«Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясы. 4-бөлім (Рус субтитр)

  Рет қаралды 1,002,927

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Күн бұрын

Телехикаяда Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылады. Міржақыптың «Оян, қазақ!» кітабының жарыққа шығуы, «Бақытсыз Жамал» романының жазылуы, революциядан кейінгі жылдардағы, ашаршылық кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы жылдары және жан жары Ғайнижамалмен махаббат хикаясы сериалда кезек баяндалады.
6 бөлімді тарихи туындының түсірілім жұмыстары Алматы облысында, Алматы қаласында, Міржақыптың туған жері Қостанай облысында өтті.
#Міржақып #Оянқазақ #Қазақстан #ҰлттықАрна #QazaqstanTV
Шұғыл ақпараттар: t.me/+epGbOLbw...
Қазақстан - qazaqstan.tv/
Facebook - / qazaqstantv
VK - qazaqst...
Twitter - / qazaqstantv
Instagram - / qazaqstantv
Telegram - t.me/+epGbOLbw...
Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз:
qazaqstan.tv/app

Пікірлер: 1 900
@АйткульОспанова-к1щ
@АйткульОспанова-к1щ 2 жыл бұрын
Маржақып Дулатовтың ролін сомдаған актердің даусы қандай керемет! Киноны көріп отырып, тіптен зығырданым қайнағаны сонша осы заманда өмір сүріп жатқанымды ұмытып кетемін. Қайтадан ойымды жинап, бүгінде осындай асыл азаматтардың жоқтығы ойландырады. Соншама қиындықпен келген тәуелсіздіктің қадірін білмегенімізге не айтарымды білмеймін. Әсіресе, реті келсе тек қана қара басының қамы үшін жүргендер, елінің болашағын ойлаудан гөрі мемлекеттің қаржысын жымқыруды ойлайтындар мына фильмді көреді ме екен, егер көрсе не ойлайды екен деп өзіме сұрақ қоямын! Фильмнің,егер түсінген адамға берері мол, тәрбиелік мәні жоғары, жастарды елжандылыққа тәрбелей алады! Фильмді жасаған режиссерге, желісін жасаушыға, актерлерге шексіз ризашылығымды білдіремін және шығармашылық табыс тілеймін!
@Nazerketalgatqyzy__
@Nazerketalgatqyzy__ 2 жыл бұрын
👍👍👍
@КабдуалиКуанбаев
@КабдуалиКуанбаев 2 жыл бұрын
Тамаша шыгарган соз жокбариде Сол замангв шындык корген жастар ойланса мынау филмди шекпендилер кормейди
@АсельАбигузина
@АсельАбигузина 2 жыл бұрын
Конечно мы ценим,и очень гордимся нашими батыр амин,Алашашовцами!
@УалибекКенжекулов
@УалибекКенжекулов 2 жыл бұрын
Толықтай келісемін,
@thenotariusb.i.g-en2zn
@thenotariusb.i.g-en2zn 2 жыл бұрын
Олар ойлануды білмейді.
@ТоребекИзтурганов-и1л
@ТоребекИзтурганов-и1л Жыл бұрын
Дүние қумай бір-бірімізге күш көрсетіп масаттанбай бір болайық ел-жұртым.Той тойлап,даңғазалық ырду-дырдуды қойып сауаттарыңды,көздеріңді ашыңдар.Іштен шыққан жаулар,сырттан көз тіккен дұшпан көп.Оян,Қазақ!
@Kazak_kypshak
@Kazak_kypshak Жыл бұрын
Дөп айттыңыз!👍 Қолдаймын!
@erkanatnurhat2466
@erkanatnurhat2466 Жыл бұрын
Қазақ қазаққа неге сөзге тұрмадық екен , қазақ қазаққа не үшін жау болдық екен .
@МадиМамытов
@МадиМамытов 2 жыл бұрын
Көріп отырып жүрегім аурады 😭. Қазақ еліміз аман болсыншы.
@VaneDame
@VaneDame Жыл бұрын
Аман болдеп отыра бер!!
@gulnurzhakipova5986
@gulnurzhakipova5986 Жыл бұрын
Қазақтардың, қазақтарды сатып, өз қолдарымен қырғаны жаныңа батады екен😢😢😢😢Рухы мәңгі өшпейтін Алаш арыстарына мың тағзым
@БахытжанТобаяк
@БахытжанТобаяк Жыл бұрын
Әліби деген ит екен ғой! Оған бірінші Алматы вокзалында ескерткіш қойған...
@БакдаулетАшеков
@БакдаулетАшеков 2 жыл бұрын
Нағыз ел үшін туған азамат екен. Елім жерім деп еңбек еткен ата бабаларымыздың жаны жәннатта болсын.
@mengoe010
@mengoe010 2 жыл бұрын
амин
@gggqwerty2367
@gggqwerty2367 2 жыл бұрын
Әмин ұрпағым деп жанын қиған аталарымызға АЛЛА рақым етсін
@ЕрасылТалгатулы-с7ы
@ЕрасылТалгатулы-с7ы 2 жыл бұрын
Әмин
@ВулканВулкан-л2т
@ВулканВулкан-л2т 2 жыл бұрын
Әмин осы киноны бала шағаға көрсету керек ағасы таратайық ел жұрт көрсінші
@АсельАбигузина
@АсельАбигузина 2 жыл бұрын
Аумин 😢🙏
@botagoztemirbekova6468
@botagoztemirbekova6468 Жыл бұрын
Қазіргі сатқындар сол кездері сатқындардын ұрпақтары😢Қазағым аман болсың
@parisru5230
@parisru5230 2 жыл бұрын
4 сериядағы аштық туралы сахна өте ауыр екен. Қандай кезеңдерді өткерген қазағым🥺 Міржақыптың ерлігі қатты ұнады. Бәріне қасқайып тұрып, өз басын бәйгеге тігіп қара қазағына азық жеткізгені. Кезінде әдебитте оқығанда осы кісілердің тек шығармашылығымен ғана таныстыратын әдебиет кітабы. Кітаптың соңында 'халық жауы' - деп ату жазасына кесілген деп жазатын. Мұғалімдеріміз де көп мәлімет айтпайтын. Кеш те болса, осындай ұлы тұлғаларымыз туралы кино көп түсіріліп жатқанына қуанып отырмын. Рухты оятады. Осы киноны түсіру барысында еңбек еткен барлық жандарға Аллах газы болсын! Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер! Қазағым менің мықты ғой 💙
@ЕрасылАсылхан-д1ф
@ЕрасылАсылхан-д1ф 2 жыл бұрын
Мың өліп мың тірілген қайран қазағымай басымыздан не нәрсеге өтпеді кезінде коммистер қазақтың малын тартып алып қолдан жасадығой аштықты.
