«Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясы. 6-бөлім (Англ субтитр)

  Рет қаралды 496,080

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Күн бұрын

#Қазақстан #ҰлттықАрна #QazaqstanTV
Шұғыл ақпараттар: t.me/+epGbOLbw...
Қазақстан - qazaqstan.tv/
Facebook - / qazaqstantv
VK - qazaqst...
Twitter - / qazaqstantv
Instagram - / qazaqstantv
Telegram - t.me/+epGbOLbw...
Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз:
qazaqstan.tv/app

Пікірлер
@КеримжанАбдибай
@КеримжанАбдибай 2 жыл бұрын
Бұл туындыны өте жоғары деңгейде шығарған екен. Қазақ кино өнері дамып жатқанына риза болдым. Отбасыммен бірге кино көрмегенімізге қанша уақыт болғаны есімде жоқ, дегенмен бүгін керемет демалып қалдым, қызыма Алаш Орда туралы тың мәліметтер айттым. Дегенмен жасыма ерік бергенімді өзім де байқамай қалдым. Осындай тәрбиелік мәні зор тарихи киноларға мемлекет тарапынан қолдау қажет. Сонда ғана нағыз патриот ұрпақ өседі.
@elziratalgatovna5428
@elziratalgatovna5428 2 жыл бұрын
Ия дұрыс айтасыз. Өте керемет кино етіп шығарыпты. Менде көзіме жас алып отырып көріп шықтым. Тарихшылар мен киноға ат салысқан барша жанға мың алғыс ❤
@СакимбаеваСимаСымбат
@СакимбаеваСимаСымбат Жыл бұрын
​@@elziratalgatovna5428һ
@AizereNur-bs9ym
@AizereNur-bs9ym Жыл бұрын
Міржақыптың ролін ойнаған актерға Оскар беру керек 👍 керемет сомдаған
@ГаниНазарханов-й2и
@ГаниНазарханов-й2и Жыл бұрын
Қаны қазақ бұл фильмді, көзге жа алмай көру мүмкін емес😢
@КурманКалибек-ф2х
@КурманКалибек-ф2х Жыл бұрын
Өте жоғары деңгеиде жасалыпты өкінштсі сатқын қазақтардың бірі қалмай аты жөні аталса болар еді урпақтарының бетіне қазақ қалқы қақырып тукруге бәр жамандықты жасаған адамды қудайға ғана тапсырмай қазақ қалқыда улес қоссын
@natasharomanova2741
@natasharomanova2741 Жыл бұрын
Алаш ардақтыларын ұмытпай кино етіп шығарған азаматтарға мың алғыс айтамыз...
@АлияАбишева-у6н
@АлияАбишева-у6н Жыл бұрын
Баягыдан шыгарганда гой, мумкин басқаша болар ма еди🤔
@Дулат-ф3н
@Дулат-ф3н Жыл бұрын
​@@АлияАбишева-у6н ешқашан кеш емес, әр ісіміз өз жемісін береді немесе қасіреттін шеккізеді!!
@AdiletOmirali
@AdiletOmirali Жыл бұрын
Көзіңді аш Оян қазақ Көтер басты. Өткізбей қараңғыда бекер жасты, Жер кетті, Дін нашарлап Хал хараб боп. Қазағым енді жату жарамасты💔
@Ivan-yi3uk
@Ivan-yi3uk Жыл бұрын
Страшный перевод
@Shakirakmaral2
@Shakirakmaral2 Жыл бұрын
@@Ivan-yi3ukперевод емес ол
@qarapaiym_sozben
@qarapaiym_sozben Жыл бұрын
​@@Ivan-yi3ukздесь переводчик, весь смысл не передаёт.
@УлболсынТаубаева-ц5д
@УлболсынТаубаева-ц5д Жыл бұрын
Оиан Қазақ
@СерыкИбраимкулов
@СерыкИбраимкулов Жыл бұрын
Казактар оянындар кеш болмаи турып
@Райхан-ф5к
@Райхан-ф5к Жыл бұрын
Жандары жәннатта болғай асыл азаматтардың... елім деп, қазағым деп соққан жүректерінен айналдым. Жаратқан ием, қазағыма енді аштық пен зорлықтың азабын келтіре көрмеші... аспанымыз ашық, еліміз ауызбіршілікте болайық ағайын. Әумин
@МадинаБаймендина-х3д
@МадинаБаймендина-х3д Жыл бұрын
Міржақып Дулатұлындай ұлы тұлға 1000жылда бір келер. Қазақтың маңдайына жазған осындай ағартушының туындылары өте зор. Мағынасы биік, заңғар! Қазақтың АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ жаны жәннатта болғай. Ұрпағымыз ЕҢБЕК ЕТКЕН, ЕРЕНБЕЙ АТУ ЖАЗАСЫНА ӨМІРІН ҚЫРШЫН ҚИҒАН БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ ЕҢБЕГІН АҚТАСА, НҰР ҮСТІНЕ НҰР БОЛҒАЙ! ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙІК! ҚАЗАҚША ОЙЛАНАЙЫҚ! ҚАЗАҚША БІЛІМ АЛЫП, ҚАЗАҚША ҮЙРЕТЕЙІК! БАЛАЛАРЫМЫЗДЫ ҚАЗАҚИЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕЙІК?
@raushanberdibekova750
@raushanberdibekova750 Жыл бұрын
Керемет түсірілген! Арыстардардың әруағы қолдасын!
@Райана-т4о
@Райана-т4о Жыл бұрын
Қазақ әлі ұйқыда. Неше түрлі сайқымазақ киноларды көргенше, осындай киноны көріп есін жинасын. Оян қазақ!
@ЕрленбекЕркебұлан
@ЕрленбекЕркебұлан Жыл бұрын
Әлі 400к ға жетпеген бәрі орыстанып бара жатыр
@ШынарИбатулина
@ШынарИбатулина Жыл бұрын
Оянатын қазақ қалған жоқ бәрін сол кезде құрытқан
@БауыржанҰлыжүз
@БауыржанҰлыжүз 2 жыл бұрын
Әр қазақ көру керек осы сериалды
@Aizere-m7r
@Aizere-m7r 2 жыл бұрын
Арыстарым - ай! Көз жасым тоқтар емес...Жандары жаннатта болсын! Солардың қанымен, рухымен, жанымен келген елдігімізді сақтайықшы. Олардың еңбектерін оқып, дәріптеп, ұрпағымызға үйретейікші. Қазағымның қастерлілерін жалмаған сол уақыттың саясатын да, шабарманын да, мысқылдап күліп, қазақты бір- біріне айдап салған орыстарын да, сатқындарын да жек көрем! Жек көрем! Көріңде өкіргірлер дейін бе, не дейін! Алашымның арыстарын ардақ тұтайық! Фильм үшін мың алғыс!
