегей тұлғаның бейнесін экранда көргеніме қуаныштымын!
@АйсәулеСейдилда
@АйсәулеСейдилда Жыл бұрын
Мен негізі Қаныш Сатбаев туралы ештеңе білмеуші едім, бұл фильм арқылы көп нәрсені көріп білдім, жатқан жері жайлы болсын! Рахмет сіздерде.
@clinteastwood6100
@clinteastwood6100 Жыл бұрын
Керемет сериал! 👏👏👏🇰🇿🇰🇿
@КелдібайБерлібайұлыҰлжан
@КелдібайБерлібайұлыҰлжан Жыл бұрын
Тамаша телехикая.
@НурекеПернебаев
@НурекеПернебаев Жыл бұрын
Шығармашылық табыс тілеймін
@Aliya_Doszhan
@Aliya_Doszhan 8 ай бұрын
Алла рақыметіне алған болсын. Нағыз Халифа адам
@alashkyzy
@alashkyzy 3 ай бұрын
Рахмет!!
@uralbaeva_maira
@uralbaeva_maira 6 ай бұрын
Өте мағыналы Бірақ бұдан да кеңінен түсірілгенде ғой. Жастық шағы мүлдем айтылмапты. Алғашқы бөлімдерінде көргенде балалық шағын еске ттүсіріп көрсететін шығар деп ем. Бірақ , рахмет. Тағы бір қазақ халқының азаматымен таныстым.
@rozaomargazina9737
@rozaomargazina9737 7 ай бұрын
Алып тұлға, қазақтың Қанышы туралы өте керемет көрсетілген. Қазағым кенге ғана емес, алып адамдарға да бай. Қазір де тек әншілерді жарнамаламай, неге ғалымдарымызды, еңбек адамдарын мадақтамасқа, ұрпағына мол үлгі-өнеге , мұра қалдырған Қанвш ағаның жаны жаннатта болсын🤲🤲
@lomonosova_photographer
@lomonosova_photographer Жыл бұрын
Отлично снят сериал о Каныше Сатпаеве. Была в его доме -музее в Карсакпае и на заводе , сейчас там только один цех обогащения работает . Здание треста сохранилось в первозданом виде Момент в фильме очень интересно снят на горе Алтын . Плита с письменами Тамерлана давно находится в музее Питера, а там, на горе -копия. В нашем музее гЖезказгана также есть копия плиты .Водохранилище Кенгир -это жемчужина нашего города. А именем академика К.Сатпаева названы город , улицы и площадь !
@НазымМейрбек-я3з
@НазымМейрбек-я3з 2 ай бұрын
Тамаша👍 қазақ академиясын ашқанын түсірсе тіптен керемет болар еді🤝
@qazaqkino9314
@qazaqkino9314 2 ай бұрын
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атам ұлы кемеңгер, қазақтың маңдайына біткен біртуар перзенті.
@syimykkalybekov3788
@syimykkalybekov3788 2 жыл бұрын
Кыргызстандан салам достор мага аябай жакты кызыгып акырына чейин кордум 👍👍
@АлиманКильчибаева
@АлиманКильчибаева Жыл бұрын
Каиран каныш асылым казағым деп казағымның жер асты баилығының көзін ашып берген ғалым кандаи киындыктарды көре журіп моиымаған каиран каныш бабам жаткан жерің жаилы иманың жолдас караңғы уиің жарык болғаи
@ЖадыраАлмабекова
@ЖадыраАлмабекова 7 ай бұрын
Осындай киноларды балаларға көрсетіп отыру керек,рухтандырып,туған жерге,еліне,тіліне деген сүйіспеншілікті арттырып
@БакытЖумахметов
@БакытЖумахметов Жыл бұрын
Керемет сериал
@АлдиярЕсетов-й8ь
@АлдиярЕсетов-й8ь 4 ай бұрын
Керемет. Кино жалғасын тапса екен
@Zeinep_Kassym
@Zeinep_Kassym 8 ай бұрын
Жалғасын күтеміз🤗
@ШынарАлтынбекқызы
@ШынарАлтынбекқызы Жыл бұрын
Кино бойы неге еңбегі жайлы айтылмады деп отыр еді,кино соңындағы соғыстағы ерлігін естігенде жылап жібердім.мойымай табандылығын көрсетіп ел басына қиындық туғанда көмектескен екен. тіпті асырап алған ұлы Кемел Ақышевтің өзі не тұрарлық
@shyrynbolatova1464
@shyrynbolatova1464 Жыл бұрын
Өте керемет! Жыламай көру мумкин емес! Осындай аталарымыздын ұрпағы біз кандай бақыттымыз! Елім жерім деп өмірін арнаған аталарымыз жандары жәннәтта болсын! Оян казакты кинотеатрда бергендей осы кинода берілсе ғой. Тағы бір мәрте қазақ жастарының рухын көтеріп тастайтын! Сериал ушін көп рақмет! Тарихты білу өзіңді танудың бір бөлшегі ғой!!
@Yerkin-Q
@Yerkin-Q Жыл бұрын
Жылдың басында кинотеатрда көрсетті ғой
@Nuraibiqeh
@Nuraibiqeh 2 ай бұрын
Жалғасы шықса екен😍
@АйзираТеңізбекова-н7э
@АйзираТеңізбекова-н7э 2 ай бұрын
Дінмұхамед Қонаев атамыз туралы осындай керемет сериал түсірілсе жақсы болар еді 😊
@ЫрыстыИсалиева
@ЫрыстыИсалиева 4 ай бұрын
Өте жаксы фильм тек кыска болып калды.