@ВулканВулкан-л2т
@ВулканВулкан-л2т 2 жыл бұрын
Ассалаумағалейкум осы киноны бала шағаға көрсету керек тарихымызды білсін сізге рахмет осындай көп коментария жазғанынызға таратайық шы
@АйжанБекмырзаева-ж6ъ
@АйжанБекмырзаева-ж6ъ 2 жыл бұрын
Дұрыс айттыңыз дәл айттыңыз Тек қаймағын оқыған екенбіз әдебиеттің
@kulbanu5926
@kulbanu5926 2 жыл бұрын
Ой ,шіркін ай ютубты өшіріп қазақша филмь өз аталары туралы көрсетсе ғой шіркін. Басқа тілмен ұл қыздар ондай жасау қиынғой.
@erdauletraibek285
@erdauletraibek285 2 жыл бұрын
Солғо енді біліп жатрк
@ДинараХалыкова-щ1м
@ДинараХалыкова-щ1м Жыл бұрын
Рахмет ,хороший фильм! обязательно надо включить в школьную программу по истории Казахстана и литературе.Центральные улицы надо называть их именами,памятные мероприятия! Вечная память !
@aselkarabay8770
@aselkarabay8770 Жыл бұрын
Оте дурыс айтасыз, бундай жандардын аты ошпеу кереккой, жандары жаннатта болсын,Халкы ушин сонгы демдери калганша курестигой.
@МаксимКурортов
@МаксимКурортов Жыл бұрын
Не надо включать ни в какую программу. Это вымысел.
@maksatzulkashev2675
@maksatzulkashev2675 Жыл бұрын
@@МаксимКурортовэто правда жизни! Запомни !
@KZ-lb9bw
@KZ-lb9bw Жыл бұрын
Қазақша сөйле
@alexeyb6129
@alexeyb6129 Жыл бұрын
В это же время был голод в России и на Украине.
@akgulakgul4990
@akgulakgul4990 2 жыл бұрын
Осы Алашордалықтар туралы киноларды мектепте, колледжде, универде күніге 1 сағаттан көрсету керек. Онсызда жастарымыз кітап оқымайды, оданда осылай көрсетіп тарихымыз туралы білу керек😢😢😢😢
@tasmukhan
@tasmukhan Жыл бұрын
Келісем
@kuzeukhankhalim
@kuzeukhankhalim Жыл бұрын
Өте дұрыс қолдаймын 👏
@advocate-Amanbayev
@advocate-Amanbayev Жыл бұрын
Ұйде барлық тума-туысқандарға, балаларға көрсетіңдер
@zangarruslan5223
@zangarruslan5223 Жыл бұрын
Каииемз еримизде кызымызда жана омирге бимделип кетиго😊😊
@СаркенкулАлтаева
@СаркенкулАлтаева Жыл бұрын
аха бір мезгіл көрсетсе жақсы болар еді ато кітап деген оқылмайды
@Қазақтыңқызы-ш5э
@Қазақтыңқызы-ш5э Жыл бұрын
Міржақыптың рөліне актерді күшті таңдаған прям👍🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥
@ЖансаяҚайымхан-р1й
@ЖансаяҚайымхан-р1й 2 жыл бұрын
Далаға тамақ төккен, ас пен судың қадірін білмейтін бүгінгі қазақ! Көріңдер, ата бабамыз қандай күй кешкен😭😭😭😪
@НуралиУмит
@НуралиУмит Жыл бұрын
😢😢😢
@РаушанНусипбекова-р1в
@РаушанНусипбекова-р1в Жыл бұрын
Қаншама қиыншылықпен ,ашаршылық пен жоқшылық ,соғыс ата бабаларымыз арманда кетті осы күнге жете алмай.Қазіргі жастарымыз соны бағалай білсе түсінсе .Европаға еліктеп білгендерін істеп жүргендер қаншама.Алла елімізді аманғылсын.Кино түсірген режиссер ,актер бәріне мың рахмет .Ұзағынан болсын қазақ киносы.
@altynmakhanbetova3177
@altynmakhanbetova3177 2 жыл бұрын
Алаш азаматтарының есімдерін ешқашан ұмытпауымыз керек! Олардың рухтары өлмейді. Мықты фильм!
@Dikoch_1984
@Dikoch_1984 Жыл бұрын
Көрсетілім өте аз, бірінші сериясында ғана млн астам, одан кейін азайған, демек әрі қарай көрмеген, тарихқа қызықпаған, өкінішті. Аты затына сай, оянғысы келмейді қазақтар😢
@КУННУРАйтбаева-п3л
@КУННУРАйтбаева-п3л 2 жыл бұрын
Мың өліп, мың тірілген қазағым 😢
@АттаАтата
@АттаАтата 2 жыл бұрын
Фильм керемет жазған қойған бауырларға Рахмет!
@SSO5241
@SSO5241 Жыл бұрын
Ассалому алейкум. Эгемендикти алабыз деп канча биздин Ата-Бабаларыбыз жанын жерге урган Аллахым аларды бейиштин бакчаларынан орун берсин🤲🤲🤲
@mansh178r3
@mansh178r3 2 жыл бұрын
Қазақ халқына, болашағымызға берері мол, өлмес туынды! Әр қазақ бұл туындыны көріп, сана-сезімі оянары сөзсіз. Әр қазақ баласы көрсін, өшпес мұра болып қалсын!
@aikaalimjanovna465
@aikaalimjanovna465 Жыл бұрын
Жиі көрсету керек ,естеріне түсіріп осіп келе жатқан ұрпақтарға әсіресе ....орыстанып барат 😢 ашуым келетыны казак балалар орысша сайрайды кішкентай болсада , бир сөз қазақша білмейді😢😢😢😢
@РаушанАжимуханова
@РаушанАжимуханова Жыл бұрын
Кімге өкпелейміз, өзіміздің қазағымыз, өзімізді құртқан. Қазірде ештеңе өзгерген жоқ, өкінішке орай😢
@elmira._____.145
@elmira._____.145 3 ай бұрын
не дейсің?