@ТоктамысоваАйгерим
@ТоктамысоваАйгерим 2 жыл бұрын
Әмин , әмин әмин, қайран менің ата-бабам-ай
@Томирис-р6о
@Томирис-р6о 2 жыл бұрын
Қазақ оқыған білімділерінің көзін құртудың қатаң да, қатігез тәсілін ойлап тауып аямай қыйнаған жауыздар.Бұлардан жақсылық күтуге болмайды.
@ДарханЖақсылықов-м3у
@ДарханЖақсылықов-м3у 2 жыл бұрын
Әмин
@Nazerketalgatqyzy__
@Nazerketalgatqyzy__ Жыл бұрын
😥😥😥
@daicak
@daicak Жыл бұрын
Сол ушин казак ели оян!
@АсельСазданова
@АсельСазданова Жыл бұрын
Осы киноны дүниеге шығарғандарға МЫҢ АЛҒЫС!!!🤲🤲🤲
@aminaes7725
@aminaes7725 Жыл бұрын
Керемет! Оте жаксы шыгарылган кино, осы совет заманынан беры осы енды енды жаксы казак киносын корип отырмын , актерлар оте жаксы ойнаган, Мыржакып Дулатовтын ролин ойнаган актерге казак "Оскар" беретын едым😊
@ЕрболатНургожаев
@ЕрболатНургожаев Жыл бұрын
Ояныңдар,қазағым! Көріңдер мына керемет дүниені, қазақсымақ, еркексымақ қызтекелер! Жүректерің оянсын! Өте керемет түсірілгені сонша сол Алаштарымызбен, Міржақып атамызбен бірге жүргендей әсер алдым, рахмеееееттттт! Жүрекке жетті, көзден жас тоқтар емес... Әттең, бұл тек кино ғана болғанда ғой, өмірде емес😭😭😭, Әттең ай... Жатқан жерлеріңіз жайлы болсын, Алаш зиялылары 🤲🤲🤲
@ЛаззатАшкенова
@ЛаззатАшкенова Жыл бұрын
Керемет кино екен көз жасымды тыиа алмадым көп көп рахмет киноны жақсы түсіріп жеткізгендерге 🙏
@Қазақшатравеллинг
@Қазақшатравеллинг 2 жыл бұрын
Төгіліп тұрып жыладым, езіліп тұрып көзімнен жас төгілді. Аллаһым жаныңызды жаннаттың төрінде шалқытсыншы Міржақып ата🤲
@makebizhanov7652
@makebizhanov7652 2 жыл бұрын
меніңде
@МауяМаяков
@МауяМаяков Жыл бұрын
Мен дүйсенбіге билет алдым. Үш адам болып барамыз, балалармен
@sakenkurman7191
@sakenkurman7191 Жыл бұрын
менде
@АсемгульЖунусова-н7я
@АсемгульЖунусова-н7я Жыл бұрын
Аумин
@бравл-ф2р
@бравл-ф2р Жыл бұрын
Қаншама қорлық көрген Ата Бабаларымыз ,жатқан жерлері жәйлі болсын,топырақтары торқа болсын
@ЖангалиАкылбеков-й7я
@ЖангалиАкылбеков-й7я 2 жыл бұрын
Миржакып рольды ойнаган жигит оте керемет актер Алла колдасын ✊
@РобинГуд-ь2е
@РобинГуд-ь2е Жыл бұрын
Мірзақып атамызға мын рақымет ! Осындай адал , таза, дана, батыл, адам болды ! Бірақ оның құрбандығы босқа кеткені өкінішті , қазақ осы күнге дейін оянбады !
@МаржанКашкынбаева-ф7у
@МаржанКашкынбаева-ф7у Жыл бұрын
Режиссёрларға, актёрларға мың алғыс! Өте шебер суреттелген және керемет орындау. Мәңгі жасасын, Міржақып атамыз! Міржақыпты сомдаған актёрге алғысым шексіз. Өте шебер орындау❤❤❤❤❤
@ЖанымшаНурмагамбетова
@ЖанымшаНурмагамбетова 2 жыл бұрын
Қанша естіп,оқығанымызбен кинодан көргенде ерекше сезінеді екенсің.Халық үшін ,қазақ үшін ғұмырын арнаған Алаш зиялылары.
@Байболат-й3е
@Байболат-й3е Жыл бұрын
Бұл фильмды прокаттан тоқтатқанына қарағанда Мыржақып атамыздың ісі кәзіргі билікке де қәуіп төндіріп тұр екен!!! Оян Қазақ оян!!!
@gidhorror1492
@gidhorror1492 Жыл бұрын
Менде солай деп ойлаймын казирги биздин осылай жургенимиз Сол кисилердин Ата бабамыздын канымен келген бостандык осыны угып жатса жаксы болар еди брак алиде Ресейдин карамагынан шыга алмай жатырмыз
@Al-pa-Qas.
@Al-pa-Qas. Жыл бұрын
Прокатта болып жатқан ол басқс жаңа түсірілімі. Ал бұл теледидарда болып кеткен сериал. Теледидарда болғанды прокатта көрсетпейді. Прокатта тек жаңа туындыларды көрсетеді, сосын теледидар ютубтарға таралады.
@elmuratovadilhan6354
@elmuratovadilhan6354 Жыл бұрын
Билікке түк қатысы жоқ. Кез-келген фильм пракатта 2 апта болады. Солай тапсырыс берген режиссер. Кейін сұраған соң создырды
@daicak
@daicak Жыл бұрын
Биздин иттерде орыс жакты гои сумелектер, киноны прокаттга коигызбаитынына караганда.