@ИсаОшакбаев-х3ъ
@ИсаОшакбаев-х3ъ 7 ай бұрын
👍👍👍✊️✊️✊️
@АружанСакебаева-к7к
@АружанСакебаева-к7к 2 ай бұрын
🔥🔥🔥🔥
@Жас-ұлан
@Жас-ұлан 2 жыл бұрын
Керемет дүние
@piano_with_ak
@piano_with_ak 2 жыл бұрын
Керемет , тек жалғасы шығады ма ?
@Мади-в3я
@Мади-в3я 2 күн бұрын
Аштық көрген халықты көріп, максичай тамақтан өтпей қалды
@clinteastwood6100
@clinteastwood6100 Жыл бұрын
👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻
@Aliya_Doszhan
@Aliya_Doszhan 8 ай бұрын
Енді мен Орджоникидзе туралы деректерді іздеймін. Қаныш Сәтбаевқа көмектескен екен ғой, риза болдым
@DinaraZharylkasyn-h3c
@DinaraZharylkasyn-h3c 5 ай бұрын
1937 ол кісіде атылып кеттеді
@ДалидаАсылбекова
@ДалидаАсылбекова 7 ай бұрын
Мұндай Ұлы Тұлға үшін 6 серия өте аз..
@ЕркинДаумшаров
@ЕркинДаумшаров 2 жыл бұрын
👍🏼
@BatinhoKZChannell
@BatinhoKZChannell 2 жыл бұрын
*Серго Орджонакидзенің образы мощный екен*
@gulmiraorynbayeva3433
@gulmiraorynbayeva3433 2 жыл бұрын
👍👍👍
@елжанерланулы-х7л
@елжанерланулы-х7л Жыл бұрын
соңында бүртүрлі бір сезім қалып қалды бар емеспа бірдене аяқталмай қалған сияқтыда
@ЖанболатӘбдіреш
@ЖанболатӘбдіреш 7 ай бұрын
Рақмет сіздерге !!!!!!!!!!!!!!!!!!♡♡♡♡♡♡♥︎♡♡♡♥︎♡♡.¿¡¡¡¿¡¿¡¡¿¡¿¿¿¡¡¡¡¡¿¿¿¡
@Shalabayev
@Shalabayev 3 ай бұрын
Неге бізде осы 6 сериядан асып түсіре алмайды телехикаяларды? Бауыржан Момышұлы, Міржақып Дулат, Ахмет Байтұрсынұлы, барлығында 6-ау. Жоғарыдан сондай тапсырма бар ма? Қалай өзі!?
@mukhambetkalievyerzhan2385
@mukhambetkalievyerzhan2385 3 ай бұрын
2 маусымы шықса екен❤
@nazerkeqairat
@nazerkeqairat 2 жыл бұрын
💔
@akgulakgul4990
@akgulakgul4990 2 ай бұрын
😢😢😢жыламай көру мүмкін емес
@Sana_jurek
@Sana_jurek 9 ай бұрын
6 сериял өте аз. Неге бұлай?
@АлиманКильчибаева
@АлиманКильчибаева Жыл бұрын
туріктер 500сериялы кино тусуреді каныш сатпаев ушін 6серия тым аз
@TheEreke001
@TheEreke001 5 ай бұрын
сол казак казакты коре алмай кезинде атын шыгармады гой Каныш Имнатайулы аганын... сол биреудин котенин суйиди жон корип лауазым алу ушин. Казирде коркады . Сол СССР биликте болгандарынын урпактары, маскеу ыкпалында жургендерди бар гой али
@bakdauletaiduisen4071
@bakdauletaiduisen4071 Жыл бұрын
Осынша алып тұлғаға 6 ақ серия түсіргенба? Мынау ұят!
@user-mo8tl9rd6v
@user-mo8tl9rd6v Жыл бұрын
👍👍👍
@ЕркинДаумшаров
@ЕркинДаумшаров 2 жыл бұрын
👍🏼
«Қаныш. Қазына» телехикаясы І 1-бөлім
46:51
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 53 М.
«Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясы. 1-бөлім (Рус субтитр)
57:20
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 5 МЛН
Китайка и Русалка 23 серия😂😆
00:20
KITAYKA
Рет қаралды 2,3 МЛН
Can I understand that my daughter wants to ask me for a computer?
00:19
Funny daughter's daily life
Рет қаралды 12 МЛН
ҚАРЫЗ киносы
1:28:47
Sırdıñ Güli
Рет қаралды 245 М.
Қаныш және ғылыми майдан | #тұсаукесер | #тараз
1:52:53
Айгүл Әспенбетқызы
Рет қаралды 7 М.
«От-өзен» к/ф (реж. Рүстем Әбдірашев 2013 ж.)
1:24:03
Qazaqfilm / Казахфильм
Рет қаралды 56 М.
Санжар Керімбай. Қаныш Сәтбай. 1-бөлім.
2:48:29
Орынгүл Кеңес
Рет қаралды 56 М.
ТҰСАУКЕСЕР! РОДНОЙ фильмі! Комедия! HD
1:40:15
Өзіміз Bilemiz
Рет қаралды 10 МЛН
Как Сатпаев помог одолеть фашистов?
1:08:27
Майя Бекбаева
Рет қаралды 72 М.
«АБАЙ». Телехикая. 1-бөлім (субтитрмен)
36:51
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 150 М.
16 шілде 2025 жыл - 17:00 жаңалықтар топтамасы
24:35
Телеканал 24kz
Рет қаралды 2,7 М.
Китайка и Русалка 23 серия😂😆
00:20
KITAYKA
Рет қаралды 2,3 МЛН