@ДулатКаранеев
@ДулатКаранеев 2 жыл бұрын
Барша қазақ жұрты көргеніміздей қазаққа қазақ жаны ашымаса ешкімнің жаны ашымайды . Бір бірімізді қолдап жүрейікші ағайын. Бір-бірімізге күш көрсетпей , қол көтермей , әлсіздерімізді көтеріп, даңқын асқақтататын уақыт келді. Алаш ордалықтар армандағандай ғылымның көзін ашатын уақыт келді. Білімді жастарымызды Алла қолдасын 🤲🤲🤲
@ТолыкБолса
@ТолыкБолса Жыл бұрын
Алла казагымнын ендігі коретін куні тек Куанышты Болгай. АЛЛА казагыма ауызбіршілік бере корші.
@МаржанАбдраимова-п1з
@МаржанАбдраимова-п1з 2 жыл бұрын
Көзімнен жас тоқтамай, жүрегім қан жылады. Қайран қазағым пй, қандай нәубетті бастан кештіңдер... Сценарий өте тамаша жазылған, Жақаң рөлінн сомдаған азамат, ұрпағыңызбен мың жасаңыз.
@ШолпанСадирмекова
@ШолпанСадирмекова Жыл бұрын
Мірқажып рөлін сомдаған актёр Бақыт Қажыбай
@ГульзадаКенжеева-е4к
@ГульзадаКенжеева-е4к Жыл бұрын
😭😭😭😭😭
@alievw13
@alievw13 Жыл бұрын
Актёрлерге респект.Осындай елім деген асыл ерлер жетпейді осы заманда.Алаштың асыл тұлғалары-ай.Жандары жаннатта болсын.
@РайханАмиркулова-в6б
@РайханАмиркулова-в6б 2 жыл бұрын
Ахаңның "той ешқайда қашпас!" - деген сөзі әлі күнге дейін актуалды, халқы аш-жалаңаш қалып, сорлап жатқанда не керегі бар сол тойдың дегенге келтіріп отыр, Ахаңның 150 жылдығын тойлаймыз дегенде, әруағы қолдаған жоқ-ау сол ас та төк тойды...Алаштың ғасырлар бойғы арманы әлі де орындалмаса керек
@NurzhanTagaibekuly
@NurzhanTagaibekuly 2 жыл бұрын
Дәл айттың
@Adaldos
@Adaldos Жыл бұрын
Көп Актёрлар жанадан кинога түскен сияқты сомдаған рөлдеріне қарасам. Бас рольдаерде болғандар жақсы ойнаған келтіріп. Соған қарағанда бюджет тіптен жоқ, тегін ойнап шыққан сияқты. Молодец жарайсындар, мың алғыс. Құдай жақсылығын берсін
@ГаухарГаухар-ж4й
@ГаухарГаухар-ж4й 2 жыл бұрын
Қазағым деп өмірін қиған Алаш қайраткерлеріне Аллаһ разы болсын!😢😢 Қазақтың көрмегені жоқ, сол заманның мақсаты бізді жою болған ғой, әліде сол көршілес елдердің көздегені қазақ елі, қазақ жері, қазақ тілі, мәдениеті, қазба байлықтары…😢
@darhanomarov7818
@darhanomarov7818 Жыл бұрын
Амин😢😢😢
@Ардак-я2щ
@Ардак-я2щ Жыл бұрын
Қазірдің өзінде аш отырған казак кана
@ruslanbaimukhanov7123
@ruslanbaimukhanov7123 Жыл бұрын
Жер байлықты сатып бітірді,Қазақша сөйлесен бәле,мәдениетті айтпаяқ қой😢
@zhamalartykova8291
@zhamalartykova8291 Жыл бұрын
Міржақып Дулатов роліндегі жігіт өте тамаша актер.Түрі ,түсі, жүріс-тұрысы,дауысы,сөз саптауы, бәрі-бәрі келіп-ақ тұр.Жарайсыңдар! Бастан-аяқ жібермей көріп жатырмын! Жылап та алдым...
@НуртлесДуйсенбаев-ц2в
@НуртлесДуйсенбаев-ц2в 2 жыл бұрын
Түсінген адамға қаншама дүниені ұғындырып тұр бұл фильм.
@kunnurbaltabai6323
@kunnurbaltabai6323 Жыл бұрын
Мыржакып бабамыздын жаны жаннат торынен болгай😢❤
@АйгеримТурсыновна
@АйгеримТурсыновна 2 жыл бұрын
Керемет фильм 😭😭Орыстар не істемеген сұмдық қой😢😢 қас жауларымыз солар екен ғой
@amazon6108
@amazon6108 2 жыл бұрын
Иа иттин етинен жеп коретин онбаган халык,шошкалар!!! Аллаһтын жазасын алсын,оздерин иттей корсин Алемдеги халык, сонша лас журектери, фашисттерден асып кеткен жауыздар!!!
@zalum5222
@zalum5222 2 жыл бұрын
Орысты қойшы өзіміздің қазақтардың сатқындығы, қайдағы бір мандатқа бола, билікқұмарлығын әлі күнге дейін жалғасып жатқандығын көрім жүрегім ауырды.
@amazon6108
@amazon6108 2 жыл бұрын
@@zalum5222 окинишке орай бар корелмаушылык, ондайларды бирге косып жазалау аз, жауды алыстан издеме дегени,уйренип агалап,акыры бети ашылды сары иттиң
@ТоктамысоваАйгерим
@ТоктамысоваАйгерим 2 жыл бұрын
Ия солар, мен жылап отырып көрдім,қайран менің ата-бабам-ай
@ТоктамысоваАйгерим
@ТоктамысоваАйгерим 2 жыл бұрын
@@amazon6108 берсін жазасын орыс оңбағанның
@БекзатЖолдасов-ч7б
@БекзатЖолдасов-ч7б Жыл бұрын
Алаш зиялыларының жаны жәннатта болсын осындай туындыны жасаған азамат пен азаматгаларға Алла екі дүниенің бақытын нәсіп етсін...