@daicak
@daicak Жыл бұрын
Режисерди кудаламаса болар еди
@АктолгайАмангелди
@АктолгайАмангелди 2 жыл бұрын
Рақмет! Көз жасым тыйылар емес... Бұл сериал қазіргі қазақтың ұйықтап жатқан санасын қайта оятатын сериал❤
@qwertyqwerty8913
@qwertyqwerty8913 Жыл бұрын
Қаншама халқын тонап, шетелде өмір сүріп жатқан сатқындар осындай Міржақып сияқты батырлардың тырнағына да тұрмайды ғой, шіркін!!!😢😢😢😢
@ПпппПппп-у3и
@ПпппПппп-у3и Жыл бұрын
Қазағым жерім деп тұрмеден тұрмеге тұсіп қиналып қайтыс болғаныңды қазіргі жастар түсінбейді ау қазағым халқым деп кетткен Міржақып атам ай жатқан жеріңіз жайлы жаныз жәннатта болсын 😢😢😢😢
@ЖазираАманбаева-п6д
@ЖазираАманбаева-п6д Жыл бұрын
Сатқын сырттан келмейді. Білімсіз сүмелектер билікке келсе елін де досын да бауырын да сатады. Ия аллам! Тәуелсіздік тұғырыңды берік қылатын Міржақыптар көп болғай!!!
@Mister_Alihan
@Mister_Alihan Жыл бұрын
Әумин 🤲
@НурикСыдыков-б5б
@НурикСыдыков-б5б Жыл бұрын
Әумин
@ГУЛЬЖИЯНСМАДЬЯРОВА
@ГУЛЬЖИЯНСМАДЬЯРОВА Жыл бұрын
Әмин.
@imfair1329
@imfair1329 Жыл бұрын
Неткен зулымдык, саткындык кореалмаушылык Сол кездеде,казирде баргой,Бир биримизди аяктан шалып отырган казакпыз,елим журтым деген Азаматтарды аяктан шалып отырган заманай😮
@ГаухарСатова-ж6к
@ГаухарСатова-ж6к Жыл бұрын
Мыржаақып Дулатұлы жайлы кино түсірген адамдарға мың алғыс, керемет еңіреп отырып көрдім. Біз ешқашан ұмытпаймыз алаштықтарды😢.
@ЕламанАлтаев
@ЕламанАлтаев 2 жыл бұрын
Жаным қазағым бір болайық!!! Ауыз біршілігіміз ажырамасын!!! Аталарымыздын қанымен терінің арқасында қазақ болып отырмыз!!! Әр қазағым жалғызым!!!
@СаулеКокаева-о9ф
@СаулеКокаева-о9ф Жыл бұрын
Я қазақтар бір болайықшы біз мықты қалықпыз ғой
@НағызбекАхметов
@НағызбекАхметов Жыл бұрын
Қазақтың қазақ болғалы ең керемет туындысы осы кино деп білемін. Советке құл болмайық деп, өз басын, өз отбасын құрбан еткен азаматтарымыздың қандай екенін әлем білсін, қазақтың тарихын әлем танысын! Қазақты қазақ қудалау, бірін біру сату, орысқұлдар әлі де бар, қанымызға сіңген сұрқия қасиет екен ғой. Рахмет түсірілім тобына, бәрін тамаша көрсете білген!
@КанатРахимов-ж7ц
@КанатРахимов-ж7ц Жыл бұрын
Жана Казахстаннын Халык кабылдаган Алгашкы туындысы.Керемет Тарихи фильм. Болшакта осындай Казактын Тарихын жариялайтын фильмдер шыгалынына Кумән жок.Оян Қазақ!!!Кайта көтер Тарихыңды!
@aliyabirzhekeeva6159
@aliyabirzhekeeva6159 2 жыл бұрын
Еліміз үшін жанын құрбан еткен асыл бабаларымыздың рухы шат болсын😢. Алаш мәңгі жасасын
@ШынырСейдахметова
@ШынырСейдахметова Жыл бұрын
Қазақ жастары оянсын! Орыс тілін туған тіліндей көріп жүргендердің жүрегіне жетсін! Қорқам жастардан , біздің ел қашан енді нағыз ҚАЗАҚ ЕЛ БОЛАТЫНА . Түсінем әр ұлтымыз, бірақ сол ұлттар қазақша сөйлейтін күнге жетейік. Бізден Түрік ағайын жақсы !Рақмет осыдай туындыны түсіргендеріңізге АЛҒЫС …
@dauriyadeniz7087
@dauriyadeniz7087 Жыл бұрын
Өз тарихымызды бізге дұрыс жеткізбеді. Бұл кісілер мектеп оқулығында жоқ.Мыржақып,Алихан аталарымызды мен Түркияда түріктерден естідім. Менің ұлтымның негізгі тарихвн маған түрік бауырлар айтқан осыдан 10жыл алдын. Не деген ұыт десеңізші😢
@kenzhenurush2493
@kenzhenurush2493 Жыл бұрын
Біз Совет өкіметінің балдары болып тәрбиелендік,көп оқыдық ,бірақ еш шындықты білмей өсіппіз ,өте өкінішті😔
@robingod4231
@robingod4231 Жыл бұрын
Қазақстан тәуелсіздік ала салып жаңа Қазақстан тарихы пәні пайда болдығой, көк кітап, сол кітапта барлығы жазылған еді, қалайша білмей қала салдыңыз
@ЖанатАбуова-ю3д
@ЖанатАбуова-ю3д Жыл бұрын
Ия дурыс айтасиз 👍
@СуйнкульКубеева
@СуйнкульКубеева Жыл бұрын
БІЗДЕ ӘДЕБИЕТТЕН БЕРГЕН СӘРСЕБАЙ СЫТЫШОВ ДЕГЕН АҒАЙ БОЛҒАН СОЛ АҒАЙЫМЫЗДЫҢ АРҚАСЫНДА,БІРАЗ ТАРИХТЫҢ БҰРМАЛАҢҒАНЫН,ОСЫ КІТАПТАҒЫ ӘР ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЗ ССР ҚҰРУДА, ИТ ЖЕКЕНГЕ АИДАТЫЛҒАНЫН АТЫЛЫП,ҚАМАУДА БОЛҒАНДАРЫНАН ҚҰЛАҒДАР БОЛДЫҚ СОЛ ДУЛАТОВ БАБАМЫЗ ТУРАЛЫ АЩЫ ШЫНДЫҚТТЫ ОСЫ КИНОСЫНАН ҒАНА КӨРІП ОТЫРМЫН.БІЗДІҢ ҚАЗАҚ ӨТТЕ КЕРЕМЕТ ҰЛТ.ӘБДЕН ЖЫЛАП АЛДЫМ.ОСЫ КИНОДА АТАЛҒАН ТҰЛҒАЛАРҒА МЫҢ АЛҒЫС.ҚАЗІРДЕ бар осындай тамаша азаматтар.Барлығы түрмеде.
@aktobeaktobe2722
@aktobeaktobe2722 Жыл бұрын
Это не то что грустно,это страшно,а самое страшное что это так же продолжается,эти власти и госпада наверное никогда не закончатся,патриотов также сажают,унижают.
@БибигульКарабаева-й8у
@БибигульКарабаева-й8у Жыл бұрын
1996 ж 9 класста Алаш партиясы Әдпбиет, Тарих пәнінен өткенбіз. Өзің сабаққа ұатыспағансын не оқымағансың
@abdullaarronov9484
@abdullaarronov9484 Жыл бұрын
Біздер үшін атылып өлген екенғооо 😢 Міржақып ата кешіре гөрш біздіі
@ТалгатАсильбеков-з2м
@ТалгатАсильбеков-з2м Жыл бұрын
Рахмет бәріңе, жүрегім қан жылап тұрғаны ай, қайран Арыстарым ай. Тоқтамаңыздар, Алаштың әр көшбасшысына осындай шығармалар түсіре беріңіздер. Халықтың көзі ашылсын.
@СанатКенжеханов
@СанатКенжеханов 2 жыл бұрын
Осы Алаш өкілдерінің арқасында қазіргі Қазақстан жері әлемге келді. Жандарыңыз жәннатта болсын! Сіздерге мың тағзымның өзі де аз! Сіздерді құрмет тұтамыз! Бізге қалдырған аманаттарыңыз баға жетпес мұра! Қазақ елі жасасын, қазақ жері жасасын! Алға Қазақстан! Мен қазақ екенімді мақтан етемін!
@Buyanjagal.B
@Buyanjagal.B 2 жыл бұрын
жоқ. Біз бұрыннан бармыз. Алаш ардақтылары сол жерді талан таражға салып бөлшектеулеріне жол бермеді.
@КошербайАбдурахманов
@КошербайАбдурахманов Жыл бұрын
Ия біз қазақ текті халық алдыннан болғанбыз алаш өкілдері түбімізге бір ақ жетті Одан плдыңғы хан сұлтан төре қожалар ата бабасы осы текті һалықтың паразитіндей жасады Қарғыс атсын жерінде сүйектері шашылып ит құсқа жем болған қазақтардың Ал сендер сатқвндардың ұрпақтаоысыңдар сукплар
@psy8877
@psy8877 2 жыл бұрын
Өте жоғары деңгейде түсірілген фильм үшін, бас режиссер Мұрат Есжан мырзаға мың алғыс! Мұрат Есжан барлық репрессияға ұшыраған тұлғалар жайлы фильмдерді өзі түсірсе екен. Ахмет - ұлт ұстазы фильмі де керемет шыққан!
@КанатНигметжанов
@КанатНигметжанов 2 жыл бұрын
Алаштың асыл ерлері ай. Елім, жерім деп өмірден өткен аталарымның жаны жәннаттан болсын тілеймін. 🤲
@ЕркеАдель
@ЕркеАдель Жыл бұрын
Өте керемет туынды. Актер, режиссер, сценарист еңбектеріңе мың алғыс. Миллиондаған қазақтың батасын алып, сауап жинадыңыздар. Жүрегіміз елжіреп, осыны ұққан қазаққа ризамыз. Осындай тұындыдар одан да көп болсын. Бізге керек болмаса еліміз, тіліміз, басқа жұртқа керек емес. Өзіміз бағалап, құрметтеп, балаларымызды үйретіп, сақтап қалайық. ❤
@nurgul2303
@nurgul2303 Жыл бұрын
Ұлтымыз үшін күрескен, қасық қаны қалғанша қазақтың қамы үшін жүрген асыл аталарымыз дың, бабаларымыздың жаны жаннатта болсын.Осы киноны түсіруге атсалысқан барлық актерларға шын жүректен алғысымды білдіремін.Алла разы болсын, сіздерге.Тек биіктен көріне беріңіздер.
@nurbektoktagulov9755
@nurbektoktagulov9755 2 жыл бұрын
Аллахым Алаш азаматтарын шахид мәртебесіне көтере көр,жәннаттық қылғайсын.Артында қалған қазақ еліне хайырлы ғұмыр бере көр.Ер есімі ел есінде қалуы тиіс.Оян қазақ...
@БайбатырШыңғысбекұлы
@БайбатырШыңғысбекұлы Жыл бұрын
Әмин
@АкрапАкрап
@АкрапАкрап Жыл бұрын
Әмин
@gainialzhanova9038
@gainialzhanova9038 Жыл бұрын
Әмин !!!
@ГульсараНурмуханова-е4ь
@ГульсараНурмуханова-е4ь Жыл бұрын
Әмин!!!
@ЖасуланСагынтаев-н8г
@ЖасуланСагынтаев-н8г Жыл бұрын
Әмин
@АкеркеРайымбек-в6х
@АкеркеРайымбек-в6х Жыл бұрын
Егіліп жыладым жазықсыз кеткендеріне қазақ деп соққан жүректеріңнен айналдым Көз жасымды тоқтата алмадым😓 Аллаһым жайларын жәннәтта етсін🤲🏻
@ЗарухаДаулетбаева
@ЗарухаДаулетбаева Жыл бұрын
Қазақ киносының тарихындағы ең керемет тарихи туынды болды. Бар екен,бар екен қазақтың арыстай азаматтарын жоқтаушылар. Аллаға сансыз шүкіршілік етемін. Енді балаларымыз зерделі болсын. Білсін,танысын,ұқсын бабаларын. Қазақ елін көтерсін,қазақ жерін көгертсін. Арыстарды сомдаған актёрларға, режиссер лар мен қоюшыларға,барша қызмет еткен жандарға,қолдаушыларға алғысым шексіз. Шығармашылық табыс тілеймін. Рухы басылып,жаншылып келе жатқан елге дух бердіңіздер. Тоқтамай жұмыс жасаңыздар ❤
@toys4024
@toys4024 Жыл бұрын
😢😢😢 журегім ай Міржақып Дулатұлына үлкен алғыс айтудың өзі аз Көп рахмет Елге осыны жеткізгеніңізге😢😢😢
@КымбатНамен
@КымбатНамен Жыл бұрын
Міржақып Дулатовтай нағыз ер азаматтар көп болсын❤ Аллаһ разы болсын, жаннаттық болсын!
@АтиркульСабекова
@АтиркульСабекова Жыл бұрын
Керемет кино Жыламай көру мүмкін емес .Қазақ елі үшін жанын қиған азаматтар ..Осындай азаматтар қазір болса ғой Қазахстан көркейіп кетер еді - шіркін !