@АйшатТанатарова-й2с
@АйшатТанатарова-й2с 2 жыл бұрын
Халқына жаны ашып, қалың ұйқыдан оятуды аңсаған азамат.Қәзір біздің елгеде осындай Алаш арыстары қажет!
@artvideo.01
@artvideo.01 5 ай бұрын
Алаш ордасының өзіндік бір төбесі Міражақып Дулаттың қазақ елінің қырылып,өліп жатқанын естігенде көзінен жас аққаны жүрегіме әсер етіп,менің де көзімнен жас тамшылады. Қандай мықты кісі болған десеңші. Аллах алдынан жарылқасын,жәні жанаттық болғай. Әмин
@БибигулНурманова
@БибигулНурманова Жыл бұрын
Тарих қайталанып жатыр. Не көрмеген қазағым! Әліде көріп келе жатыр! Оянбасақ ел болмаймыз ба деп қорқам!
@almagulalmagul6975
@almagulalmagul6975 Жыл бұрын
Рахмет осы киноны тусиргендерге!!!❤❤❤ КАЗАК ели аман болсын!!!🎉🎉🎉 КАЗАКСТАН МАНГИЛИК БОЛСЫН!!!❤❤❤
@РайгульБайматова-с6ы
@РайгульБайматова-с6ы 2 жыл бұрын
Өте жақсы түсіріліпті. Рөлдердегі актерлерге рахмет, сол кезге барып, келгендей әсер алдым. Ұлт үшін отқа түскен азаматтарымздың жатқан жерлері жарық, имандары саламат болсын!
@АйнураКыдыркулбекова
@АйнураКыдыркулбекова 2 жыл бұрын
Әумин
@АйзатКожамбаева-н4е
@АйзатКожамбаева-н4е Жыл бұрын
Әумин
@МаржанАлимкулова-ъ6е
@МаржанАлимкулова-ъ6е Жыл бұрын
Қазағым, бауырмашыл болындар! Басқа үлттан емес, өзіміз қаракөз бауырларымыздын ауызбірлігі мықты болсын!!!
@nureke6931
@nureke6931 2 жыл бұрын
Алаш ұранды қазақтың жанашыр батыр, ақын ұлы Міржақып Дулатұлын Алла тағала рақымына бөлесін 🤲 Мына Әліби Жангелдин расында осындай болса тарихтағы тұлғалық бейнесін қайта қарау керек-ақ.
@dinaraturlybek539
@dinaraturlybek539 2 жыл бұрын
Жангельдин халқын сатқан сатқын болған.
@Айман-н4с
@Айман-н4с Жыл бұрын
Сәбит Мұқановты да жақсы айтпайды
@Айман-н4с
@Айман-н4с Жыл бұрын
Апайларымыз жазушы деп қана түсіндіріпті ғой,шын мәнінде ұлтының,тілінің жанашыры болыпты.Саясатқа араласып,қазақтың болашағын ойлап,аштықтан қырылған халыққа берген көмегінің өзі қандай керемет!
@СулейменКузембаев-л6б
@СулейменКузембаев-л6б 2 жыл бұрын
Қайран қазағым-ай не көрмедің осы жалған өмірде😭, Алла тағалам қазағымның мәртебесін көтеріп, салиқалы, білімді ұрпағымыз көп болсын. Болашағымыз жарқын болсын. Амин.
@ГулжаухарМаисжан-д6щ
@ГулжаухарМаисжан-д6щ 2 жыл бұрын
Қайран қазағым ай әр сериалын көрген сайын жүрегім ауырады, сондықтан орыс тілінде сөйлемей Қазақ тілін де сөйлейік 😌
@H.R.O
@H.R.O Жыл бұрын
Осы Сериясы Қатты Жаныма батады Көзімнен Еріксіз жас тыйылмай Койды 😭😭 АЛЛАҒА шукір Казір Кандай керемет заманда өмір сүріп жатырмыз Бірлігіміз Ажырамасын Ағайын
@АйманХайтжанова-к4й
@АйманХайтжанова-к4й Жыл бұрын
Кателеспе орыстар әлде жасап кележатыр үстемдіктерін
@ulydalajauyngeri2274
@ulydalajauyngeri2274 2 жыл бұрын
Жаныма батты жылатты 😭 қайран қазағым-ай. Иттер өз арамыздан шыққаны өкінішті.
@АсхатАбжетов
@АсхатАбжетов Жыл бұрын
Әліде көп ондайлар орысты мақтап жақтап жүрген,өз арамыздан шыққан иттер бұрынғы иттердің ұрпақтары
@the_kitchen00
@the_kitchen00 Жыл бұрын
Ешкім айтпаса да көріп жатырмын, жастар да көреді. Жасым 12де Керемет кино екен, аштықтан өте қатты қиналған. Менің өмірім шет ел екен, Аллаға шүкір! Мен бұрын соңды да шүкіршілік ететінмін, бірақ мынадан кейін мүлдем. Халқымыз тыныш болсын!
@dariyadastan2298
@dariyadastan2298 Жыл бұрын
Жасың 12де болып мынандай сауатты жазу 👍 Ана, го, ғо, нау, казак деп жазатын, "ң" деген әріпті ажырата алмайтын, үтір, нүктені мүлдем танымайтын сауатсыз, мәңгүрт қазақтар сенен үйренсін!
@ИльясБерденов-ь7ш
@ИльясБерденов-ь7ш 2 жыл бұрын
Өз ішіңнен шыққан сатқындырдың кесірінен, оңалмай келе жатқан Қазағымай. Сол сатқын әлі жалғасып келеді өкінішті
@lyazzatabiyeva9414
@lyazzatabiyeva9414 Жыл бұрын
Ауыр фильм.Нағыш шындық фильм.Біздің Тарихымыз.Қашан болса да Қазақ ең әуелі өзіне өзі жау секілді.Сатқынық қаи уақытта болса да...