@ФаридаМельдаханов
@ФаридаМельдаханов 2 жыл бұрын
Актёрлар құрамы өте керемет, ана ашаршылықта ойнаған бала, Мыржақыптың қызын ойнаған кішкентай қыз бәрі керемет ойнаған. Өте жоғары деңгейде түсірілген...
@сантехник-т8й
@сантехник-т8й 2 жыл бұрын
Арыс, Асқар тау дай өмірінің теке өткізбей тарихтың орнынан ойып орын алған Алаш азаматарына басымды иіп тағзым етемін, қазақ халқының қамын ойлайған сол уақытағы жігітердің сұлтаны. Іштен шыққан жау жаман дегендей сол кездегі өз ұлтына сатқындық жасап жағымпаздық жасап, Қолындағы мәнсапқа масайып жүрген әлі жалғасып келеді, Өте өкінішті, қазақ өзімізді өзіміз құртып жіберуге, ауыз бірлігіміздің жоқтығы қарныңды аштырады. Аман болайық,Осы филімді түсірген ұжымға үлкен алғыс, еңбектеріңіз үлкен мінбелерден көрінсін
@АйданаКанатова-б2ф
@АйданаКанатова-б2ф Жыл бұрын
Аллам батырларымыздың дәрежелерін қияметте арттырғайсың❤
@СаулеКабдолла-б4э
@СаулеКабдолла-б4э Жыл бұрын
Ұлт қаһарманы Міржақып дұлатып қазақтың жүрегінде мәңгі жасаиды❤❤❤
@bagzhanuralbaeva3387
@bagzhanuralbaeva3387 2 жыл бұрын
Осы киноны алған , деректерді жинап халыққа айқын көрсеткен мына сіздерге Алла разы болсын. Үлкен рақмет осындай керемет, сөз бен жеткізе алмас туынды жаратқандарыңызға. Өте әсерлі, шынайы , жұмыстарыңыз дами берсін.
@АзизТурганжанов-ю1у
@АзизТурганжанов-ю1у 2 жыл бұрын
Бүкіл қазақты оятқан асыл ер азамат болған екен. Осындай дара тұлғаларымыз елінің қамын нағыз ойлаған. Миллиондаған адамның қанын төкен коммунистердің өзін шошытқан Міржақып атамыз еді. Алихан Бөкейханов, Мағжан Жумабаев, Әлімхан Ермеков, Ахмет Байтұрсынұлы батыр бабаларымыздың ұрпағын жалғастыратын тұлғалармыз. Осыған қарап ақпен қараның , сатқындық пен жаланың тарихтан бері келе жатқандығын біліп отырсақ болады. Алаштың арманы Батыстық ғылымымен Жапонның мәдениеттімен біріктіріп ұлы Қазақ Республикасын құру болған. Алла қаласа бізде нағыз Парламенттік демократиялық мемлекет орнатамыз.
@АминаНарымбаева
@АминаНарымбаева Жыл бұрын
Осындай мағынасы мол, қазақ халқының тарихын жаңғыртатын түсірілімдер жалғасын таба берсін! Бір туар аталарымыздың рухы ,мұрасы жастарымызға үлгі болсы!!!...
@rustem5016
@rustem5016 Жыл бұрын
Осы кино түсірген ағаларға рақмет,Көзге жас келді … Осындай тарихи кинолар көбірек түсіріліп,халықтың сана сезімі ояну қажет
@ХайратАйдар
@ХайратАйдар Жыл бұрын
Шіркін қазақ елі толық қазаша сөйлейтін заман болсағой. Аллам өзің сақта Қазақ елін
@runtimealmatyrta8958
@runtimealmatyrta8958 Жыл бұрын
Көзге жас келді 😔 Жатқан жерлерің жайлы болсын аталар. Қастандық жасаған барлық оңбағандар тозақта мәңгі бақи жанып өтсін.
@Fudbol1118
@Fudbol1118 Жыл бұрын
Аумин
@zarinakulbayeva2041
@zarinakulbayeva2041 Жыл бұрын
Біздің арыстардың басынан не өткізгенін көріп, жан-дүниеммен сезініп, ашынғанымнан өксіп тұрып жыладым😢 Қазақтың нағыз қайратты да қайсарлы батырлары! Сіздерге үлкен тағзым!
@zarinakulbayeva2041
@zarinakulbayeva2041 Жыл бұрын
Енді осындай барлық қазақтың көзін ашатын, басқа да қазақтың алаш зиялылары туралы фильмдер көбірек түсірілсе екен🙌🏻
@aitore_blog
@aitore_blog Жыл бұрын
Жаным қаншама аталарымыз халықты аштықтан құтқарамыз деп ату жазасына кесіліп кетіпті ғой 😭😭😭😭😭😭
@ТолкынСагимбекова-ы7т
@ТолкынСагимбекова-ы7т Жыл бұрын
Бір Алладан тілерім қазақ ұрпағына осындай дана аталарымыз санасын берсе екен деп🤲
@Saule_Aldiyarova
@Saule_Aldiyarova Жыл бұрын
Не деген сатқындық. Бұлай сатқанша өліп кеткені артық еді. Жүрегім ай, қазағым ай әлі қашанға дейін сатқындықпен күреседі екенбіз. Елін, адамдарын, жерін, тілін сатқандардың Алла жазасын берсін.
@ГулжанАтанбай-п1н
@ГулжанАтанбай-п1н 2 жыл бұрын
Қайран елім деп талай тауқымет көрген аталарым-ай жандарың жаннаттың төрінде, рухтарың шат-шадыман болсын! Телехикаяны түсіруге ат салысқан бәріңізге алғыс айтам. Алла аталарымыздан да сіздерден де разы болсын! Қазағымның жағдайы түзеліп, тұрмыс-тіршілігі жақсарсын! Болашағы жарқын болып, ұрпағымыз иманды, білімді еліне адал қызмет етсін! Әрқашан аспанымыз ашық, бейбіт, бақытты, ынтымақ-бірлігіміз асып, құт берекелі тыныш заманда мәңгі жасасын қазақ елі.
@erjan5399
@erjan5399 2 жыл бұрын
Мың алғыс білдіремін . Керемет . Қазақстан телеарнаға РАХМЕТ!!!! Міне нағыз келешек жастарға үлгі өнегесі. Отандық телеарна осындай кино түсіріп жатыр . Мың алғыс кино түсірген азаматтарға , туындыда ойнаған актерлерге , актрисаларға Молодец жарайсыздар . Алла сіздерді өнер шығынан көрсетсін қазаққа . Оян қазақ .
@АйнураУмбетова-я1и
@АйнураУмбетова-я1и 2 жыл бұрын
Қазақтың рухын көтеретін туынды. Жыламай көру мүмкін емес. Бабаларымыздың ерлігін ұмыту ол сатқындықпен тең. Осындай ерен еңбектеріңіз үшін түсірілім тобына үлкен рахмет!
@tazhe1758
@tazhe1758 2 жыл бұрын
Өте әсерлі фильм. Қаншама салауатты, көздері ашық, білімды Алаштын азаматтары өмірлерін құрбан етті, елім-жерім емін-еркін өмір сүрсін деп. Солардын құрбандары заяға кетпесе екен деймін. Орыстардан сонша зұлым көрсекте, неге әлі де олардан алыстамаймыз?! Қазақ еліне қанша қастерлік жасап, еліміздын болашағын қатерге тігті емес па. Қасжауы елімнін деп білемін оларды. Оян Қазақ. Көтер басты! Біздін болашағымыз үшін ғұмырларын құрбандық еткен Алаш ұлдарының жүрген жерлеры жәннәттін төрі болсын, топырақтары торқа болсын! Мың да бір алғыс сіздерге! 🤲
@Салават-ю8х
@Салават-ю8х Жыл бұрын
Қайран арыс аталарым ай, ұлтым Қазағым деп соққан жүректеріңнен айналайын.Жандарың жұмақта шарықтасын
@Райхан-ф5к
@Райхан-ф5к Жыл бұрын
Не деген керемет туынды!!! Жанымды тебірентіп, көзімді жасқа тұндырды... Мың тағзым асыл азаматтарға. Жандары жәннатта болсын🤲
@ГулжаухарХаназарова
@ГулжаухарХаназарова 2 жыл бұрын
Ия жыламай көрмедим, Арыстарымай, Алла разығой сиздерге, ұрпақ қамы ұшін, қайыспаған, қайраттыларым, баққұл болыңыздар, сіздермен мақтанамыз,
@Perizat-Rakhimova
@Perizat-Rakhimova 2 жыл бұрын
Ма ша Алла! Керемет, жыламай көрмеу мүмкін емес. Алла разы болсын баршаңызға!
@ЗагипаАбилова-в5я
@ЗагипаАбилова-в5я Жыл бұрын
Жұмыста отырмын . Жалғызбын .Көз жасыма ерік бердім .Тарихты біз білеміз.Аштықты да анамыздың аузынан есітіп өстік . Қазағым деп елім деп жанын пида еткен АЛАШ ұлдарына мың тағзым.Ұрпақтары осыны ұғынса екен Аштық пен тоқтықтың ,құлдық пен Егемендіктің ара жігін түсінсе екен.Фильмді қойған режиссерге алғысым шексіз.
@ПанарАбиева-т1л
@ПанарАбиева-т1л Жыл бұрын
Аталарымыздың қанымен,жанымен қорғаған қазағым ның намысын ,елін,жерін ешкімге таптатпайық,тарихты қайтадан жаздырып, жастардың көзін ашайық,қара бастың қамын ойламай,босқа кредит алып,жалған намысқа тырысып,той тойлауды қоялық,болашағымызды ойлайық,ОЯНЫҢДАР!!!!!!
@SBaltabal
@SBaltabal Жыл бұрын
Қазақ елінде осындай көзі ашық көкірегі ойау азаматтар көп болсын ❤❤
@дәстүрліәуендердомбыра
@дәстүрліәуендердомбыра 2 жыл бұрын
қайран бабамай , ел көңілінен өшпес орын алған,елі үшін қурбан болған есіл азаматтың жаны жаннатта болсын !
@gulmayrasvanova1734
@gulmayrasvanova1734 Жыл бұрын
😢Өте қыйын жылаудан тоқтай алар емеспін.Өз Қазағы үшін жанын қыйған қазақтарым ай.Жатқан жерлерің жанаттан болсын.Осындай қазақ бауырларым көп болса екен.Әсерлі кино екен😢
@shiphous4000
@shiphous4000 2 жыл бұрын
Елім деп өз жандарын берген алаш азаматтарын қайта тірілтіп бізге жеткізе білген актерларымызға алғысымыз шексіз.. Алар асулары көп, шығар шыңдары биіктен көріне берсін. Керемет, көзімізге жас келді. Мықты ...
@Гульмира-2
@Гульмира-2 Жыл бұрын
Кинотеатрға барып Оян Қазақты көрдым. Бәрін қысқартып қойған. Өкінішке орай. Оңбағандар. Ютубиа көріп жылап отырмын. Қашан бізде әділет болады. Тұк өзгермеген бізде 20-30 жылдары сияқты отырмыз. Ауызымызды ашқанға қорқамыз. Недеген Батыр болған біздің аталарымыз. Жандары жанатта болсын. 😢
@ЕрмекАязбаев-и3с
@ЕрмекАязбаев-и3с Жыл бұрын
Шириген укимет
@МикаСмагулова-г7р
@МикаСмагулова-г7р Жыл бұрын
Иә, кинотеатрда көргенімде дұрыс түсінбедім. Сериалын көріп шықтым. Кімді алдайды сонда қаншама адамдар кинотеатрға барып көрді. Ауадан ақша жасап жатыр ма сонда? Мынандай керемет туындыны қиып көрсету мүмкін емес қой. Қашан оянамыз халқым ау. Ұйқылы ояу көріп шыққандай болдық қой.Өкінішті. Осы фильмді түсірген режиссер, актерлерге басымды иемін. Батыр бабаларымыздың жандары жәннатта болсын.
@user-kb1cu7bv5e
@user-kb1cu7bv5e Жыл бұрын
Бәрін 2 сағатқа сидыра алмаған болу керек
@ТлекБерикхан
@ТлекБерикхан Жыл бұрын
Ия Ана шакалдар сиякты озимиздин армыздан шыгады Оз озимизди корлап журген халыкпыз😢😢😢
@DidarShalabaeva
@DidarShalabaeva Жыл бұрын
Мына кино өте жоғарғы деңгейде шығарылған,еріксіз көзге жас келді.Қайран қазағым-ай не көрмеген ата-бабаларымыз.Жатқан жерлерін жарық,топырақтардың торқа болсын Нағыз батыр аталарымыз,жас ұрпаққа нағыз көретін кино.Дами берсін қазағым👍👍👍💓💓💓
@guma1987
@guma1987 Жыл бұрын
Сөзім жоқ айтарға😢😢😢😢😢 Аллаһ тағалам, жандарын Жәннаттық ете көрші батыр аталарымыздың. Үлкен рахмет Батыр Аталарыма
@Таиримангазиев-й3д
@Таиримангазиев-й3д Жыл бұрын
Мощный фильм , о моем народе, выше некуда, мы пострадали за справедливость, за свою независимость, и мы благодарны должныбыть таким Батырам.