@dana.madenova
@dana.madenova 2 жыл бұрын
Міржақып ағамыз қандай керемет жан болған😔😔😔
@ЛидоАбитова
@ЛидоАбитова Жыл бұрын
Бул фильм ды жастар міндетті түрде қарау керек,сол кісілердің арқасында, қазақ болып келе жатырмыз,соны умытпауымыз керек,ағайын,бул фильм ды қарап,көзден жас тиылар емес,қандай қиыншылықтар бастан өткізген,казір біз құтырамыз,ішкеніміз алда,ішпегеніміз артта😢😢😢
@АйданаКемалова-ч7ю
@АйданаКемалова-ч7ю 2 жыл бұрын
Қазақ болып туылғаныма мақтанамын. Кім не деседе ештеңеге бергісіз, кез-келген қииындыққа төзіп беретін ең ең ең мықты халықпыз. Мына туынды осыған дәлел. Қазағымыз мың жасасын. Аллам өзі жар болсын. Жүрегім ауырып, намысым оянып отыр қыз баласы болсамда 😢😢😢
@АкеркеБейсембек
@АкеркеБейсембек Жыл бұрын
Ь
@ЕрмекАязбаев-и3с
@ЕрмекАязбаев-и3с Жыл бұрын
😢
@ГуляМаханова-ш6ъ
@ГуляМаханова-ш6ъ Жыл бұрын
Сені мен де қолдаймын
@aikelemdavranbekova9360
@aikelemdavranbekova9360 Жыл бұрын
Казак туугандар буюрса өсөт келечеги бар билимдүү жаштары бар 👍 кино жакты ыйладым😢 мамлекет үчүн эл үчүн эрдик жасаган аталардын ак патасы кабыл болсун🤲
@gazizashynshalina
@gazizashynshalina 2 жыл бұрын
Кинотеатрдағы фильмдерден, қазіргі мән-мағынасы жоқ жеңіл идеологиялық сериалдардан бағасы да, сапасы да мың есе жоғары тарихи сериал💔
@asemorazalina
@asemorazalina Жыл бұрын
Қазағымай ,не көрмедің 😢😢😢😢 киноны қарап осы бәрі рас болып журегынды қалай ауыртады , о Алла Тағала еліміз аман болсын . Ағаларымызға мын да бір рақмет ,жатқан жерлер жарық болсын
@АйгеримТауирбаева
@АйгеримТауирбаева 2 жыл бұрын
Фильм үшін рақмет, осыған дейін де бірнеше ұлы тұлғалар туралы кино көрдім. Айтпағым біз неге осындай ұлт болдық екен, барлық жерде өзімізді өзіміз сатып, ұстап беріп, иттік қылып... сол жаман қасиет кәзірде бар, бізден басқалар бір бірін демеп 1 қойын 2 қылады. Біз 1 қойымызды бір бірімізге иттік жасап сойып тынамыз, өкінішті..... осындай арыстардың басын жұтуға атсалысқан өз қазағым
@АйзатКожамбаева-н4е
@АйзатКожамбаева-н4е Жыл бұрын
Базарбай сияқты сатқындар .
@nurgazin.adilet
@nurgazin.adilet 2 жыл бұрын
Мұрат Есжан аға және барлық киноға үлес қосқан азамат, азаматшаларға респект👍👍
@МарьямКаптаева
@МарьямКаптаева Жыл бұрын
Керемет тусирилим қайран казагым !!! Ата бабаларымыз жандары жанната болсын .Оте аянышты
@Жанас-н2ю
@Жанас-н2ю 2 жыл бұрын
Менің апам ашаршылықтыда ,соғысты да көрген тіпті балалар үйінде де болған еді,қазыр мына фильмге қарап жаным ауырып отыр.Жатқан жерлері жайлы болсын бабаларымыздың.
@АрдакКиреева-у3э
@АрдакКиреева-у3э Жыл бұрын
Кай калада болды апаныз балалар уйынде менын акем Саратова болган
@БаянРамазанова-у3щ
@БаянРамазанова-у3щ Жыл бұрын
Мынау,Базарбек не деген оңбаған.
@salsabilassylkhanqyzy
@salsabilassylkhanqyzy Жыл бұрын
Меніңде атам солай өсті, әке анасын түгел бауырларын қырып тастаған, бірақ айтпады кімнің жасағанын, солай балдар үйіне түсіп өсті сол жерде, сосын ағайындарын іздеп тауып алдыда қатты ренжіп соларға Өзбек жеріне жер аударып кетті сол жақта өмір сүріп қайтыс болды соғыс ардагері болды жәнеде
@ЖанарКебекбаева-г2г
@ЖанарКебекбаева-г2г Жыл бұрын
Керемет шығарған фильмді. Көзіміз ашылып. Қазағымызды қалай қорлаған! Қазағым жасасын! Тіліміз өшпесін! Рахмет сіздерге!
@ДулатКаранеев
@ДулатКаранеев 2 жыл бұрын
Киноны түсірген, киноны сомдаған , осындай азаматтарымызды білсін деп, халыққа кейінгі ұрпаққа жеткізген сіздерге рахмет. Алла разы болсын. Бұл киноны көре отырып қазақтың түбіне қазақ жеткенін көріп отырмыз😢😢😢. Өте өкініштісі өзінің атақ , даңқын сақтау үшін өз қазағын қырған азаматтарымыз. Жалпы киноны түсіруге ат салысқан барша кісілерге Алла разы болсын 🤲🤲🤲
@АсияОнгарбаева-ж5г
@АсияОнгарбаева-ж5г Жыл бұрын
Кина біткенше тас кеңірдегіме тұрып қалғандай күй кештім. Мықты қазағымның қаймақтары ай. Осындай мықты адамдар лек-легімен келетін сияқты. Осы аталарымыздың арқасында бейбіт өмір кешіп жатырмыз. Жандарың жәннаттан болсын!
@medical_students7267
@medical_students7267 2 жыл бұрын
Өзбекстан Қазағынан сәлемдер бізде осы ашаршылықта Өзбекстанға келген секілдіміз Қазағым аман болыңдаршы бауырларым!!! ❤️❤️❤️🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@АйкаАйка-з6н
@АйкаАйка-з6н Жыл бұрын
Кайда журсендер де аман журиндер!
@АйманХайтжанова-к4й
@АйманХайтжанова-к4й Жыл бұрын
Қазақтың орыстардың кесірінен аяқ баспаған жері барма,көрмегені барма? Қытай,Иран асып жол жөнекей аштықтан жолға жарамай қанша ата бабаларымыз от бастарымен ит құстарға жем болды ,алқаш орыстардың құй тұрқы саясатының салдарынан барымыз өзімізге осы күнге дейін бұйырмай кележатыр емеспа?