@ФаризаСейткулова
@ФаризаСейткулова Жыл бұрын
Қазақ тілінде сөйле!!!
@Таиримангазиев-й3д
@Таиримангазиев-й3д Жыл бұрын
Неучи меня умница
@Бекболат-м6й
@Бекболат-м6й Жыл бұрын
Алаштын Арыстан батырлары, рахмет сендерге, жатқан жерлерін жайлы топырақтарын торқа болсын
@НургульИсабекова-х2ц
@НургульИсабекова-х2ц Жыл бұрын
Керемет, қазақтың жігіттері қандай мықты болған, мінезді, намысшыл. Абақтыда отырғанның өзінде, өзін өзі шынықтырып, дене тәртібін айтсаңыздаршы. Керемет туынды, тарихты толық білмейміз ғой. Өте Керемет, сөз жоқ. Қазақ деп соққан жүрегіңнен айналдым❤
@СаулегулАбеуова-ю6я
@СаулегулАбеуова-ю6я Жыл бұрын
Қайранда кеткен қыршын арыстарым, аталарым ай, Аллаһ шахид ттік өлім Сіздерге нәсіп етті ғой Аллаһ ым Фирдаус жәннәтінде орын берсін, Мейірімі шексіз Аллам ұрпақтарыңызбен отбасы, жанұяларыңызбен Жәннәт бағында серуендеуді нәсіп етсін, әмин☝😭😭😭😭😭😭😭🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿♥♥♥♥♥
@МадиБашагулов-у4ь
@МадиБашагулов-у4ь Жыл бұрын
Ассалаумағалейкум Қазақ елім. Өте әсерлі түсірілген екен. Көзіме жас келді. Өзімнің Қазақ болып туылғаныма қуанып отырмын. Аталарым мықты, намысты, қайтпайтын қайсарлы мықты Азаматтар болған екен. Аллахым Аталарымның жанын жәннәттің төрінен шалқытсыншы. ҚАЗАҚ деген атқа лайық болайық, бір болайық. 🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@Жакып-ь2ы
@Жакып-ь2ы Жыл бұрын
Уа қазақ елім осы көрсетілімді бүткіл қазақ еліне көрсетуге күш жұмсайық. Кәсіпкерлер ұстаздар ғалымдар жазушылар қарапайым халық қор жинап түпкі ауылдарға дейін көрсетейік
@НурланИсказиев-ц3р
@НурланИсказиев-ц3р Жыл бұрын
Қазақ елінің рухы тірілсін Оянсын Қазақ Мәнгі елге айналсын
@aisuluamanulla9735
@aisuluamanulla9735 Жыл бұрын
Аумин 🤲🏻
@ГУЛЬЖИЯНСМАДЬЯРОВА
@ГУЛЬЖИЯНСМАДЬЯРОВА Жыл бұрын
Әмин.
@sdi2525
@sdi2525 Жыл бұрын
Мың өліп, мың тірілген қазағым-ай! "Мәңгі ел" деп бекер айтылмағанбыз, Алтын Орда мұрагерлері. ❤🇰🇿
@АйзаКарибаева
@АйзаКарибаева Жыл бұрын
Қайран қазақ халқым 😢😢😢Қазіргі кезде біз егемен елімізді неге бағаламаймыз??қаншама азап көріп, қаншама қан төгілді????
@loganrassamaha
@loganrassamaha 2 жыл бұрын
Өте ауыр сериял екен , қазақ ұлтын шын сүйетін адамдар үшін ...тамағым жұтындырмай қалды
@anaruser957
@anaruser957 Жыл бұрын
Менин де😢
@КуралайАльмаганбетова-ч8ф
@КуралайАльмаганбетова-ч8ф Жыл бұрын
Өте керемет түсірген екен!Тарих оны ешкім болмаған деп айталмайды.Билимди, интеллегент негізі мыкты кисилер екен алаштар!!! Басымды иемін аталарымызға!Осындай урпактын балаларымыз, келешек мыкты болуы керек.Билимди!!!
@sultanov9131
@sultanov9131 Жыл бұрын
Түсірген адамдарға фильмді көп рахмет! Жарайсыңдар! Алашты ешкім ұмытпасың!!!
@UlbosynZhayykova
@UlbosynZhayykova Жыл бұрын
Осы киноның жарыққа шығуы,қазақтың оянып жатқанының бегісі деп түсінемін.Алланың сүйген халқымыз .Аллам жар болсын бәріне!
@АйдосРыскельдинов
@АйдосРыскельдинов Жыл бұрын
Ия
@Ерлан-ь4й
@Ерлан-ь4й Жыл бұрын
Қаншама қорлық зорлық көрген Ата Бабаларымыздың Жәндері Жәннәтән болсын Иманы жолдас болсын Алла Тағала!!! Оз мейіріміне болесін, Ин Ша Алла!!! Әумин!