@АлмагульБигозиева
@АлмагульБигозиева Жыл бұрын
Қазақ тарихын шынайы көретін білетін көзімізді ашып, көкіректі оятатын осындай фильм үшін рахмет!
@jasulansattar7884
@jasulansattar7884 2 жыл бұрын
Көзге ериксиз жас келеді.Бұндай фильм дерди насихаттау керек . Тәуелсіздігіміз қыйаметке дейін болғай елимиздиң бирлиги мықты болсын ата бабаларымыздың жаны жәннатта болғай Әмин🤲
@RufinaZhenis
@RufinaZhenis 4 ай бұрын
ИӘ. КЕРЕМЕТ ФИЛЬМ. 👍👍👍👍БАС КӨТЕРМЕЙ КӨРІП ШЫҚТЫМ. БІРГЕ ҚИНАЛДЫМ, БІРГЕ ҚАМЫҚТЫМ, БІРГЕ ТОРЫҚТЫМ, БІРГЕ КҮЙЗЕЛДІМ, БІРГЕ ЖЫЛАДЫМ, БІРГЕ ӨЛДІМ, БІРГЕ ТІРІЛДІМ. БӘРІ ТІРІ. РУХҚА АЙНАЛДЫ. ШЫН ШАҚЫРСАҢ, АҚЫЛ-КЕҢЕС БЕРЕДІ. ЕЛІ ҮШІН ЕҢІРЕГЕН, ЕЛІ ҮШІН ТУҒАН, ЕЛІ ҮШІН ӨМІРІН ҚИҒАН, КЕК ҚАРА БАСЫНЫҢ ҚАМЫН ОЙЛАМАҒАН АЛАШТЫҢ АРЫСТАРЫНА, РЕЖИССЁРГЕ, АКТЁРЛЕРГЕ МЫҢ АЛҒЫС. 🙌🙌🙌🙌🙌🙌🙌🙌🙌🙌🙌🙌🙌🙌🙌 МЕНІҢ БАР АРМАНЫМ ... ӘР ҚАЗАҒЫМ ЖАЛҒЫЗЫМ. РУХ ЕКЕНІН БІЛСІНШІ ӨЛІМ ЖОҒЫН БІЛСІНШІ ЕШНӘРСЕДЕН ҚОРЫҚПАЙ ЖАРАТҚАН ИЕСІН ТАНЫП МӘҢГІ ӨМІР СҮРСІНШІ.
@gulzhan856
@gulzhan856 2 жыл бұрын
Нағыз елі үшін туған ерлер. Осы кісілер өлмегенде мемлекетіміз қанддай болар еді. Алла жандсрын жаннаттан етсін
@A.B-ALASH
@A.B-ALASH Жыл бұрын
Мультфильм түрінде шығарса жақсы болар еді. Жастардың санасында қалатындай, кітап оқымайтын оқыса да ұмытып қалатын балаларға өте жақсы көмек қой. Келешекте ұлтжанды, намысты болып өсері анық
@bikeshbikesh5144
@bikeshbikesh5144 Жыл бұрын
Мультфильмді жас балалар көреді, олар мына тамаша сөздердің мағынасын түсінбейді ғой, оданда мектептерде көрсеткен дұрыс, орыс, қазақ мектебінде, білсін балалар тарихымызды.
@НурланЖанибеков-п9п
@НурланЖанибеков-п9п Жыл бұрын
Қинамайды абақтыға жапқаны, Қиын емес дарға асып атқаны Маған қиын осылардың бәрінен Өз ауылыңның иттері үріп қапқаны... Ахмет атамыз бекерге айтпағанғой...
@ДилмуратАдилов-п5с
@ДилмуратАдилов-п5с Жыл бұрын
Ассалаумағалейкум! Қазақ елі!ағайындар, біз бір-бірімізге бауырлық танатып, әрқашанда қолдау білдіріп жүрейік….. Тарыдай жан-жаққа шашылған Қазағымды бір тудың астында көргім келеді.
@Nurgalieva.Nurzhamal
@Nurgalieva.Nurzhamal 2 жыл бұрын
Керемет түсурілген! Ата-бабаларымыздың жаны жанаттық болғай🙏🏻🙏🏻🙏🏻
@YerzhanTilessov
@YerzhanTilessov Жыл бұрын
Әулі алла сосын Ата бабаларымыздың осындай батыр,намысшыл ,ержүрек, білімді ақ пейілді,ірі тұлғаларымыздың арқасында осы күнге жеттік.Бірақ әлі күнге дейін іштен шыққан жауларымыз ,сатқындарымыз бар.Бір жағынан күйіп кетесін осындайлардан әділдіктің жоғынан,бір жағынан ашаршылықтарды көріп тәубеңе келесін шалқып өмір сүріп жатқандаймыз.Сондықтан ысырапшылдықтан сақтану керек.Ал әділетсіздікке құдайдайдың өзі жазасын бермесе біз қарапайым халықтың қолымыздан не келеді.Тек қазақша сөйлеп ұлтымызды дәстүрімізді сақтайық мәңгүрт болмай.
@БақытжанОтарбаев
@БақытжанОтарбаев 2 жыл бұрын
Осындай фильмдер бізде бар шүкір,бірақ қарап жатқан қазақ өте аз. Осы фильмді әр отбасында балаларымызға көруді талап қоюмыз керек. Біздің келешек ұрпақ орыстардың бізге не жасағанын білу міндетті оларға айту біздің парыз.