@oncloudnine6789
@oncloudnine6789 2 жыл бұрын
Қандай керемет түсірілген. Сол кездің атмосферасына толықтай еніп кеткендей болдым. Бүгінгі сүріп жатқан бейбіт өміріміз сол заманғы әрбір Алаш қайраткерінің еңбегінің жемісі деп білемін. Өмірінің соңына дейін қайран қазағым деп жанын пида етіп, осы халқының емін еркін, тоқшылықта, бейбітшілікте өмір сүрген деп, сауатты, білімді болсын деп қаншама тер төккен. Осының барлығын ұмытпайықшы, оларға мың алғыс. Өзім оқушы кезімде тарихтың осы жылдарын көп оқып, қызығушы едім. Алаш азаматтарының жасаған әрекеттерін шыңнан оқып жаттаушы едік. Қанша оқысам да, осы сериалдан өте көп зат білдім. Актерлар да өте жақсы ойнап шықты, содан ғой жүрекке жеткені. Сол кезде Алаш азаматтарының бір бірімен Кеңестік адамдарға еш білдірмей кездесіп, бәрін ақылдасып, шешімге келіп, оны іс жүзінде жүзеге асыру қаншалықты қиын болған. Неше рет ұсталып, қамауға, допросқа кетсе де дым мойымады. Ұсталса да қайтып келіп бәрін қайтадан бастап, қазақтардың жағдайын жасады. Елім жерім дейтін азаматтарымыз көп болса екен. Тым болмаса осы адамдардың жасаған еңбегі еш кетпесін
@АйнаХамитова
@АйнаХамитова 2 жыл бұрын
Қазақтар ұйықтмай расымен білім алып алға ұмытылып ақылды білімді болайықшы ерксіз жыладым білгенімізден білмегеніміз көп екен 😭😭😭😭😭
@МаржанРахымхан
@МаржанРахымхан Жыл бұрын
Керемет жеткізе білген екен... шіркін қазақ деген қандай елміз...😢 бұйыртса жастарымыз әлә-ақ Алаш аманатын алып шығады деп сенемін... жатқан жерлері жайлы болсын аталарымыздың 🤲
@Radina2403
@Radina2403 Жыл бұрын
Бұл батырлардың әйелдері де батыр ғой 😢 Нағыз Азаматтар, Нағыз Арыстар
@Combo-tb2yg
@Combo-tb2yg Жыл бұрын
Керемет көрініс, амал қанша, қаншама Қазақ батырлары елі үшін жанын құрбан етті, біз әлі ұйқыда мыз, оян Қазақ ✊
@ФархатДостеков
@ФархатДостеков Жыл бұрын
Алаш қайраткерлеріне мың тағзым! Жандарды жәннатта болсын! Елін сүйген, жерін сүйген қандай батыр, қандай асыл жандар еді.😢
@шокалатка-ш2р
@шокалатка-ш2р 2 жыл бұрын
Болмайтын Жездуханың қаралымы миллионнан асады өте өкінішті😔
@ЖанайИбраев-ц3с
@ЖанайИбраев-ц3с 2 жыл бұрын
Арзан күлкіге қарық боп жүрміз ғой😩
@loganrassamaha
@loganrassamaha 2 жыл бұрын
Өйткені сатқындар көп деген сөз, әлі жүректері жоқ, черттар ғой намысы жоқ, солардан қорқамын осы кино дағы дай сатып кетеді
@kuralai_universal
@kuralai_universal Жыл бұрын
Санасыз, сауатсыз қазақ мыңдаған... Ұят, ар, абырой, намысты айтпағанда... Дәл осы тарих башпайына да бармағандар қаншама...
@Дамир-у8ж
@Дамир-у8ж Жыл бұрын
Өте әсерлі 😢
@Толеген-е2т
@Толеген-е2т Жыл бұрын
Халык қалын ұйқыда
@БауыржанАркарбеков
@БауыржанАркарбеков 2 жыл бұрын
Алла осындай тұлғаларды қазаққа көптеп шығаруды нәсіп етсін!
@KuatbekKumarovv
@KuatbekKumarovv Жыл бұрын
Фильмді шығарған азаматтарға Алланың нұры жаусын.🎉🎉🎉
@ma.dina8277
@ma.dina8277 Жыл бұрын
Керемет 10/10
@janar.amanjolovna
@janar.amanjolovna Жыл бұрын
Жатқан жерлері жайлы болсын, Алаш азаматтарының, көзімнен жас тоқтар емес, недеген мәрттік, недеген ержүректік шіркін, міне нағыз қазақ, мен мақтанамын сіздермен😢😢 қазақ болғаныма шүкір, Жақаң сіз биік тұлғасыз
@ЖамбулСагинаев-г1э
@ЖамбулСагинаев-г1э Жыл бұрын
Қазақ болып тұғаныма Аллаға рахмет! Сенемін " Алаштың бағы жанады!
@AQNIET-cp5qt
@AQNIET-cp5qt Жыл бұрын
😭😭😭 Бір жылап алдым ғой, Міржақып атамыз қазақ елі деп нені бастан өткерген.. Эхх. Бір қынжылтатыны қазіргі қоғамда мұндай патриот, елі үшін жан пида жастардың жоқтығы..ОЯН, ҚАЗАҚ!
@ГульнарСыздыкова-е4ь
@ГульнарСыздыкова-е4ь Жыл бұрын
Дулат Агадил.Жанболат Агадил.Арон Атабек.Заманбек Нуркадилов.Алтынбек Сарсенбай.Думан Мухамедкарим.Динара Егеубаева.Серикжан Бляш.Ержан Тургынбай.Айгерим Тлеужан т.б казирги биздын Батырлар.Олар куресте
@Прогноз-м4и
@Прогноз-м4и Жыл бұрын
Кәзіргі жастар лайкқа шешінген есірткіге отырған қайран қазағым
@КулайшаБайкенова-э5о
@КулайшаБайкенова-э5о Жыл бұрын
Осындай азаматтарымыз шетте, түрмеде отыр7ан жоқ па? Алаш азаматтары патша мен советтен көрсе қорлықты,өз азаматтарымыз орысқұлдардан көріп жатыр.Өз қазағымыздан.
@АйгеримЖакупова-б5ч
@АйгеримЖакупова-б5ч Жыл бұрын
Өйткені бәрі қорқуда өмір сүріп жүр. Дулатов сияқты кісі жоқ, болмайды да...
@СулушашМахатаева
@СулушашМахатаева Жыл бұрын
Бул кисилер жогарыдагылардын жобасы гой Батыр деп айту артык ау
@АйдосМамбеталиев-т1й
@АйдосМамбеталиев-т1й Жыл бұрын
Жаныңыз жәннәттә болсын ел үшін туған арысым 😢
@АйданаТурдикулова-щ3ч
@АйданаТурдикулова-щ3ч Жыл бұрын
Ояан қазақ😢мың алғыс Міржақып Дулатов атамызға❤
«Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясы. 1-бөлім (Рус субтитр)
57:20
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 5 МЛН
«Рауза» телехикаясы 1-4 бөлімдері
2:52:03
Pet revealing p3| CHANG DORY | ometv
00:28
Chang Dory
Рет қаралды 38 МЛН
Қанды қол детектив әңгіме
5:15
Тыныш әлем
Рет қаралды 8
Информбюро 02.07.2025 ТОЛЫҚ ШЫҒАРЫЛЫМ!
26:25
Информбюро 31
Рет қаралды 51 М.
«Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясы І Барлық бөлімі
5:28:31
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 25 М.
Исходное положение (2011) Французская комедия
1:34:41
Лъжовни истории (1977)
1:02:16
Tornado USA
Рет қаралды 8 М.
«Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясы. 6-бөлім (Рус субтитр)
57:40
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 623 М.