@ДжекЛондон-з6п
@ДжекЛондон-з6п 2 жыл бұрын
күштеп болса да көрсету керек
@ykf7665
@ykf7665 2 жыл бұрын
Алла қаласа колледжде көрсетем
@TaskulNurasyl
@TaskulNurasyl Жыл бұрын
Кино өте керемет жүрекке жетті. Аллаға шүкір осындай бейбіт елде өмір сұріп жатырмыз. Осындай батыр азаматттардың еңбегі 🎉🎉🎉
@aqylbeckmurssalim6288
@aqylbeckmurssalim6288 2 жыл бұрын
ААлла тағала осындай боздақтармен келген Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын ! Қазағымның бірлігі берік болсын жылап отырып көрдім 😭😭😭😭
@ВулканВулкан-л2т
@ВулканВулкан-л2т 2 жыл бұрын
Ассалаумағалейкум туған туысқа бала шағаға көрсету керек тарихымызды білсін сізге өтініш
@АйидаСаттарова
@АйидаСаттарова 2 жыл бұрын
Ех өз қазағымыз билік үшін арын сатқан екенгой. Өкінішті. Ата бабаларымыз не көрмеген . Жыламай көру мүмкін емес
@СымбатБертаева-е3ю
@СымбатБертаева-е3ю Жыл бұрын
Керемет кино. Кәзіргі уақытымызға шүкір ете білуіміз керек. Ғылымға, білімге ұмтылуымыз керек. Мемлекетімізді дамытатын, өркендететін өзіміз ғана. Әр қазақ өзінің саласында барынша мықты жұмыс істесе бізден мықты Ел болмайды. ❤❤❤❤
@zalum5222
@zalum5222 2 жыл бұрын
Әр қазақ көруі тиіс фильм.
@АрайлымОспанбекова-г2л
@АрайлымОспанбекова-г2л Жыл бұрын
Қазағым не көрмеді 😢😢😢. Керемет фильм
@ulbosynusenova802
@ulbosynusenova802 2 жыл бұрын
Өз қазағымыз өздерінің аяғынан шалып сөйлеп отыр, "Қайран елім,қазағым,қайран жұртым-ай..."
@Қарашашана
@Қарашашана 2 жыл бұрын
Орыс деген сайқалдың арбауына түскен қорқау қазақтар ғой .
@ЖанботаЖумаканова
@ЖанботаЖумаканова Жыл бұрын
Біздің Қазақ болып жүргеніміз осы аталарымыздің арқасы екен🥹🥹🥹 Аллам өлмес ғмыр берсін қазақ атына 🤲🏻
@БахытжанАманжолов-щ9й
@БахытжанАманжолов-щ9й 2 жыл бұрын
Өте ауыр фильм,әр кейіпкердің орнына өзіңді қойып көрсең мүлде жан түршігерлік... Алланың құдіреті шексіз!!!
@dimasheleu4530
@dimasheleu4530 Жыл бұрын
Елім деп тер төгіп, қан жұтқан алаш зиялыларының жандары мәнгі жаннатта болсын. Елімізге азар берген орыстар, сатқындық жасаған қазақтар махшар күні жазасын алсын, тозақта мәнгі жансын!!!
@ainur_tokbayeva
@ainur_tokbayeva 2 жыл бұрын
Рахмет, неше жыл дегенде туындылары шықты-ау!.. Арты түгесілмей, жалғасын тапсын!
@toyotalotos5817
@toyotalotos5817 Жыл бұрын
Корiп отырып жыладым... 😢😢😢Кандай батыр азаматар болган... иманды болсын... 😢
@ҚРҚКДенешынықтырудайындығыжәне
@ҚРҚКДенешынықтырудайындығыжәне 2 жыл бұрын
Керемет! Осы телехикаяның шығуына атсалысқан адамдарға шексіз алғыс! Қазағым жасасын! Тәуелсіздігіміз, тіліміз, халқымыз мәңгі болсын!
@ОмарКакенов
@ОмарКакенов Жыл бұрын
Бұл киноны көріп отырмыз Мыржақып Атамыз коп Рахмет Қазіргі уақытқа дал көретін фильм қазақа қазақа жаңі ашымайды
@КарасайНуров-б3ы
@КарасайНуров-б3ы 2 жыл бұрын
РАҚМЕТ АЛАШЫМ. ТҮСІРГЕН ҰЖЫМҒА АЛҒЫС. ЕЛІМ ЕГЕМЕНДІГІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН,ҚАЗАҚ ТІЛІМ ТҰҒЫРЛЫ БОЛСЫН !!!
@СаулеАлматова-и7н
@СаулеАлматова-и7н Жыл бұрын
Алла осы берекесінен айырмасын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
@МуратМукушев-р7ж
@МуратМукушев-р7ж 2 жыл бұрын
Әліде үйқыдан, қараңғылықтан, жалқаулық пен қорқақтықты жамылып жатқан саңырау қайран қазағымай, қашан оянарсың. ОЯН ҚАЗАҚ!!!
@АлибекЖандилов
@АлибекЖандилов Жыл бұрын
Не деген мықты азаматтар. Осындай шынайы елім, жерім деген азаматтар болса ізіне ерер едім!
@Райымбек-д8э
@Райымбек-д8э 2 жыл бұрын
Осыдан кейін орысты екі есе жек көріп кеуде де өшпенділік пайда болады екен . Біздің қазақ әлі сол қазақ екен ,тілі орысша' салты орысша еліктегіш. Ата бабаларымыздың арманы орыстан түбегейлі құтылғанда ғана орындалар. Ең өкініштісі қазақтын жауы қазақ қана болған екен осы заманда да қазір де .
@seitibraev6565
@seitibraev6565 2 жыл бұрын
Орысты несіне жек көресің сатқын қазағымыз ғой бәріне кінәлі, алауыздықтың белгісі ғой
@jaratushytyrgangajaralgana4309
@jaratushytyrgangajaralgana4309 2 жыл бұрын
Ол тек кино от салма ортага
@utybsenba8287
@utybsenba8287 2 жыл бұрын
@@jaratushytyrgangajaralgana4309 кино болсада шын өмірден алынгангой
@jaratushytyrgangajaralgana4309
@jaratushytyrgangajaralgana4309 2 жыл бұрын
@@utybsenba8287 сен окыдынба осыдан кейн деп турго
@yershatshayakhmetov4991
@yershatshayakhmetov4991 2 жыл бұрын
@@jaratushytyrgangajaralgana4309 Менде жек көремін осы іс үшін орыстарды.
@ЖастлекАльдекенов-ч4п
@ЖастлекАльдекенов-ч4п Жыл бұрын
Осы серияны көріп отырып бала кезімде оқыған, авторы З. Қыстаубаев және Б. Хабидинаның Қызылдар қырғыны деген кітабы есіме түсіп кетті. Сол кітапта қазақ еліне қолдан жасалған ашаршылықты нақты авторлар көрсете білгенін, мына фильм айқын дәлелдеп тұр. Жақсы түсірілген фильм, режиссёр мен ойнаған актёрлерге мың алғыс.
@ainursarsebaeva6392
@ainursarsebaeva6392 2 жыл бұрын
Жүректі жылатып, өксікке толтырған, жанымның күйін толғаған фильм болды, көз жасымды тоқтата алмастан қарап отырмын... Айта алмаған шерді қозғағандай... Осы фильмде "бес арыстың" және басқа қазақтың біртуар азаматтарын сомдаған актерлерге алғысым шексіз!!!
@ЕрнатАлирахимов-ц2л
@ЕрнатАлирахимов-ц2л Жыл бұрын
Алла тағалам Қазақ халқына берекемен ынтымақ силастық бере гөр
@dauren7313
@dauren7313 2 жыл бұрын
Ешкімде, ештеңеде ұмытылмайды. Ұйықтап жатқан қазағым ай. Көздеріңді тырнап ашыңдар. Залым орыстардың бізге көрсетпегені жоқ. Ата бабаң осылай қолдан қырылған.
@БейбітАлдаберген
@БейбітАлдаберген 2 жыл бұрын
Әркімге жем болмас үшін білім-ғылым, ақыл-сана, парасат, қаржылық сауаттылық, іскерлік қасиет, еңбекқорлық қажет қазаққа.
@ТуранСолтанаева
@ТуранСолтанаева Жыл бұрын
Өте дұрыс айтылды осы фильмді көрсе екен бұкіл жоғарыда отырғандар !!!
@АйнурМадиярова-х1к
@АйнурМадиярова-х1к 2 жыл бұрын
Айсәуле,Мұрат!көңілі ояу қазаққа ой салатын кезекті туындыларың өте сәтті шығыпты. Еңбектерің әрдайым еленсін!Шығармашылық идеяларың ұштала берсін. ТІЛЕКТЕСПІЗ СІЗДЕРГЕ👏👏👏
@nazxxwm
@nazxxwm Жыл бұрын
Эх қазағым ай аштықтан бір бірін жеген қазағым:(Қазіргі кезде сол тамақты қадірлемейтын адам жоқ(
@Hanaiym-q2n
@Hanaiym-q2n 2 жыл бұрын
Қандай аянышты, елім деп еңіреген осындай азаматтарды, қазақ халқы үшін сіңірген еңбегі үшін көкке көтеріп, болашақ ұрпаққа үлгі етудің орнына, орыстың сайқал саясатынан аса алмай халық жауы деп қаралап, ал нағыз халық жаулары түлкі маскасымен бұлаңдап жүрген түрлерін көргенде, жүрегің қан жылайды. Осы туындыны түсіруге атсалысқандардың барлығына рахмет. Еліміздің тарихы жайлы осындай фильмдер көптеп түсірілсе екен дейміз...
@МаликНурмагамбетов-с8щ
@МаликНурмагамбетов-с8щ Жыл бұрын
Ойланайық бауырлар! Аштық кезінде бір ақсақал жылап отырса қасындағы біреу өлетін болғасын жылап отырсың ба дегенде аштық болмағанда да өлемін ғой біз аштықпен сыналып кетіп бара жатырмыз ұрпағымыз тоқтықпен сыналады деген екен. Тоқтықпен сыналған қиын болады деген. Ойланайық ағайын. Керемет түсірілім.
@ЛаураБалабекова-ч6г
@ЛаураБалабекова-ч6г 2 жыл бұрын
Жазықсыз баз кешкен халық пен жазықсыз айыпталған қазақ зиялыларын Алла панасына алсын 🤲🤲🤲
@ДаригаАдамбаева
@ДаригаАдамбаева 3 ай бұрын
Өте керемет. Қазағым жасай берсін🙌🏻❤
@salimkoishybay
@salimkoishybay 2 жыл бұрын
Қазақтың рухын оятар туындылар көбейе берсін! Әр қазақ менің жалғыз деп ұрандайтын жастар көп болсын!
@АсемкульНусупбаева
@АсемкульНусупбаева Жыл бұрын
Өте керемет болды ризамын Дулатовқа❤😊
@Айсель-с1ж
@Айсель-с1ж 2 жыл бұрын
Осы фильмді жарыққа шығарғандарға мың алғыс,актерлерде керемет
«Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясы. 5-бөлім (Рус субтитр)
59:02
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 983 М.
If Humans Cannot Talk
00:42
im_siowei
Рет қаралды 34 МЛН
Big problem
00:25
TyphoonFast 5
Рет қаралды 6 МЛН
He Ate the HOTTEST Spicy Noodles
00:11
Max Design Pro - Creative Animation Channel
Рет қаралды 25 МЛН
МЫ СШИЛИ ИГРУШКУ ТУНГ ТУНГ САХУРА😱
00:35
ХОТЯ БЫ КИНОДА 2 - официальный фильм
1:35:34
ХОТЯ БЫ В КИНО
Рет қаралды 7 МЛН
"Монгол ба Казах: Өнгөрсөн, одоо, ирээдүй" баримтат кино. 2р бүлэг...
1:08:31
Сурагчдад уран зохиолын суурь боловсрол олгох нь
Рет қаралды 7 М.
«Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясы. 6-бөлім (Рус субтитр)
57:40
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 619 М.
А Байтұрсыновтың өз дауысы
16:57
Dosmuhambetov mektebi
Рет қаралды 519 М.
«Балуан Шолақ» к/ф (реж.: Н.Садығулов, 2019 ж.)
1:42:33
Qazaqfilm / Казахфильм
Рет қаралды 2,6 МЛН
ЕНЕНІҢ ЖАН АЙҚАЙЫ. АВТОР: ҒАНИ БЕЙСЕН
25:38
Кітаптар әлемі
Рет қаралды 23 М.
«Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясы. 1-бөлім (Рус субтитр)
57:20
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 5 МЛН
Спасен! Повторим? Комикс @JennyJinya озвучил @gleb_randalainen
0:41
Глеб Рандалайнен
Рет қаралды 879 М.
lapa lap tapatap.🥵🥵
0:31
KIKO 1AGK BOSS
Рет қаралды 15 МЛН